27 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Бурақ

Пайғамбарымыз алейһиссаламның көктерге, белгісіз жерлерге көтерілген түні (миғраж түнінде) үстіне мінген және өзін Меккеден Құдысқа дейін апарған  жаннат жануары. Бурақ дүние жануарларынан емес. Ұрғашысы, еркегі жоқ. Өте жылдам жүретін жануар.

«Маған Бурақ әкелінді. Ол қашардан кіші, есектен үлкен, ұзын және ақ жануар. Аяғын көздің көре алатын жерінен асырып (жеңіл) баса алады. Оған міндім.» (Хадис шәриф – Шифа-и шәриф)


Терминге сілтеме

Бетдұға (қарғыс)

Біреуге жамандық тілеп жасалған дұға, қарғыс.

«Өздеріңе, бала-шағаларыңа бетдұға етпеңдер (қарғамаңдар). Аллаһу та’аланың тағдырына разы болыңдар. Ниғметтеріңді арттыруы үшін дұға етіңдер.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

«Әке-шешенің баласына жасаған және мазлұмның (зұлымдыққа ұшыраған адамның) залымға жасаған бетдұғалары қайтарылмайды.» (Хадис шәриф – Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажә)


Терминге сілтеме

Батин (батын)

1) Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Сезім мүшелері арқылы сезіле алмайтын, қиял күшімен қиялдай алмайтын, ақылмен түсіне алмайтын дегенді білдіреді. Құран кәрімде былай делінген: «Аллаһу та’ала Батин» (Хадид сүресі 3)

2) Көңіл (жүрек) және рух, ішкі дүние.

Бүкіл дене мүшелерді ислам дінінің әмірлерін жасаумен көркейткеннен кейін батинға (ішкі дүниеге) көңіл бұру керек. Осылайша амалды, ғибадатты ғафлеттен, Аллаһу та’аланы ұмытып жасаудан сақтау керек. (Имам Раббани)

Бұл дүниеде амал, ғибадат қажет. Бұл амалдардың батинға көп көмегі бар. Батинның дамуы захирдың (сыртқы дүниенің, дененің) исламға мойынсұнуына байланысты. Олай болса бұл дүниеде әрқашан захир де, батин да ислам дініне мұқтаж. Дененің ісі исламға мойынсұну, ал батинның (ішкі дүниенің) ісі исламға мойынсұнудың жемістерін жинау болып табылады. (Имам Раббани)


Терминге сілтеме

Балиғат

Балиғат (жыныстық тұрғыда жетілу) жасына келген адам. Жүніп болып, ғұсыл алуды бастаған, үйлене алатын жасқа келген еркек және хайз (етеккір) көре бастаған, үйленетін жасқа келген қыз. Ұлдар 12-15 жастар аралығында балиғат жасына толады. Қыздар 9-15 жастар аралығында балиғатқа толады. Ақылды және балиғат жасына толған ұлмен қыз діннің үкімдерінен (әмірімен тыйымдарынан) мүкәлләф (жауапкер) жағдайға келеді.  


Терминге сілтеме

Бәләд сүресі

Құран кәрімнің тоқсаныншы сүресі.  

Бәләд сүресі Меккеи мукаррамада түсті. Жиырма аяттан тұрады. «Қала» деген мағынаны білдіретін «Бәләд» сөзіне ант етіп басталғандықтан сүреге осы есім берілген. Мекке қаласы туралы айтылған.

"Бұл сүреде адамның жаратылуы, табиғаты, өзінің күшімен мақтануы туралы айтылуда. Аллаһу та’аланың адамдарға ихсан еткен ниғметтерімен қиыншылыққа және жоқшылыққа тап болған адамдарға көмектесудің үстемдігі туралы, саадәт әһлі (бақытқа қауышқан адамдар) мен бейбақтар жөнінде айтылуда." (Ибн Аббас, Табәри)

 

 


Терминге сілтеме

Бәлқис

Сүлейман алейһиссаламның дәуірінде Йемендегі Сәбә қаласында билік құрған Химярилер тайпасынан болған әйел сұлтан еді.  

