11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Бақи (Әл-Бақи)

Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен). Тұрақты, мәңгі, шексіз, бар болуының соңы болмаған, мәңгілік бар болушы дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «(Тек) ұлылық және икрам иесі болған Раббың ғана Бақи (мәңгілік) (Рахман сүресі 27)

"Аллаһу та’ала қадим (бар болуының бастауы жоқ, мәңгі бар), әзәли (шексіз ежелден бар). Бар болуынан алдын жоқтық бола алмайды. Қадим және әзәли болған, бастауы болмаған, бақи және мәңгілік болады. Хадис және махлұқ болған (кейіннен жаратылған) нәрсе, фәни (жоқ болады) және мууаққат (уақытша) болады." (Имам Раббани)

"Әл-Бақи есім шәрифін мың рет айтқан адам зиян және қайғыдан сақталған болады." (Юсуф Набхани)

Терминге сілтеме


Бари (Әл-Бари)

Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Жаратқан, жоқтан бар еткен. Жаратқандарын әртүрлі күйде және ерекшеліктерімен бір-бірінен айырған дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Аллаһу та’ла Бари.» (Хашр сүресі 24)

"Жеті күн қатарынан жүз рет әл-Бари есім шәрифін айтқан адам бәлелерден аман болады." (Юсуф Набхани)

Терминге сілтеме


Басар

Құралсыз және ешқандай шартсыз, жасырын және ашық болған барлық нәрсені көруші деген мағынаны білдіретін Аллаһу та’аланың субути сипаттарының бірі.

"Аллаһу та’аланың басар сипаты әзәли (бастауы жоқ, шексіз бұрыннан бар) және мәңгілік (соңы жоқ, шексіз, мәңгілік) болып табылады. Затыменен қадим (мәңгілік). Оның Басар сипаты көзге, кез келген бір құрал-жабдыққа және ортаның жарық болуына не нұрға байланысты емес. Қараңғы түнде қара құмырсқаның қара тастың үстінде жүргенін көреді." (Имам Биргиуи)

Терминге сілтеме


Басир (Әл-Басир)

Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасынан (әдемі есімдерінен). Жасырын және ашық болған барлық нәрсені толық көруші, дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Күмәнсіз Ол сәми (әр нәрсені ақысымен естуші) Басир.» (Исра сүресі 1)

"Кімде кім жұма намазынан кейін жүз рет әл-Басир есім шәрифін айтса, Аллаһу та’ала оның көңіл көзін ашады." (Юсуф Набхани)

Терминге сілтеме


Бәйтулмал

Ислам мемлекетінің қазынасы, қаражат қоры (бюджет).

"Бәйтулмал, мемлекет табысын қорғайды, қажетті жерлерге жұмсайды, мемлекеттің табыстары мен шығындарының арасындағы тепе-теңдікті  қамтамасыз етеді және бюджеттің бүкіл міндеттерін атқарады." (Исмаил Наблуси)

"Бәйтулмалдың табыстары төрт жолдан келетін: 1) Зекет мүлігі. 2) Ғаниметтің (соғыс олжасының), өндірілетін табиғи қазыналармен (қазба) байлықтың бестен бірі. 3) Ғайри мүслим (мұсылман еместер)ден хараж және жизйа салығы ретінде алынған мүліктер. 4) Мұрагері жоқ байлардың тастап кеткен мүліктері және тауып алынан иесі жоқ мүліктер." (Имам Сәрахси)  

"Бәйтулмалдан бөлектеушілік етілмей бүкіл кедейлер, зекет қорының өкілдері, ғалымдар, оқытушылар, уағызшылар, дін сабақтарын үйренетін шәкірттер, сәйидтер мен шәрифтер яғни сүйікті пайғамбарымыздың тегінен келгендер және әскерлердің барлығы ақыларын (үлестерін) алатын." (Абдулғани Наблуси)  

