22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Иджазат

Рұқсат, диплом, куәлік деген мағыналарды білдіреді. Әр түрлі ілімдерде ұстаздың шәкіртіне беретін, жетілгенін растайтын құжаты, рұқсаты, куәлігі, ақ батасы.

Иджазат берілетін шәкірттің ішкі дүниесі (жүрегі) жақсы халдерге жеткен болуы, жаман мінездерден арылған, көркем мінезді болуы, сабыр, тәуәккүл (себептерге жабысқаннан кейін, істерінің нәтижесін Аллаhу та’аланың тағдырынан деп білуі) қанағатшыл, Аллаhу та’аланың тағдырына разы болуы керек және дүниеліктерге берілмеуі қажет. (Абдуллаh Дәхләуи)

 


Терминге сілтеме

Иджма

1) Әдиллә-и Шәрийаның (дін үкімдері шығарылатын дәлелдердің, негіздердің) үшіншісі. Бір ғасырда өмір сүрген мүжтәһид деп аталатын, терең білімді ғалымдардың бір мәселенің үкімінде бірігуі, сонымен қатар ижтиhадтарының бір-біріне сәйкес келуі. Ғалымдардың ауызбірлігі.

Хиджри төртінші ғасырдан кейін мутлақ мүжтәһид жетілмегендіктен иджма да қалмаған. Сол себепті иджма делінген кезде сахабалардың (Пайғамбарымыз алейhиссаламның достарының), Табииннің (Сахабаларды көрген ұлы ғалымдардың) және Табеи табииндердің (Табииндерді көрген ғалымдардың) иджмасы екендігі түсініледі. (Ибн Абидин)   

Бір мәселені сахабалар иджмамен білдірмеген болса, Табииннің ауызбірлігі бұл мәселе үшін иджма бола алады. Табиин де бұл мәселені иджмамен білдірмеген болса, Табеи Табииннің ауызбірлігі бұл мәселе үшін иджма болып есептеледі. Өйткені бұл үш ғасырдың ғалымдары яғни мүжтәһидтері хадис шәрифпен мадақталған. Бұларға сәләфуссалихин деп айтылады. (Ибн Абидин)  

Дінде маңызды (бәрінің білуі қажетті) болған, яғни тіпті жаһилдердің де білетін иджма ілімдеріне сенбеген адамның иманы кетеді. (Ибн Абидин)

2) Бес уақыт намаздың парыз екендігі және зинаның харам болуы сияқты ижтиһадтың қажеті болмаған, дінде ашық білдірілген үкімдерді ғалымның және ғалым емес әрбір мұсылманның білуі және осылай екендігіне барлығы ауызбірлік етуі.

Зарурийати диниййадан яғни діннің негізі болған, әр мұсылманның міндетті түрде білуі қажет болған мәселелерде мүжтәһид болмаған ғалымдардың да иджмасы өтеді. Олардың иджмасы болмаса, бұл үкімдер тұрақсыз деген сөз емес. Иджманың бұл түрі иджма жасалған мәселенің әрбір мұсылманның білетінін, сол себепті әрбір мұсылманның бұларды біліп үйренуі керектігін, білмей тұрып орындаудың жаиз еместігін білдіру үшін. Мәселен намаздың парыз болуы, кітап, сүннет және иджмамен білдірілген. (Молла Хусреу, Сәрахси, Хадими) 

 


Терминге сілтеме

Ижтиһад

Адамның күшінің жеткенінше қиналып еңбек етуі. Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілмеген мәселелердің үкімдерін, ашық білдірілген үкімдерге ұқсатып анықтау. Пайғамбарымыз саллаллаhу алейhи уәсәлләм, хазреті Муаз ибн Жәбәлді (радиаллаhу анh) Йеменге әкім қылып жіберерде; «Ол жерде қалай үкім етесің?» деп сұрады. Муаз ибн Жәбәл: «Аллаhу та’аланың кітабымен», деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Егер Аллаhу та’аланың кітабынан таба алмасаң?» дегенде, «Аллаhу та’аланың Расулының сүннетімен» деді. Пайғамбарымыз: «Егерде Расулуллаhтың сүннетінен де таба алмасаң?» дегенде, «Ижтиһад етіп, түсінгенім бойынша үкім етемін» деп жауап берді. Пайғамбарымыз мүбәрәк қолын Муаздың кеудесіне қойып: «Әлхамдулиллаh! Аллаhу та’ала Расулының елшісін, Расулуллаhтың ризалығына сай етті» деді. (Тирмизи, Әбу Дауд, Дарими)     

