25 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Мутлақ Иджазат

Әр түрлі ілімдерде ұстаздың шәкіртіне оның жетілгенін білдіріп және өзгелерді де жетілдіре алатын жағдайға келгенін білдіретін рұқсат, куәлік немесе бұл күәлікті растайтын бір құжат, диплом.

Хазреті Бақибиллah қуддисә сирруh, Имам Раббаниді мутлақ иджазатпен Серхенд қаласына жіберер кезде өзі мақамын босатып, бүкіл шәкірттерінің, тіпті өз балаларының да тәрбиесін және олардың жетілуін оған тапсырды және; «Ахмет біз сияқты мыңдаған жұлдыздарды жабатын бір күн. Бұл үмбетте оған ұқсаған  екеу үшеу ғана бар, ал қазір жер бетінде оған ұқсайтыны жоқ» деп айтқан. (Мұхаммед Мазхар)

 


Терминге сілтеме

Мәсі

Дәрет алып жатқанда аяқтың жуылуы парыз болған бөлігін, яғни аяқты тобықтарымен қосып жауып тұратын су өткiзбейтiн аяқ киiм.

Хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды жақсы көріп, құрметтеу, хазреті Осман мен хазреті Әлиді жақсы көру және мәсiнiң үстiне мәсһ тарту - Әһли сүннет (Пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” жене достарының жолында болудың) белгісі. (Мұхаммед Рабхами)

Мәсiнің, бір сағат жол жүргенде, аяқтан түсіп қалмайтындай төзімді және ыңғайлы болуы керек. Ағаштан, шыныдан, металдан мәсі болмайды. (Ибн Абидин)

Мәсі киген адамның дәреті бұзылғаннан кейін, бұл дәретсіздік, дәрет мүшелеріне жайылғанда  аяққа емес, мәсіге жайылады. Мәсілердің хадестен (рухани кірліктен) тазаруы мәсһ тартумен жүзеге асады. (Халеби)

Ханафи мазһабында аяқтың үш бармағы сиятындай жыртығы немесе тесiгi бар мәсiге мәсһ тарту жаиз емес. (Ибн Абидин) 

Терминге сілтеме

Мәсһ

1) Мәсі деп аталатын аяқкиімді дәретпен кигеннен кейін, дәрет бұзылып, жаңадан дәрет алып жатқанда аяқтарды жумай қолдарын сулап, оң қолдың бес саусағын сулап оң мәсiге, сол қолдың саусақтарын сулап сол аяқтағы мәсiге, аяқтың ұшынан бастап тобыққа қарай жабыстырып тарту.

Расулаллаһ алейһиссалам дәрет алайын дегенде мен су құйдым. Дәрет алып, мәсілеріне мәсһ тарты. (Муғира бин Шубә)

Мәсiнiң үстiнен мәсһ тарту мерзімі, муқим (жергілікті) үшiн 24 сағат, сафари (жолаушы) үшiн 3 күн 3 түн, яғни 72 сағат. Бұл уақыт мәсiнi киген кезден емес, дәрет бұзылған кезден басталады. (Ибн Абидин)

Мәсiнiң үстiне мәсһ тартуды Асхаби кирмнан жетпістен көп сахаба білдірген.

Бұлардың бірі хазреті Әли. (Абдуллаһ Суәйди)

Ғұсыл алғанда немесе тәйәммум жасалғанда мәсiнiң үстiне мәсһ тартылмайды. (Халеби)

2) Бір мүшені немесе мүшенің бетіне оралған, таңылған нәрсенің бетін қолды сулап сипау деген сөз.

Сәлдеге, қалансуәға, яғни тақиямен кез келген бас киім түріне, бурқа, яғни бетперде, маска үстiне және қолғап үстiне мәсһ тарту жаиз емес. (Ибн Абидин)

Жәбира, яғни сынған сүйектің екі жанына байланатын тақтайшалар үстіне  мәсһ тарту жаиз. (Халеби)


Терминге сілтеме

Мисақ (Әлмисақ)

Сөз беру, келісім-шарт.

1) Аллаһу та'ала, Адам алейһиссаламға және барлық ұрпағына (одан тарайтын адамдарға); "Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?" деп айтуы, олардың; "Иә, Сен Раббымызсың" деп жауап берулері.