"Имам Әбу Юсуф бір сұраққа білмеймін деп жауап берген кезде, бір кісі :«Әрі бәйтулмалдан айлық аласыз, әрі сұрақтарға жауап бере алмайсыз.» деп айтады. Сол кезде Имам Әбу Юсуф: «Бәйтулмалдан білетіндерім үшін ақы аламын. Білмейтіндерім үшін де алғанымда бұған бәйтулмалдағы мүліктер жетпес еді.»" (Ташкөпрузада, Ибн Хажәр)

Терминге сілтеме


Басит (Әл-Басит)

Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасынан (әдемі есімдерінен). Құлдарынан кейбіріне ризықты аз беріп, кейбіріне көп беруші. Кейбірінің рухын алушы, кейбіріне ұзақ өмір беруші, кейбірінің көңілін қарайтып, жақсылықтарға ынтықсыз, ал кейбірінің көңілін кең қылып жақсылықтарға ықыласты етуші, деген мағыналарды білдіреді.

"Кімде кім қолдарын жайып, әл-Басит есім шәрифін айтса, тұрмысы кеңейеді. Мол ризыққа қауышады." (Юсуф Набхани)

Терминге сілтеме


Батинийа

Мәжусиліктегі (отқа табынушылық) және әртүрлі діндердегі сенімдерді ислам дінінен етіп көрсетуге тырысатын Ирандық Мәймун бин Дәйсан әл-Кәддах тарапынан құрылған адасқан жол. Батинийа ағымындағылар «Құран кәрімнің (заһири) сыртқы ашық және түсінікті мағынасы болғанындай, жасырын ішкі (батыни) мағынасы да бар. Батини мағынасы маңызды. Заһири сыртқы мағынасы маңызды емес.» деп айтады.

"Бұл ағым Сәбийә, Хуррамийә, Мухаммира, Талимийә, Қарамита, Бабәкийә, Хашхашийә, Исмаилийә деген есімдермен де аталады." (Шәһристани, Әбу Зуһра)

"Батинийә ағымындағылар, Құран кәрімнің заһир (сыртқы ашық) мағынасын тастап, өздері батин (жасырын, ішкі) деп атайтын ойдан шығарған нәрселеріне сенді. Алайда пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм заһир (ашық) мағынасын білдірді. Ашық мағынасын тастап, жасырын  мағынадағы аяттардан мағына шығару күпір болады." (Шәһристани)

"Құран кәрімнің аяттарына сөздердің ашық, түсінікті мағыналары беріледі. Бұл мағыналарды ауыстырып, батинилерге мойынсұнғандар кәпір болады." (Имам Биргиуи, Нәсәфи)

Терминге сілтеме


Бәйинә сүресі

Құран кәрімнің тоқсан сегізінші сүресі.

"Бәйинә сүресі Мәдина мунаууарада түскен. Сегіз аяттан тұрады. Бірінші аяти кәримада ашық дәлел деген мағынадағы әл-Бәйина сөзі, сүреге есім ретінде берілген. Айтылған бәйинә сүйікті пайғамбарымыз болып табылады. Сүреде сенбегендердің иман келтіруі үшін қалаған ең айқын дәлел болған сүйікті пайғамбарымызды көрсе де сенбегендігі білдірілген." (Сәнәуллаһ Дәхләуи, Уаизи кәшифи)

Бәйинә сүресінде былай делінген: «Күмәнсіз, иман келтіріп, салих (жақсы) амалдар істегендер, жаратылғандардың ең қайырлысы. Олардың сыйлықтары, Раббыларының құзырында (ағаштардың астынан) өзендер ағатын Адн жаннаты болады. Ол жерде мәңгі қалады. Аллаһу та’ала олардан разы, олар да Аллаһтан разы болған.» (7, 8-ші аяттар)

«Кімде кім “Ләм йәкунилләзинә Кәфәру” деп басталатын Бәйинә сүресін оқыса, қиямет күні қайырдың (жақсылықтың) бұлағымен бірге болады.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил уә Әсрәрут-Тәуил)

Терминге сілтеме


Бидғат

Кейіннен шығарылған, кейіннен пайда болған нәрсе, (жаңалық) алғаш рет ұқсассыз нәрсе шығару дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздың және төрт халифасының дәуірінде жоқ болып, дінде кейіннен пайда болған, кейіннен енгізілген, ойдан шығарылған сөздер, жазулар, амалдар, істер және реформалар.

