16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Бидғат сәйиә

Расулуллаһтың және сахабаларының дәуірінде болмай, дінде кейіннен шыққан және бір сүннеттің ұмытылуына себеп болған бұзық сенім және ғибадат ретінде жасалған істер.

Терминге сілтеме


Бақара сүресі

Құран кәрімнің екінші және ең ұзын сүресі.

"Бақара сүресі Мәдина қаласында түскен. Екі жүз сексен алты аяти кәримадан тұрады. Бұл сүреде Аллаһу та’аланың бар екендігі, құдіреті, ұлылығы, пайғамбарларға мойынсұну керектігі көрсетілген бақара (сиыр) сою оқиғасы баяндалғандықтан бұл сүреге "Бақара" есімі берілген. Бақара сөзі сүренің алпыс жеті, алпыс сегіз, алпыс тоғыз және жетпіс бірінші аяти кәрималарында өткен. Сүре сондай-ақ мыңдаған мәселелерді, ақиқаттарды қамтиды." (Мұхаммед бин Хамза және Хусейн Уаизи Кашифи, Ибн Аббас)

            Бақара сүресінде былай делінген: «Құлымызға жіберген Құран кәрімнен күмәндансаңдар, сендер де соған ұқсас бір сүре айтыңдар! Бұны жасай алу үшін сенген адамдарыңнан көмек сұрасаңдар да бұған ұқсас бір сүре айта алмайсыңдар.» (23-ші аят)

            "Бақара сүресі оқылған үйден шайтан қашады." (Хадис шәриф – Тирмизи)

Терминге сілтеме


Билләһи

«Аллаһу та’алаға ант етемін» деген мағынадағы ант ету сөздерінің бірі.  

Терминге сілтеме


Буддизм

"Үндістанда  біздің дәуірімізге дейін алтыншы ғасырда өмір сүрген «Будда» есімді кісінің құрған бұзық сенімі. Қиыр Шығыста кең тараған. Бұл сенімде болғандарға «Буддист» деніледі. Қазіргі таңда Үндістанда кең тараған Брахма және Будда діндерінде, сол жердегі бұрыңғы пайғамбарлардың кітаптарынан, сөздерінен алынған құнды мәліметтердің бар екендігі анықталды. Ал Брахманизм және Буддизм діні, христиан діні сияқты бұрыңғы пайғамбарлардың (алейһимуссалам) білдірген дұрыс діндердің бұзылған, өзгертілген жағдайға енген түрі. "(Мазхари Жани Жанан)

"Жаһаннамның бесінші қабаты болған Хутамәда, отқа, өгізге табынатындар, буддисттер, брахмандар жанады." (Сәнауллаһ Дәһләуи)

"Буддизм дінінде Будда, тәңірдің орнына қойылған. Негізінде Будда өзінің адам екенін айтқан, өзін илаһ деп танытпаған. Оның өлімінен кейін шәкірттері оны тәңірге айналдырған. Соның атына ғибадатханалар салып, оған табынған." (Баршаға қажетті иман)

Терминге сілтеме


Бекташи жолы

Әулиенің ұлыларынан Хажи Бекташ Уәли хазреттерінің тасаууфтағы жолы.

"Бекташи жолы Хажи Бекташ Уәли, Лұқман Хорасани, Қожа Ахмет Ясауи, Юсуф Хамадани және Әбу Әли Фармади, Әбул Хасан Харқани арқылы Баязид Бистамиге, одан Әбу Бәкір Сыддық хазреттеріне жетеді. Бекташилер сүйікті пайғамбарымызды және әһли бәйтін өте қатты жақсы көретін және бір-бірін бауыр деп білетін еді." (А. Рыфқи)

            "Мұсылмандарды алдау үшін өздеріне осындай қадірлі ат қойып алған өтірікшілерден бірі өздерін «Бекташи тариқаты» деп атайтын хуруфилер болып табылады. Шынайы Бекташилік бірнеше ғасырдан кейін толығымен хуруфилердің қолына өтіп бұзылған." (Токатлы Исхақ)

Терминге сілтеме


Болис шұнқыры

Өзін ұнататындардың, тәкаппарлардың, жаһаннамдағы қатты азапқа ұшырайтын жері.

«Қиямет күні, дүниеде тәкаппар болғандар құмырсқа сияқты төмен (қор) және бейшара болып қабірлерінен шығарылады. Құмырсқадай, бірақ адам кейпінде болады. Барлығы бұларды төмен (қор) көреді. Ондайлар жаһаннамның ең терең және азабы ең ауыр болған Болис шұқырына тасталады. От ішінде жоғалып кетеді. Су сұрағанда бұларға жаһаннамдағылардың іріңдері беріледі.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Терминге сілтеме


Бәле

Аллаһу та’аланың адамдарды сынау үшін берген материалдық және рухани қиыншылық, қайғы-қасірет, апат.