Хадис шәрифте былай бұйырылды: "Құран кәрім қайғымен түскен. Оны оқығанда кемшіліктеріңе және алдағы қауіптерге байланысты уайымдарыңды көрсетіңдер." Уайымды білдірудің жолы, ол жердегі қорқытушы, азап беруші, мисақ аяттарын ойлаумен, кейін тыйымдарына және әмірлеріне қатысты кемшіліктерді еске түсірумен болады. Шүбәсіз бұларды  шынайы ойлаған адам әрі мұңды болады, әрі жылайды. Егер жылай алмаса, жылай алмағанына ренжуі керек. Өйткені Құранның осы сияқты аяттарынан уайымға түспеу үлкен бақытсыздық. (Имам Ғазали)

2) Антпенен қуаттандырылған түрде сөз беру.

Аллаһу та'алаға ант етемін деп айту, ант болады. Аллаһу та'алаға уәде беремін, Аллаһу та'алаға мисақ етемін деп айту, уәде болады... (Алауддин Хаскәфи, Халеби)


Терминге сілтеме

Мұнафық

Аллаhқа сенбесе де мұсылмандарды алдау үшін өзін сенген сияқты көрсететін (екіжүзді) адам.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Ей мұнафықтар! Аллаhу та’ала сендерді осы күйде қалдырмайды. Шынайы мүминдерді мұнафықтардан ажыратады.» (Али Имран 179)

«Төрт нәрсе мұнафықтың белгісі: Аманатқа қиянат жасау, өтірік айту, сөзінде тұрмау және сотта өтірік айту. (Хадис шәриф – Бұхари)

«Мұнафық – екі отар арасында қалған қой сияқты, бірде мына отарға қосылады бірде арғы отарға қосылады.» (Хадис шәриф – Сүлукул-Уләма)

«Ей Аллahым! Мен мұнафықтықтан, алауыздықтан және жаман мінез-құлықтан саған сиынамын. (Хадис шәриф – Сүлукул-Уләма)

Мұнафықтың үш белгісі бар: Жалғыз қалғанда жалқау болады, қасында адам бар кезде өзін еңбекқор сияқты көрсетеді және бүкіл істеген істерінде өзін мақтағанын қатты ұнатады. (Уахб ибн Мунаббих)

Мешітке кірген мұнафықтар тордың ішіндегі торғайларға ұқсайды. Тордың есігі ашылуымен дереу ұшып кетеді. (Имам Малик)

Мұнафықтар ислам діні жайлы айтады бірақ өздерінің айтқанына амал етпейді. (Хузәйфәтул-Йемани)


Терминге сілтеме

Мүнкәр және Нәкир

Қабірде сұрақ қоятын періштелер.

«Мүнкәр және Нәкир періштелері сұрақ-жауаптан кейін мәйітке: “Тозақтағы жеріңе қара, Аллаhу та’ала оны ауыстырып, саған жаннаттың жерін берді” деп айтады. Мәйіт ол екеуін де бірге көреді.» (Хадис шәриф – Бұхари)

Мүнкәр және Нәкир есімді екі періште қабірде сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға жауап беру үлкен дерт. (Имам Раббани)

Қабірде Мүнкәр және Нәкир періштелерінің сұрақтарына жауап ретінде мыналарды дайындау керек: Раббым Аллаhу та’ала, пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам, дінім Ислам, кітабым Құран кәрім, қыблам Қағбаи шәриф, ақидада Әhли сүннет уәл жамағат сеніміндемін, амалда Имам Ағзам Әбу Ханифа мазhабындамын. (Мұхаммед Дәмир Хафыз)


Терминге сілтеме

Махшар

Хашр етілетін, жиналатын жер. Қиямет күні бүкіл махлұқтардың (барлық жандылардың) қайта тірілген соң есеп тапсыру үшін жиналатын жері. Арасат алаңы, мәуқиф деп те айтылады.