«Дінде жаңадан пайда болған нәрселерден ұзақ тұрыңдар. Өйткені бұл жаңа нәрселердің барлығы бидғат болып табылады. Бидғаттардың барлығы адасушылық және жолдан шығушылық.» (Хадис шәриф – Әбу Дауд)

«Бір халық дінінде бір бидғат жасаса, Аллаһу та’ала соған ұқсаған бір сүннетті жояды. Қияметке дейін қайта келтірмейді.» (Хадис шәриф – Дарими)

"Сүннетке апаратын жол – бидғаттан қашу, асхаби кирамның ижмасына (ауыз бірлігіне) мойынсұну, бұзылған ағымдағы адамдардан алыстау, Аллаһтың көрсеткен жолында жүрген адамды тану және жазған кітаптарын оқу." (Әбу Әли Хасан Журжани)

"Өзгерте алмайтын бір бидғатты көргенше, мешітте сөндіре алмайтын отты көруді қалаймын." (Әбу Идрис Хаулани)

"Бидғатты тәрк ету, сүннетті орындаудан жақсы. Бидғаттың кең тараған, сүннеттің тәрк етілген бұл қараңғы дәуірде, ілім үйрену, үйрету және жаю ең маңызды іс. Расулуллаһтың сүннетін жандандыру,  мақсаттардың ең ұлысы. Бұл дүние амал, іс, ғибадат ететін жер." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Байрам (Айт-мейрам)

1) Ислам дінінің білдірген және мұсылмандардың қуанатын Ораза (фитр) және Құрбан айт мейрамдары.

"Сүйікті пайғамбарымыз мәдиналықтардың жаһилият (надандық) дәуірінен қалған мейрамдарды тойлағанын көргенінде: «Аллаһу та’ала сендерге олардан да қайырлы екі мейрам (Рамазан және Құрбан айттарын) ихсан етті» деп, қуанышпен шаттық күндерін көрсетті." (Хадис шәриф – Әбу Дауд)

"Мейірімділік есігі төрт түнде ашылады. Сол түндерде жасалған дұға және тәубе қайтарылмайды. Фитр (Рамазан), Құрбан айттарының алғашқы түндері, Шабан айының он бесінші (Бәрат) түні және Арапа түні." (Хадис шәриф – Әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб)  

"Араб айларынан Шәууәл айының бірінші күні Рамазан (Фитр) айты, Зулхижжа айының оныншы күні Құрбан айты болып табылады. Рамазан айты үш күн, ал Құрбан айты төрт күн жалғасады. Бұл күндерде күнәлар кешірілетіндіктен және мұсылмандардың көңілді, қуанышты күндері қайта келгенгендіктен “Ийд” (айт) яғни мейрам делінді."(Сәйид Абдулхаким бин Мұстафа)

2) Жұма күні

«Күндердің ең құндысы жұма күні. Жұма күнінің құны, айт күндерінен және ашура күнінен де артық. Жұма күні дүниеде және жаннатта мүминдердің мейрамы. (Хадис шәриф – Рийадун-Насихин)  

3) "Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан сақтанып, күнә жасамай, харам тағам жемей өткізілген күндер. Хазреті Әли бір топ адамның қуанып, шаттанып жатқанын көріп, себебін сұрағанда олар: «Бүгін мейрам ғой» дейді. Сонда хазреті Әли: «Күнә жасамай өткізген әр күніміз де біздің мейрамымыз болып саналады» деді." (Имам Ғаззали)

4) "Мұсылман рухын тапсырар кезде рахмет періштелері мен жәннат хурилерін көрген кездегі қуанышымен жан берген уақыты."

Терминге сілтеме


Бидғат әһлі (бидғатшы, әһли бидғат)

Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм және асхаби кирамның жолынан (әһли сүннет сенімінен) айрылған, адасқан жолдағы адамдар. Сенімде (иманда) және амалда (ғибадатта) дінде жоқ жаңалықтарды шығарған адамдар, дінде реформашылар.