 

"Сүлейман алейһиссалам әкесі Дауд алейһиссаламның орнына өтеді. Әуелі сұлтан, кейін пайғамбар болды. Ақса мешітінің құрылысын жеті жылда бітірді. Кейін  үкімет сарайын салды. Одан кейін Бәлқисты Палестинаға шақырды. Бәлқис келіп, кездесіп, кейін иман келтірді. Сүлейман алейһиссалам Бәлқиспен үйленді. Бәлқистың Сүлейман алейһиссаламмен хат жазысқаны және Құдысқа келгені Құран кәрімнің Нәмл сүресінде ұзақ түсіндірілген." (М. Сыддық бин Саид)


Терминге сілтеме

Бәни Адам (Адам ұлдары)

Адам баласы деген мағынаны білдіреді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Ей бәни Адам! Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Өйткені Аллаһу та’ала ысырап еткендерді жақсы көрмейді.» (Араф сүресі 31)

«(Ей бәни Адам!) Шайтанға мойынсұнбаңдар, ол сендерге ап-айқын дұшпан, деп сендерге Құран кәрімде айтпадым ба?» (Ясин сүресі 60)

«Аллаһтың құзырында бәни Адамнан артық жаратылыс жоқ.» (Хадис шәриф – Шабул Иман)

 

«Ей бәни Адам! Менің мүлкім, менің мүлкім дейсің. Сол мүліктен сенікі болғаны, жеп тауысқаның, киіп ескірткенің және Аллаһ үшін беріп, мәңгілікке жібергендерің.» (Хадис шәриф – Сахих муслим)

 


Терминге сілтеме

Бәни Хашим (Хашим ұлдары)

Сүйікті пайғамбарымыздың атасы Хашим бин Абду Мәнафтың тегінен келгендер.

«Аллаһу та’ала Исмаил (алейһиссалам) әулетінен болған Кинанә есіміндегі кісіні және оның ұрпағынан Құрайш әулетін ұнатып таңдады. Ал Құрайш әулетінен Бәни Хашимды, олардың ішінен мені ұнатып таңдады.» (Хадис шәриф – Имам Муслим)

«Ей бәни Хашим! Нәпістеріңді оттан (жаһаннамнан) сақтаңдар. Ей қызым Фатима, нәпсіңді оттан сақта. Өйткені сендерді құтқару үшін Аллаһу та’аланың сендерге қатысты қалауын алдын алатын ешбір нәрсеге ие емеспін.» (Хадис шәриф – Мишқат)

 

"Құрайш тайпасы Хашими, Әмәуи, Нәуфәл, Абдуддар, Әсәд, Тәйм, Махзум, Адий, Жумах және Сәхм деген он тармаққа бөлінген. Зәм-зәмді тарату және Қағбаны жөндеу және әшекейлеу істері бәни Хашимге берілген." (Мұхаммед Нишанжы)   


Терминге сілтеме

Бәни Исраил (Исраил ұлдары)

Яқуб алейһиссаламның он екі ұлынан тараған әулеті және немерелері. Яқуб алейһиссаламның екінші аты Исраил болғандықтан, оның ұрпақтары осы есіммен аталған. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Иса бин Мәрям да бір кездері былай деген: “Ей бәни Исраил! Мен сендерге Аллаһу та’ала тарапынан жіберілген бір пайғамбармын. Мен алдын (жіберілген) Тәураттың мақұлдаушысы және менен кейін келетін пайғамбарды да сүйіншілейтін пайғамбар ретінде келдім. Ол пайғамбардың есімі Ахмед (Мұхаммед)”». (Саф сүресі 6)

«Бәни Исраил жетпіс бір бөлікке бөлінді. Олардың жетпісі жаһаннамға түсіп, тек бір бөлігі ғана құтылды.» (Хадис шәриф – Сүнени Тирмизи, Миләл Нихал Аудармасы)

«Үмбетімнің ғалымдары бәни Исраилдің пайғамбарлары сияқты.» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