«Аллаһу та’ала хажәр-ул-әсуадты қияметте махшар алаңына келтіреді. Оның көретін екі көзі, сөйлейтін тілі болады және өзіне қол созып, сүйгендерге ақиқатымен куәлік етеді.» (Хадис шәриф – Фәтһ-ул-Бари)

Қиямет күні барлық жандылар махшар алаңына жиналады. Әркімнің амал дәптері ұшып иелеріне келеді. Бұларды көктер мен жерлерді, жұлдыздарды, зерелерді (молекулаларды), бүкіл әлемді жаратқан, шексіз құдірет иесі болған Аллаһу та’ала жасайды. Бұлардың болатынын Аллаһу та’аланың Расулы “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” хабар берген. Оның айтқандары сөзсіз дұрыс. Әлбетте барлығы болады. (Мәулана Халид Бағдади)

Махшар күні еңсеңнің түспеуін қаласаң Аллаһу та’алаға шүкір етуден бетбұрма. (Сади Ширази)

Махшарда иманы болып, амалы және мінез-құлқы жақсы болған адамдарға сый-сияпаттар беріледі. Жаман мінезді, бұзық амалдар жасаған адамдарға ауыр азаптар беріледі. (Мәулана Халид Бағдади)

 


Терминге сілтеме

Малаяни

Дүние мен ахиретке пайдасы тимейтін іс, бос сөз, қажетсіз нәрсе.

«Аллаһу та’аланың бір құлын жақсы көрмеуінің белгісі – оның малаянимен уақыт өткізуі.» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

«Адамның мұсылмандығының сұлулығы – малаяниден қашуы және қажетті нәрселерді жасауынан аңғарылады.» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

Мен бұл дәрежеге дұрыс сөз сөйлеумен, аманатқа қиянат жасамаумен және малаяниды тәрк етумен қол жеткіздім. (Лұқман Хаким)

Жабир бин Сумрә былай дейді: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) аз сөйлейтін еді. Қажетті болған кезде немесе бір нәрсе сұрағанда сөйлейтін еді.» Бұдан аңғаратынымыз әрбір мұсылманның малаяни, пайдасыз нәрсе айтпауы, үндемеуі қажет. (Мұхаммед Рабхами)

Бір адам ғибадаттарын ықыласпен (тек Аллаһ үшін) жасаса, Аллаһу та’ала да оған малаяниден құтылу ниғметін ихсан етеді. (Жунәйд Бағдади)

Ақиданы (сенімді) түзетпей ахками шәрийаны (халалды, харамды, парызды, уәжіпті) үйренудің ешқандай пайдасы болмайды. Осы екеуі бірге түзетілмейінше жасаған ғибадаттардың пайдасы жоқ. Осы үшеуі бірге жасалынбайынша да жүректің (көңілдің) тазалануы және нәпістің тазаруы мүмкін емес. Осы төрт негізгі міндет көмекшілері және толықтырушыларымен бірге жасалынуы қажет. Мысалыға: парыздар сүннеттерімен бірге жасалуы керек. Парыздардың көмекшілері және толықтырушысы – сүннеттер. Бұлардың біреуі жасалынбайынша қалғандары қажетсіз және пайдасыз болады. Осындай қажетсіз нәрселерге малаяни делінеді. Бір парызды жасамай, оның орнына нәпіл ғибадаттармен айналысу малаянимен уақыт өткізу болады. (Имам Раббани)

 


Терминге сілтеме

Малики

Әһли сүннеттің амалдағы төрт хақ мазһабтарының бірі болған Малики мазһабын ұстанатын, мойынсұнатын адам.

Әһли сүннеттің (Пайғамбарымыз алейһиссалам және сахабаларының білдірген сенімінде болғандардың) амалдағы (жасалынуы және сақтануы қажетті болған істердегі) мазһабы төртеу. Ханафи, Малики, Шафии, Ханбәли. Бұл төрт мазһабтың бірінің жолын ұстану керек. Төрт мазһаб та хақ. (Мұхаммед бин Қутбиддин Изники)

Ғибадаттардың ең құндысы – парыз айн (әр адамның мойнына тікелей парыз) болғандар. Парыздардан кейін ең құндысы – Шафии мазһабында сүннет намаздар, Ханбәли мазһабында жиһад (Аллаһ жолында күресу). Ханафи және Малики мазһабтарында болса, ілім үйрену және үйрету, сосын жиһад ету. (М. Тахир Сунбул Мәкки)