«Аллаһу та’ала бидғат әһлінің (бидғатшының) оразасын, қажылығын, умрасын, жиһадын, әділетін қабыл етпейді.» (Хадис шәриф – Ибн Мажә)

«Бидғатшылар бидғатынан бас тартпайынша Аллаһу та’ала тәубелерін қабыл етпейді.» (Хадис шәриф – Табарани)

"Бидғат әһлімен (бидғатшылармен) бірге болмаңдар. Өйткені олар көңілді ауру қылады." (Хасан Басри)

"Бөтен әйелмен, бидғатшымен және фасықпен бірге болудан сақтаныңдар." (Әбул Хусейн Нури)

"Бидғатшылармен бірге отырмаңдар, олармен сөйлеспеңдер. Өйткені сендерді адасушылыққа (қате жолға) түсіруі мүмкін." (Абдуллаһ бин Зәйд)

Терминге сілтеме


Бәдәуи:

Далада, шөлде және алқаптарда көшпелі өмір сүретін адамдар.

Мәдина қаласының айналасындағы Мүзәйна, Жухәйна, Әсләм, Әшжа тайпалары бәдәуи еді. Сүйікті пайғамбарымыз Худайбийә келісімі жасалған жылы умра үшін Меккеге баруға шешім қабылдаған кезде, Құрайштың шабуыл жасау ықтималына қарсы сол тайпалардың да келісімге бірге баруын қалайды. Бірақ бәдәуилер қорққандарынан бұл  құрметті шақыруға келмей кешірім сұрайды. Сол себепті Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «(Әлі жүректеріне иман орналаспаған Құрайш мүшриктерінен қорқып) артта қалған кейбір бәдәуилер саған: «Мал-мүлкіміз және отбасымыз бізге (сенімен баруға) бөгет болды. Сол себепті Аллаһу та’аладан біз үшін кешірім сұра» дейді. Олар көңілдерінде (жүректерінде) жоқ нәрсені тілдерімен айтады. (Әйтпесе сенің олар үшін истиғфар етуіңе немесе етпеуіңе алаңдамайды, мән бермейді.)» (Фәтиһ сүресі 11) (Сәнауллаһ Дәхләуи, Табәри)

Терминге сілтеме


Бидғат ағымы

Сүйікті пайғамбарымыздың және асхаби кирамның жолынан айрылғандар. Хадис шәрифте жаһаннамға түсетіндері білдірілген жетпіс екі ағымның бірі.

Терминге сілтеме


Бәдәуийә

Әулиенің ұлыларынан болған Сәйид Ахмед Бәдәуи хазреттерінің тасаууфтағы жолы.

"Бәдәуийә жолының ұлысы Сәйид Ахмед Бәдауи (рахметуллаһи алейһ) шәкірттеріне былай деген: «Аллаһу та’аланың құлдарынан біріне бір қиыншылық келген кезде ешқашан қуанбаңдар. Ғайбат етпеңдер. Адамдардың арасында сөз тасымаңдар. Сендерге азап берген және зұлым еткендерді кешіріңдер. Жамандық жасаған адамға жақсылықпен жауап беріңдер." (Абдулуаххаб Шарани)

Терминге сілтеме


Бәди (Әл-Бәди)

Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен).  Ұқсасы болмаған, көрінбеген, естілмеген, белгісіз нәрселерді жоқтан бар еткен, жаратқан дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«(Аллаһ) аспанның және жердің Бәдиі. Ол бір нәрсенің болуын қаласа, оған «Бол!» дейді, ол да болады.» (Бақара сүресі 117)

"Әл-Бәди есім шәрифін жетпіс мың рет айтқан адам, өзіне келетін апаттан құтылады." (Юсуф Набхани)

Терминге сілтеме


Бәдір соғысы

Сүйікті пайғамбарымыздың Меккелік мүшриктерге қарсы жасаған алғашқы соғысы. Бұл соғыста мұсылмандар үш жүз он үш, ал мүшриктер мың адам еді.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген:

«Бәдір соғысында дұшпаннан аз және әлсіз болған кезде Аллаһу та’ала сендерге көмектесті және нақты жеңіс берді. Аллаһтан қорқыңдар, шүкір еткен боласыңдар.» (Али Имран сүресі 123)