"Бәни Исраил Юсуф алейһиссаламнан кейін Мысырда көбейді. Бірақ ол жерде зұлым және қорлық көреді. Бұл жағдай Мұса алейһиссаламның келуіне дейін жалғасады. Мұса алейһиссалам оларды Мысырдан алып, Шәрийа қойнауының шығысындағы аймаққа орналастырды. Уақыт өтумен Мұса алейһиссаламның дініне мойынсұнатындар азая бастады. Хазреті Иса келгенде Мұса алейһиссаламға берілген Тәураттың үкімі жойылды. Бәни Исраил хазреті Иса алейһиссаламның дініне мойынсұнуы тиіс болды. Бірақ олар Иса алейһиссаламға иман келтірмей, Тәуратқа сенуде табандылық көрсетті. Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам келген кезде Иса алейһиссаламның дінінің үкімі жойылды. Барлығының Исламға мойынсұнуы тиіс болды. Бірақ бәни Исраил сүйікті пайғамбарымызды қызғанғандықтары үшін оның пайғамбар екендігіне және исламға иман келтірмеді." ( Исхақ Харпути, Нишанжызада, Рахметуллаһ мырза)  

 

 


Терминге сілтеме

Бәраә сүресі

Құран кәрімнің тоғызыншы сүресі. Тәубә сүресі деп те аталады. (Тәубе сүресі бөлімін қараңыз)


Терминге сілтеме

Бәрат (бәраат)

1) Ақталу, кінәдан ақталып шығу дегенді білдіреді. Бір адамның оған тағылған кінадан ұзақ екенін, яғни кінәсіз екенін немесе айтылған айыптардың шын мәнінде айып емес екендігінің анықталуы.

"Аллаһу та’ала төрт адамды айыпталудан төрт нәрсе арқылы сақтаған. Юсуф алейһиссаламды куәгер арқылы, Мұса алейһиссаламды киімін қойған тас арқылы, хазреті Мәриәмді баласын сөйлету арқылы, хазреті Айшаны Нұр сүресінің 26-аяти кәримасы арқылы сақтаған. Хазреті Айшаның бәраты (ақталуы) үшін бірнеше аяти кәрима түскен." (Мұхаммед бин Хамза)

2) Құтылу құжаты дегенді білдіреді.

"Абдуллаһ бин Омар радиаллаһу анһума  бір күні расулуллаһ саллаллаһу алейһи уә сәлләмның алдына келеді. Сүйікті пайғамбарымыз оған ілтипат көрсетіп: «Қиямет күні барлығының  бәраты(құтылғандығының құжаты) әрбір ісі есептеліп өлшенгеннен кейін беріледі. Ал Абдуллаһтың бәраты дүниеде берілген.»" (Хадис шәриф – Тәзкийа-и Әһли Бәйт)  

"Ахиретте көптеген адам есепке тартылмастан жаннатқа кіреді. Олар үшін мизан (таразы) құрылмайды. Оларға берілген парақтардың бетінде: «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ. Бұл пәленше кісінің ұлы пәленшенің жаннатқа кіруі және жаһаннамнан құтылуының бәраты (құжаты)» деп жазылады." (Имам Ғазали)

 

 


Терминге сілтеме

Бәрат Түні

Шабан айының он бесінші түні.

«Бәрат түнін үлкен ниғмет, мүмкіншілік деп біліңдер! Өйткені ол – белгілі бір түн. Шабанның он бесінші түні. Қадір түні өте қадірлі болса да қай түн екені белгісіз. Бұл түні көп ғибадат етіңдер. Әйтпесе қиямет күні өкінесіңдер!» (Хадис шәриф – Риядун-Насихин)

 

"Бәрат түнінде көп дұға ету керек. Соңғы демінде жаман болудан, имансыз өлуден Аллаһу та’алаға сиыну керек. Жаһаннам отынан құтылу бәратын (құжатын), береке, мейірімділік, кешірім және денсаулық тілеу керек." (Мұхаммед Рабхами)


Терминге сілтеме

Береке (берекет)

Мейірім, жақсылық, молшылық дегенді білдіреді.