«Ижтиһадында қателескен, яғни мағынасын дәл дұрыс таппаған мүжтәhидке (Құран кәрім және Хадис шәрифтерден үкім шығарған ғалымға) бір сауап, қателеспей дұрыс тапқанға екі немесе он сауап беріледі. Екі сауаптың біріншісі, ижтиhад еткені үшін берілетін сауаб. Екіншісі дұрыс тапқаны үшін берілетін сауап.» (Хадис шәриф – Хадиқа)

Аяти кәрима және хадис шәрифтерде ашық білдірілген мәселелерде ижтиhад етілмейді. Насс (Құран кәрім және сахих хадис шәриф) бар жерде ижтиhад етуге рұқсат жоқ. (Ибн Нужәйм, Хадими)  

Ислам ғалымдарының ауызбірлігімен және зарури деп білдірілген, сенілетін және орындалатын дін мәселелерінде ижтиhад жасау жаиз емес. (Абдулғани Наблуси)

Мазhаб имамдарының барлығы бір мәселе жөнінде үкім шығарар кезде, жауабын Құран кәрімнен іздейтін. Құран кәрімнен таба алмаса, Хадис шәрифтерден издейтін. Хадистердің ішінен де таба алмаса, иджма-и үмметтен іздейтін. Егер ол мәселенің шешімін иджмадан да таба алмаса, сол мәселеге ұқсас басқа мәселелердің Құран кәрім, Хадис шәриф және иджмадан табылған жауаптарына негізделіп, мағыналарын бір-бірімен салыстыру арқылы, ижтиhад етіп табатын еді. (Имам Шарани)  

Иса алейhиссалам қияметке жақын замандарда аспаннан түседі және Мұхаммед алейhиссаламның діні бойынша өмір сүріп, Құран кәрімнен үкім шығарады. Иса алейhиссаламдай ұлы пайғамбардың ижтиhад ету арқылы шығаратын үкімдері, Ханафи мазhабындағы үкімдерге ұқсас болады, яғни Имам Ағзамның ижтиhадына сәйкес болады. (Имам Мұхаммед Париса)

Әрбір мүжтәһидтің (Құран кәрім және Хадис шәрифтерден үкім шығаратын ғалымның) өзінің ижтиһад ету арқылы шығарған үкімдеріне сай амал етуі парыз. (Мәулана Халид Бағдади)

Сахабалардың (Пайғамбарымыз алейhиссаламның сұхбатында болған достарының) барлығы мүжтәhид ғалым болып, өздерінің ижтиhадтарына сай өмір сүруі парыз еді. (Абдулуаххаб Шарани)

Ешбір мүжтәhид ғалым басқа бір мүжтәhидтің ижтиhадына қате дей алмайды. Өйткені әр бір мүжтәhидке өзінің ижтиhады хақ, дұрыс. Мысалы Имам Шафии хазреттері, Ханафи мазhабында болмаса да, «Имам Ағзам Әбу Ханифаның ижтиhадын ұнатпаған адамға Аллаhу та’аланың лағнеті болсын» деген. (Ибн Абидин)

Ижтиhад және қияс бидғат емес. Өйткені қияс және ижтиһад, насстардың (аят-хадис) мағыналарын ашып береді, басқа нәрселерді шығармайды. (Имам Раббани)

 

 


Терминге сілтеме

Иншааллаh

Әрдайым Аллаһу та’аланың атын еске алуды әдеттену және Аллаһ қаласа (Құдай қаласа) болады деген мағынадағы, бүкіл істерін Аллаhу та’аланың қалауына тапсыру үшін айтылатын сөз.

Құран кәрімде былай делінген:

«Бір нәрсені ертең істеуге шешім қабылдағанда, осыны ертең істеймін деп айтпа! Иншааллаh ертең істеймін деп айт! (Кәhф сүресі 23, 24)

«Ей мүминдер! Әлбетте келесі жылы, Иншааллаh, Мәсжиді Харамға кіресіңдер. (Фәтh сүресі 27)

Аллаhу та’ала олардың Мәсжиді Харамға кіретінін қалаған және олардың кіретінін білетін еді. Бірақ өзінің құлдарына үйрету үшін Иншааллаh деп айтуды бұйырған. Пайғамбарымыз да қабірде жатқандармен қауышатындығын анық білсе де, қабірдегілерге: «Әссаламу алейкум йа әhлә дар-ил-қаумил-мү’минин уә иннә иншааллаhу ән қарибин бикум лахикун: «Эй мүминдер! Сіздерге сәлем болсын. Иншааллаh біз де жақында сіздермен бірге боламыз» деп Аллаhтың әміріне сай, иншааллаh деп айқан еді. (Имам Ғазали)


Терминге сілтеме

Истиғфар

Ғафу, кешірім тілеу. Аллаhтан кемшіліктердің, күнәлардың кешірілуін сұрау. Тәубе ету.