"Бәдір соғысында асхаби кирам қиын жағдайда тұрғанда сүйікті пайғамбарымыз: «Йа Раббым! Маған уәде еткен көмегіңді бер!» деп дұға еткен кезде, Әнфал сүресінің 9-аяти кәримасы түсіп, періштелердің мұсылмандарға көмек үшін жіберілгені былай білдірілді: «Сол кезде Раббыларыңнан көмек және жеңіс сұраған едіңдер, Ол сендерге: «Шынымен Мен сендерге қатарынан мың періштемен көмектесемін» деп дұғаларыңды қабыл еткен еді.»" (Ибн Аббас, Табәри, Қуртуби)

«Жәбрейіл алейһиссалам маған келіп: «Бәдір соғысына қатысқандарды қалай қадірлейсіз?» деп сұрады. Мен: «Олар үмбетімнің ең қайырлылары(үстемдері)» дедім. Жәбрейіл алейһиссалам: «Соғысқа қатысқан періштелер де біздің жанымызда дәл сол сияқты, періштелердің ең қайырлысы» деді.» (Хадис шәриф – Бұхари)

"Бәдір соғысында әр біріміз бір мүшриктің басына қылышымызды сермеген кезде, әлі қылыш басына жетпей тұрып-ақ кәпірдің басы денесінен үзіліп жерге түсіп жатқанын көрдік." (Сәһл радиаллаһу анһ)

Терминге сілтеме


Бидғат хасәнә

Расулуллаһтың және төрт халифасының дәуірінде болмай, дінде кейіннен пайда болған және бір сүннеттің ұмытылуына себеп болмаған мұнара, медресе, мектеп салу, ислами және пайдалы кітаптар жазу сияқты жақсы нәрселер.

Терминге сілтеме


Бәхаилік

Сырттай мұсылман болып көрініп исламды іштен құлатуға тырысқан Әл-Баб Әли Мұхаммед есіміндегі бір парсының шәкірті Бәхауллаһтың құрған бұзық жолы.

"Бәхаилердің айтуы бойынша намаз Хайфа қаласына қарап тұрып Аллаһты ойлау екен. Намаз – жеке адамға тән болып, дұғадан тұрады. Ораза 2- наурыз бен 21- наурыз аралығында он тоғыз күн тұтылады. 21-Наурыз күні ораза айты болып, Бәхаи жылының алғашқы күні. Қажылықтары, Әл-Баб Әли Мұхаммедтің Шираздағы үйін немесе Бәхауллаһтың Бағдадтағы үйін барып көру болып табылады. Он тоғыз санын киелі деп санайтын Бәхаилерді жалпылық әділет үйі деп атайтын, жоғары мәжілістеріне таңдалған он тоғыз кісі басқарады. Әр бір Бәхаи жылдық табысының бесте бірін бұл делегацияға беруге мәжбүр етіледі." (Мұхаммед Әбу Зухра)

Терминге сілтеме


Бидғатшы

Әһли бидғат (бидғатшы, адасқан жолдағы адам)

Бидғатшылардың ең жаманы, расулуллаһтың сахабаларын жаман көретіндер және оларға дұшпандық ететіндер. Бидғатшыға құрмет көрсету, исламның құлауына көмектесумен тең және амалдардың сауабын жояды.

"Расулуллаһ алейһиссалам бидғатшы үшін: «Аллаһу та’аланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағнеті болсын» деген. Әһли бидғатпен достасудың зияны, кәпірлермен достасудың зиянынан да көп. Әһли бидғатты  жаман көріп, одан теріс айналған адамның көңілін Аллаһу та’ала қауіпсіздік және сеніммен толтырады." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Бәқа

1) Аллаһу та’аланың сипаттарынан. Аллаһу та’аланың бар болуының шексіз болуы, ешқашан жоқ болмауы.

2) Бәқа-биллаһ.  "Фәна және Бәқа жайлы алғаш рет айтқан кісі Әбу Саид Харраз." (Молла Жами)

Терминге сілтеме