1) Аллаһу та’аланың мол ниғмет беруі.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деді:

«Ибраһим және (інісінің ұлы) Лутты (Ирактағы Нәмрудтан) құтқарып, әлемдерге (ағаштар, тәтті жемістер, өзендер және басқа да нәрселермен немесе көптеген пайғамбарлар жіберу арқылы) берекеліктер жаудырған жерімізге (Шам аймағына) шығардық.» (Әнбиә сүресі 71)

Бір әйел сүйікті пайғамбарымызға сыйлық ретінде бал жібереді. Пайғамбарымыз балды қабылдап, бос ыдысты беріп жібереді. Әлгі әйелге ыдыстың іші балға толы болып келеді. Әйел келіп: «Йа расулаллаһ! Сыйлығымды неліктен қабылдамадыңыз?» деп сұрайды. Сүйікті пайғамбарымыз: «Сенің сыйлығыңды қабыл еттік. Сен көрген бал, Аллаһу та’аланың сенің сыйлығыңа берген берекесі» дейді. (Хадис шәриф – Мирати Каинат)

"Жылдың берекесі көктемінен белгілі болады." (Имам Раббани)  

 

2) Қайыр (жақсылық), пайда, дегенді білдіреді.

«Шайтан әрбір істеріңде сендермен бірге болады. Тіпті тамақтану кезінде де. Кімнің азығынан бір тілімі жерге түссе, оны алып, тазалап жесін. Ол тамақты шайтандарға қалдырмасын. Өйткені берекенің қай тілімде болатыны белгісіз.» (Хадис шәриф – Мүслим)  

«Саудаға қиянат араласатын болса берекесі кетеді.» (Хадис шәриф – Тәрғиб уәт-Тәрхиб)

"Адам Аллаһу та’ала әмір еткені үшін еңбек етіп, ризқын халал жолдан іздесе, ежелден белгілі болған ризқына қауышады. Бұл ризық ол үшін берекелі болады." (Садәти Әбәдийа)

"Аз мүлік берекелі болса, көп адамның рахатына, жақсы істердің жасалуына себеп болады. Берекесіз болған көп мүлік бар, иесінің дүниеде және ахиретте пәлекетіне себеп болады. Олай болса мал-мүліктің көп болуын емес, берекелі болуын қалау керек." (Имам Ғазали)

 

3) Мейірім.

"Құран кәрім оқылған үйге береке келеді. Періштелер сол жерге жиналады. Шайтандар ол жерден қашады." (Әбу Хурайра)

"Құран кәрім оқылған үйге береке жауады. Сол кезде жасалған дұғаның қабыл етілуі үміт етіледі." (Абдулхаким Аруаси)

 

 


Терминге сілтеме

Бәрр

1) Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Ихсан етуші, жақсылық етуші яғни барлық жақсылықтар өзінен болған, иман беріп, жақсы амалдарды жасауды нәсіп етуші және оларға ахиретте сауап, дүниеде денсаулық, күш-қуат, мал-мүлік, жоғары лауазым, бала-шаға және көмекшілер беруші дегенді білдіреді.

 

2) Сенімі дұрыс, амалдары, ғибадаттары жақсы, мінез-құлқы әдемі, ықыласты салих мұсылман дегенді білдіреді. Көпше түрі Әбрар.


Терминге сілтеме

Бисмилләһ

Бисмилләхиррахманиррахим деген сөз.

«Құран кәрімге құрмет Әузу (Әузубилләһи минәшшайтанир ражим)ді айтып бастаумен көрсетіледі. Құран кәрімнің кілті Бисмилләһ.» (Хадис шәриф – Тәфсири Яқуби Чархи)

«Ұстаз балаға бисмилләһ оқып, бала оны айтқанында, Аллаһу та'ала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады» (Хадис шәриф – Тәфсири Дуррул Мәнсур)

"Жаһаннамда азаптайтын он тоғыз періштеден құтылуды қалаған адам Бисмилләһ айтсын! Бисмилләһ он тоғыз әріптен тұрады." (Абдуллаһ ибн Мәсуд)

"Бисмилләһтың мағынасы: «Әрбір жаратылған затқа, оны жаратумен жақсылық еткен және жоқ болудан сақтаған Аллаһу та’аланың көмегімен істей аламын. Арифтер (әулиелер), Оны илаһ ретінде таныды. Әлемдер Оның мейірімімен ризықтанды. Күнә жасағандар Оның мейірімімен жаһаннамнан құтылды» деген мағынаны білдіреді." (Яқуб Чархи)