Сиуади ағзам яғни мұсылмандардың көбі фиқһ ғұламаларының жолында. Бұлардың жолынан айрылғандар жаһаннам отында жанады. Ей, мүминдер! Тозақтан құтылатын жалғыз топқа мойынсұныңдар. Ол топ “Әһли сүннет уәл жамағат” тобы. Аллаһу та’аланың жәрдемі, қорғауы және табысқа жеткізуі осы топта болғандарға болады. Аллаһу та’аланың ашуы және азабы бұл топтан айрылғандарға болады. Бұл фирқаи нәжийа (тозақтан құтылған топ, жамағат) қазіргі таңда төрт мазһабта жиналған. Бұл төрт хақ мазһаб: Ханафи, Малики, Шафии және Ханбәли мазһабтары. Бұл заманда осы төрт мазһабтың біреуін ұстанбаған адам бидғат (бұзық сенім) иесі болып, жаһаннамға түседі. (Тахтауи)

 


Терминге сілтеме

Марифат

Білу, тану, көңілмен білу. Аллаһу та'аланың сипаттары мен есімдерінің ақиқатын тану, білу дегенді білдіреді. Марифатуллаһ.

Марифаттың ақиқаты – Аллаһу та’аланы көңілмен жақсы көру, тілмен еске алу, Одан басқа барлық нәрседен үмітін үзу. (Ахмед бин Хадрауайх)

Марифат иесі дүниеге көңіл бөлмейді, нәпіске тән ойлардан арылады. Марифаттың белгілерінің бірі марифат иесінде Аллаһу та’ала тарапынан берілген бір айбаттылық (сұстылық) болады. Марифаты (рухани білімі) артқан адамның айбаттылығы да артады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Марифат – құлдың қандай жағдайда болмасын Аллаһу та’аланың берген ниғметтеріне шүкір етуде әлсіз екендігінің, жас және әл-ауқатты кезеңдерінде күш-қуатсыз екендігін білуімен болады. (Әбу Хасан бин Саи)

Марифат және Аллаһу та’алаға жақын болу халі – парыздарды орындаумен және сүннети сәнийаға мойынсұнумен болады. (Әбул-Қасым Насрабади)

Адамның қадірі – иманды және марифат иесі болуымен болады. Байлығы және мансабымен емес. (Мұхаммед Масум)



 

Терминге сілтеме

Машааллаһ (Машаллаһ)

Ұнатқан, жақсы нәрсені көргенде айтылатын “Аллаһу та'аланың қалаған және ихсан еткен нәрсесі” деген мағынаны білдіретін мүбәрәк сөз.

Көзі тиетін адам, тіпті барлық адамдар ұнатқан нәрсесін көрген кезде “Машааллаһ” деп айтып, содан кейін сөйлеуі керек. Алдымен “Машааллаһ” деп айтылатын болса, көзі тимейді. Көз тиюі хақ, яғни көз тиюі бар нәрсе. Кейбір адамдар бір нәрсеге қарап, ұнатқан кездерінде көздерінен шығатын сәулелер зиян  келтіріп, жанды және жансыз барлық нәрсенің бұзылуына себеп болады. Оның мысалдары көп. Бәлкім, бір күні осы сәулелер мен зиянды әсерлер ғылыми тұрғыдан зерттеліп анықталуы мүмкін. (Мәулана Мұхаммед Осман)

 

 


Терминге сілтеме

Мәжуси

Отқа табынатын адам.

Құран кәрімде былай делінген: «Ол иман келтіргендер, ол яһудилер, ол жұлдыздарға табынғандар, ол христиандар, ол мәжусилер, ол Аллаһқа ортақ (серік) қосқандар, сөзсіз Аллаһу та’ала қиямет күні араларында үкім береді. Дұрыс пен бұрысты ажыратады. Өйткені Аллаһу та’ала барлық нәрсеге куә.» (Хаж сүресі 17)

«Барлық балалар мұсылмандыққа сай және бейім болып дүниеге келеді. Оларды кейін ата-аналары христиан , яһуди және мәжуси қылады.» (Хадиси шәриф – Ихяи улумиддин)