Құран кәрімде былай делінген: «Біреу күнә істеп немесе өзіне зұлымдық етсе, кейін өкініп Аллаһу та’алаға истиғфар етсе, Аллаһу та’аланы мейірімді және кешірімді халде табады» (Ниса сүресі 110)

«Күнә істеген адам дәрет алып, екі рәкат намаз оқып, Аллаhу та’алаға истиғфар етсе күнәсі кешіріледі.» (Хадис шәриф – Құррәтүл-Айнәйн)

Истиғфар ету, бәле-жаладан және қиыншылықтардан құтылу үшін пайдалы, тәжрибе етілген. (Мұхаммед Масум)

Истиғфар ету, адамды барлық мақсатына және амандыққа қауыштырады. (Хадими)

Үш түрлі адамға шайтан және оның әскерлерінің зияны тимейді. Олар; Күні-түні  Аллаhты еске алып зікір ететіндер, сәре уақытында (бамдат намызының уақыты кіруден алдын) ұйқысынан тұрып истиғфар айтатындар және Аллаhу та’аланың азабынан қорқып жылайтындар. (Дарендели Хилми)

Қиыншылығы бар адам көп истиғфар айтсын (Хазреті Омар)

 


Терминге сілтеме

Истинжа

Алдан және арттан нәжіс шыққанда жуып тазалау - истинжа деп аталады.

(Таса жер табылмай) Адамдардың алдында әурет жерін ашып тазалай алмаса, нәжіс көп болса да истинжа етпейді. Әурет жерін ашпай солай намаз оқуы керек. Егер ашатын болса күнаһар, пасық болып, харам істеген болады. Кейін ешкім жоқ жерге барып, сумен тазалап намазды қайтадан оқиды. (Ибн Абидин)

Истинжа етер кезде алдын немесе артын қыблыға қарату – тәнзиһан мәкрух. (Алауддин Хаскәфи)

Сүйек, тезек, кірпіш, қыш құмыра, әйнектің бөлшектері, зәмзәм суы, жапырақ және қағазбен истинжа ету тахримән (харамға жақын) мәкрух болады. (Хасан бин Мансур)


Терминге сілтеме

Ислам

Аллаһу та’аланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті және соңғы пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға жіберген, адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін, ахиретте мәңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидалар жиынтығы, әмірлермен тыйымдар. 

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «Аллаһу та’ала пайғамбарын хидаят және хақ дінмен жіберді. Ислам дінін барлық діндерден үстем қылды. (Мұхаммед алейһиссаламның хақ) пайғамбар екендігіне куәлік ретінде Аллаһу та’ала жетеді.» (Фәтих сүресі 28)

«Сондай бір заман келеді, исламға мойынсұну қолына от ұстағандай қиын болады.» (Хадис шәриф – Сунән Бәйһақи)

«Дүниелік ләззаттарға қауышу үшін исламның сыртына шыққан адам ахирет ләззаттарына қауыша алмайды.» (Хадис шәриф – Изаләт-ул-Хафа)

Ізет (абырой, сый-құрмет, үстемдік) исламда. Ислам дінінің үкімдеріне мойынсұнған адам қадірлі болады. Бұл үкімдерді ұнатпай абыройды, тыныштықты, бақытты басқа жерлерден іздеген адам қор болады. (Хазреті Омар)

Барлық үстемдіктер, пайдалы нәрселер Исламның ішінде. Ескі діндердегі барлық  жақсы қасиеттерді Ислам өз бойына жинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. (Абдулһаким Аруаси)

Иман шамға ұқсайды, дініміздің әмірлері мен тыйымдары шамның шишасына (лампасына) ұқсайды. Шам шишасымен бірге Ислам. Шишасыз шам тез сөнеді. Имансыз Ислам болмайды. Ислам болмағанда, иман да жоқ. (Абдулһаким Аруаси)


Терминге сілтеме

Ифрад қажылық

Ихрамға кірерде тек қажылыққа ниет етіліп орындалатын қажылық. Бұлай қажылық еткен адамға мүфрид қажы делінеді.

 

"Меккеде тұратындар тек мүфрид қажылық жасайды. Ифрад қажылық үстемдік жағынан тәмәтту қажылықтан төмен тұрады." (Мәуқуфат)


Терминге сілтеме