"Бисмилләһ сөзінің құндылығы соншалық, ауызды тазалайды, көңілден қайғы-қасіретті, қиыншылықты кетіреді." (Абдулқадир Гейлани)

"Дәрет алуды, жеп-ішуді және әр мүбәрәк істі бастар кезде Бисмилләһ айту, сүйікті пайғамбарымыздың әдеттерінен және сүннет болып табылады." (Ибн Абидин)

 

 


Терминге сілтеме

Бәтул

Сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрәк қызы хазреті Фатиманың лақаб аты.

 

"Ілім үйренуде және ижтиһад етуде хазреті Айша, ал зүһд (дүниеге мән бермеу), дүниелікке байланбау және ұзақ тұруда хазреті Фатима алда еді. Сол себепті хазреті Фатимаға Бәтул делінген." (Абдулқадир Гейлани)


Терминге сілтеме

Бәйти Мамур

Періштелердің қыбласы, көктерде періштелердің тұрақты тауаф ететін жері, мақамы.

            «Бәйтул мамурда әр күні жетпіс мың періште намаз оқиды. Бір рет намаз оқыған періштеге екінші рет кезек келмейді. Періштелердің ұлыларынан болған Кәрубиан періштелері күні-түні еш шаршамай, жалықпай тәсбиһ айтады.» (Хадис шәриф – Ибн Мунзир)

            "Бәйти мамур үшінші, алтыншы немесе жетінші аспанда. Оның аспандағы қадірі Қағбаи Муаззаманың жер жүзіндегі қадірі сияқты." (Салеби)

 

            "Бәйти Мамур Бәйти Харамның (Қағбаның) үстіңгі жағына тура келеді. Жерге түсетін болса оның үстіне түседі. Ол жерді күнде алдын еш көрмеген жетпіс мың періште зиярат етеді." (Әзрақи)


Терминге сілтеме

Бәйтуллаһ

1) Қасиетті Меккеде Мәсжиди Харамның ортасындағы қасиетті ғимарат. Қағбаи муаззама – мұсылмандардың қыбласы болып табылады. Мәртебесін, үстемдігін білдіру үшін бәйтуллаһ делінген.

Риуаят бойынша Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламға былай деген:

«Ей Адам! Деніңнің сауында бәйтуллаһты (қағбаны) жөнде. Сенен кейін келетін пайғамбарлар және үмбеттер де жөндейді. Ең соңғы пайғамбарға дейін бұл осылай жалғасады.» (Әзрақи)

2) Мешіт

Бәйтуллаһ болып есептелетін мешіттерде ғибадат етпей, дүниелік

 

"сөздермен шұғылдану тахримән мәкрух. Яғни харамға жақын күнә. Өрт отынды жағып бітіргеніндей, мешітте дүниелік нәрселер жайлы сөйлесу де адамның сауабын кетіреді."(Тахтауи)


Терминге сілтеме

Бабилік:

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Иранда Әл-Баб Әли Мұхаммед есімді бір парсы тарапынан шығарылған бұзық жол. Өзінің мәһди екенін жариялап, күтілген имамға ашылған бір баб (есік) екенін айтқан Әли Мұхаммедке әл-Баб, ал оның шығарған бұзық жолына Бабилік делінді. Кейінірек Бәхаилік деген атпен жалғасты.(Бәхаилік бөлімін қараңыз)


Терминге сілтеме

Баис (Әл-Баис)

Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен). Өлгеннен кейін қабірлерінде шіріген және шашылып кеткен сүйектерді тірілтіп, махшарға (арасат алаңына) жіберуші, деген мағынаны білдіреді.

"Кімде кім ұйықтаудан алдын қолын көкірегіне қойып, жүз рет "әл-Баису" есім шәрифін айтса, Аллаһу та’ала оның көңілін нұрландырады, ілім және хикметпен толтырады." (Юсуф Набхани)


Терминге сілтеме