Мәжусилер “Кисра” деп аталған Ажәм (Иран) патшасы Куштусаб дәуірінде өмір сүрген-сүрмегендігі белгісіз Зардушт деген бір адамның құрған дініне сенеді. Олар өлген адамды көмбейді, мұнараға қойып, құзғындарға жегізеді. (Мәулана Халид Бағдади)

 


Терминге сілтеме

Мизан

1) Таразы, өлшеу құралы.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде былай деген: «... (Шуайб алейһиссалам), Қауымына былай деді: Раббыларың тарапынан сендерге ашық мұғжиза келді. Бұдан былай мизандарың (тараздарың) дұрыс болсын. Адамдардың ақыларына мән беруде кемшілік жасамаңдар. (Пайғамбарлар және олардың ізінде болғандардың көмегімен) тазарған жер жүзін (күпір және қулықтарыңмен) бүлікке салмаңдар. Егер менің сөзімді құптасаңдар, (осы айтқандарым) сендер үшін қайырлы.» (Араф сүресі 85)

Шуайб алейһиссалам Әйке халқын өлшеу құралдарын, мизандарын (тараздарын) дұрыс өлшеуге, адамдардың ақыларын жемеуге, жер бетіне жамандықты жаймауға, Аллаһу та'аладан қорқуға жене тақуалыққа шақырды. (Фахруддин Рази)

2) Қиямет күні адамдардың күнәсімен сауабын тартатын (өлшейтін) және қандай екені білінбеген таразы.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде былай деген:

«Біз қиямет күніне тән әділдік мизандарын құрамыз. Сонда ешкім ешнәрсемен әділетсіздікке ұшырамайды. (Жасалған амал) қыша данасындай болса да, оны алып келеміз (мизанға қоямыз). Есепке алушы ретінде біз (бәріне) жеткіліктіміз.» (Әнбиа сүресі 47)

«Сонда кімнің (сауап) мизаны ауыр басса, олар қорыққандарынан амандықта болып, үміт еткендеріне жеткендердің дәл өздері. Ал кімнің мизаны жеңіл басса, олар өздерін масқаралағандар. (Олар) Тозақта мәңгі қалушылар.» (Муминун сүресі 102, 103)

«Мизанда жақсы мінезден ауыр басатын еш нәрсе жоқ.» (Хадис шәриф – Әдәбул-Муфрәд)

«Бір адам қияметте мизанға әкелінеді. Кейін әр қайсысының үлкендігі, көзінің көре алатындай ұзындықта болған тоқсан тоғыз амал дәптері әкелінеді. Бұл дәптерде әлгінің жақсылығымен жамандығы жазылған. Күнәсі сауабынан көп болып, жаһаннамға жіберіледі. Жаһаннамға әкетіп бара жатқанда, Аллаһу та'аланың дәргейінен бір дауыс естіледі; "Асықпаңдар. Оның тартылмаған бір нәрсесі бар" дейді. Бас бармақтың ұшындай бір нәрсе әкелінеді. Үстінде “Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ” деп жазылған болады. Тараздың сауап табағына қойылады. Осылайша сауабы, күнәларынан ауыр болып,  жаннатқа кіруі әмір етіледі.» (Хадис шәриф – Ахлақул-Уләма)

Жақсы амалдар әдемі түрлерде, ал жаман амалдар жаман  пішіндерде келіп, мизанға қойылады. (Ибн Аббас)


Терминге сілтеме

Мұғжиза

Пайғамбарлардың алейһимуссәләм пайғамбарлықтарына дәлел ретінде Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайда болған таңғажайып (әдеттен тыс) халдер.

Бір нәрсенің мұғжиза бола алуы үшін мына шарттардың болуы тиіс: Аллаһу та'ала ол нәрсені дағдылы (үйреншікті) себептердің сыртында жаратқан болуы керек. Таңғажайып (әдеттен тыс) болуы керек. Пайғамбар болған кісінің қалауына сай болуы керек. Қалап, пайда болған мұғжиза өзін өтірікке шығармауы тиіс. Мұғжиза, пайғамбарлығын білдіруден алдын пайда болмауы керек. Бір пайғамардың үмбетінен пайда болған таңғажайып халдер, яғни  кереметтер сол пайғамбардың мұғжизасы болып табылады. (Имам Раббани)