«Құлымды бір бәлемен сынаған кезімде сабыр етіп, (көңіл сұрап) келген адамдарға мені шағымданбаса, оған денесіндегі етінен жақсы ет, қанынан жақсы қан беремін. Жазылған кезде күнәсіз болып тұрады. Оны өлтірсем рахметіме, яғни жаннатыма кіреді.» (Хадис Құдси – Мууатта)

«Күмәнды алтындарды отпен тексеретіні сияқты, Аллаһу та’ала адамдарды дертпен, бәлелермен сынаққа алады. Кейбіреулер бәле отынан таза болып шығады. Кейбіреулері болса бұзық болып шығады.» (Хадис шәриф – Кимйаи Садәт)  

«Мүминнің басына дерт, бәле, қайғы, қасірет сияқты қиыншылықтардың бірі келетін болса, Аллаһу та’ала бұны күнәларына кәффарат етеді.» (Хадис шәриф – Мүслим)

"Пайғамбарлар (алейһимуссалам) әрқашан дерт, қиыншылық ішінде өмір сүрді. Тіпті «Бәлелер, қиыншылықтар ең көп пайғамбарларға, кейін әулиелерге, кейін соларға ұқсағандарға келеді» деп айтты." (Ахмед Фаруқи)

"Дерт, бәле келген кезде Аллаһу та’алаға сиыну керек, денсаулық беруі үшін, бәледен құтқаруы үшін дұға ету керек, жалыну керек. Аллаһу та’ала дұға еткендерді, денсаулық, амандық сұрағандарды жақсы көреді." (Ахмед Фаруқи)

"Сендерден біріңе дерт пен бәле келсе, Юнус пайғамбардың дұғасын оқысын. Аллаһу та’ала оны міндетті түрде құтқарады. Дұға мынадай: «Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин.»" (Сәнәуллаһ Дәхлауи)

"Кімде-кім бәлеге және қиыншылыққа тап болса: «Лә хаулә уәлә қууатә иллә биллаһил-алийилазыйм» десін." (Жафар Садық)

Терминге сілтеме


Брахман діні (Брахманизм)

Үндістанда біздің дәуірімізден біршама ғасыр алдын пайда болған Аллаһу та’аланың бар екеніне сенгеніндей, басқа тәңірлерді (илаһтарды) да қабыл ететін және бүкіл пайғамбарларды мойындамайтын, бұзық жол және сенім.

"Қазір Үндістанда кеңінен тараған Брахма және Будда діндерінде алдын келген пайғамбарлардың кітаптарынан, сөздерінен алынған құнды мәліметтердің бар екендігі анықталды. Брахманизм және буддизм діндері, христиан діні сияқты бұрыңғы пайғамбарлардың (алейһимуссәләм) білдірген дұрыс діндерінің бұзылған, өзгертілген жағдайға енген түрі." (Мазхари Жани Жанан)

"Брахманизмде тәнасуһ (реинкарнация) яғни адам өлгеннен кейін рухтың қайтадан басқа бір түрде дүниеге келетініне сенеді. Үндістандағы Ганж өзенін қасиетті деп санайды.Сол себепті сол өзеннің суын ішеді және өлілерін сол өзенге тастайды. Брахманизм дініндегілердің бір бөлігі отқа, бір бөлігі сиырға және бір бөлігі крокодилға табынады." (Баршаға қажетті иман)

Терминге сілтеме


Буғди Филләһ (Буғзи Филләһ)

Аллаһу та’аланың дұшпандарын Аллаһу та’ала үшін жақсы көрмеу және олардан алыстау дегенді білдіреді. (Хубби Филләһ Буғди Филләһ бөлімін қараңыз)

Терминге сілтеме


Буруж сүресі

Құран кәрімнің сексен бесінші сүресі.

"Буруж сүресі Мекке мукаррамада түскен. Жиырма аяти кәримадан тұрады. Бурж сөзінің көпше түрі. Сүреге бірінші аяти кәримада өткен буруж сөзі есім ретінде қойылған. Сүреде Аллаһу та’аланың ұлылығы, Құран кәрімнің қадірі, үстемдігі, мүминдер туралы Аллаһу та’аланың уәдесі, кәпірлер туралы қорқытуы және өткен қауымдардың жағдайлары туралы баяндалған." (Рази, Хусейн Уаиз Кашифи)

Буруж сүресінде былай делінген: «Күмәнсіз Аллаһу та’алаға және пайғамбарына иман келтіріп салих амал жасағандар үшін астынан өзендер ағып тұратын жаннаттар бар. Бұл үлкен құтылу болып табылады.» (11-ші аят)

Терминге сілтеме