Пайғамбарлар шариғаттың бұйрықтарымен тиымдарын білдіретін. Үмбеттері мұғжиза көрсетуін талап еткенде; "Мұғжизаларды Аллаһу та'ала жаратады. Біздің міндетіміз Оның әмірлерін білдіру" деп айтатын. Аллаһу та'ала қаласа үмбеттеріне мейірімділік танытып, сенулері, бақытқа жетулері үшін сол мезетте мұғжиза жарататын. (Имам Раббани)

Аллаһу та'ала әр пайғамбарға дәуірлерінде маңызды болып саналған жағдайларға байланысты мұғжиза ихсан еткен. Мұса алейһиссаламның замананында сиқыршылық кеңінен таралған еді. Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға аса таяғы мұғжизасын ихсан етті. Мұса алейһиссаламның аса таяғы үлкен жыланға айналып сиқыршылардың сиқыр құралдарын жұтты. Осылайша сиқыршылар, мұның адам күшінің сыртында болғанын түсініп Мұса алейһиссаламға иман келтірді. Иса алейһиссаламның заманында медицина дамыған еді. Емшілер жетістіктерімен мақтанатын еді. Аллаһу та'ала  Иса алейһиссаламға өлілерді тірілту және анасынан көр болып туылғандардың көздерін ашу мұғжизасын ихсан етті. Емшілер дәрменсіз қалды. Ал Мұхаммед алейһиссаламның заманында, Арап түбегінде ақындықпен шешендік өнері ең биік шыңына жеткен сәтте еді. Олар жазған және оқыған өлеңдерімен өзара мақтанатын. Аллаһу та'ала пайғамбарымыз алейһиссаламға ең ұлық мұғжиза ретінде Құран кәрімді жіберді. Құран кәрімнің ижазы (ойды қысқа әрі нұсқа жеткізуі), бірегейлігінің алдында ақындар дәрменсіз қалды. Бір бөлігі Аллаһтың сөзі екенін мойындамай кәпір болып өлді, ал бір бөлігі, Аллаһтың сөзі екенн түсініп мұсылман болды. (Ахмед Фаруқи)

Аллаһу та'аланың әдетінің жене заңдарының сыртында жаратқан мұғжизалардың пайда болуы үшін, пайғамбарлардың  алейһимуссәләм тірі болулары шарт емес. Қайтыс болғаннан кейін де Аллаһу та'ала оларға мұғжиза ихсан етеді. (Абдулғани Наблуси)

Расулаллаһтың “салаллаһу та'ала алейһи уәсәлләм” мұғжизалары мыңнан көп болып, олардың кейбіреулері мыналар: Миғраж мұғжизасы, Шаққ-ы қамар (айдың екіге бөлінуі), мүбәрәк саусақтарынан судың ағып шығу мұғжизасы, Қағба-и муаззаманың ішіндегі пұттардың мүбәрәк саусағының меңзеуімен етбетімен құлау мұғжизасы, өлілердің қайта тірілтілу мұғжизасы, жаралыларға және ауруларға шипа беру мұғжизасы. (Харпутлу Исхақ)                        


Терминге сілтеме

Мүртәд

Алдын мұсылман болып, кейін дінден шығып кәпір болған адам.

«Аллаhу та’алаға Жәбрейіл алейhиссалам сияқты ғибадат етсеңдер де, мүминдерді Аллаhу та’аланың разылығы үшін жақсы көрмейінше, кәпірлер мен мүртәдтарға Аллаh үшін дұшпандық етпейінше, жасаған ғибадаттарыңның еш бірі қабыл болмайды. (Хадис шәриф – Бәриқа)

Мүртәд болған адамның мұсылман кезіндегі жасаған ғибадаттарының, жақсылықтарының барлығы жойылады. Ахиретте оған пайдасы болмайды. Өлуден алдын мұсылман болса, кешіріледі, тап-таза мұсылман болады. Қайтадан қажылыққа баруы керек болады. Мүртәд кезіндегі намаздары мен оразаларының қазасын орындамайды. Алдын қаза болған ғибадаттарының қазасын өтеуі керек. Өйткені мүртәд болғанда алдынғы күнәлары жойылмайды. (Мухаммед Хадими)

Халал мен харамды айырмай, парыздарды орындап, харамнан ұзақ болуға мән бермеген адам мүртәд болады. Шаhадат кәлимасын айтып, намаз оқыса, мен мұсылманмын деп айтса да мұсылман болмайды. Бұл сөздеріне, жасаған ғибадаттарына сенілмейді. Діннен шығуына себеп болған нәрсеге өкініп тәубе етуі керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

  

 


Терминге сілтеме

Мүшрик

Аллаhу та’алаға серік қосқан, Аллаһу та’аланы құдай деп білгенімен пұтқа немесе соған ұқсас нәрселерге табынатын адам.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Меккелік мүшриктер Мұхаммед өледі, біз одан құтыламыз деген еді. Аллаhу та’ала, «Иә сен өлесің, бірақ мүшриктер де шүбәсіз өледі. Өздері де өлетіндерін біле тұра өзгелердің өлімін күтуі, неткен ақымақтық» деді» (Зүмәр сүресі 30)

Мүшриктердің өздері емес, олардың ақидалары (сенімдері) мен жүректері лас. Ақидалары түзелсе, өздері де тазаланады. (Имам Раббани)

Мүшрик – Аллаhу та’аладан басқаның ғибадатына тұтылған адам. (Сәййид Абдулхаким Аруаси)

 


Терминге сілтеме

Мүтәшабиh аят

Мағынасы ашық болмаған, жасырын, астарлы мағыналы аяти кәрима. Көпше түрі мүтәшабиhат.

 


Терминге сілтеме

Мүтәшабиhат

Мағынасы ашық болмаған, жасырын, астарлы мағыналы аяти кәрималар мен хадис шәрифтер. Мүтәшабиhаттарға сену керек және мағынасын Аллаhу та’алаға қалдыру керек. Бұлар, Аллаhу та’аланың сүйікті құлдарына білдірген сырларының белгілері болып табылады. Бұл аяттарды түсінгендер мағыналарын ашықтамаған.

Аллаhу та’ала аяти кәримада былай деген: «Саған Құран кәрімді түсірген Ол (Аллаhу та’ала). Құрандағы аяттарының бір бөлігі ашық және нақты білдірілген. Бұлар Құранның кәрімнің негізі болып табылады. Ал Құран кәрімнің басқа бөлігі мүтәшабиhат. Көңілдеріне күмән ұялағандар фитнә (іріткі) және тәуил (мағына) шығару үшін Құрандағы мүтәшабиh аяттарына мойынсұнады. Ал негізінде ол мүтәшабиh аяттардың мағынасын тек қана Аллаhу та’ала біледі. Терең білімді адамдар; «Біз оларға (мүтәшабиh аяттарға) иман келтірдік. Мағынасы ашық және жасырын аяттартардың барлығы Раббымыз тарапынан білдірілген» деп айтады. Бұларды тек ақылы толық адамдар мұқият ойланады. (Али Имран сүресі 7)

Мухкәм (мағынасы ашық болған аяттарға) мойынсұныңдар. Мүтәшабиhатқа сеніңдер. Бұларға иман еттік, барлығы Раббымыз тарапынан білдірген деп айтыңдар. (Хадис шәриф – Ақидатус-Сәләф)

Мүтәшабиh аяттар екі бөлімнен тұрады. 1) Сөздері мүтәшабиh аяттар болып, жиырма тоғыз сүренің басындағы Сад, Таhа, Әлиф лам мим, Ясин сияқты әріптер. 2) Мағынасы мүтәшабиh аяттар болып, көріністегі, тура мағынасын беру күнә болады. Мысалы Исра сүресіндегі: «Аллаhтың қолдары олардың қолдарының үстінде» аяты сияқты. Аллаhу та’аланың бұл аяттағы мақсаты не болса соған сендім деп айту керек. Мұның мағынасын мен түсіне алмаймын, оның мағынасын тек қана Аллаhу та’ала біледі, деп айту ең жақсы жол. Мүтәшабиh аяттардың мағынасын тек қана Аллаhу та’ала және Аллаһу та’аланың «Ләдун ілімін» берген терең білімді ғалымдар білдірілгені бойынша түсіне алады. Мысалы тәфсир ғалымдары мүтәшабиh болған «қол» сөзіне «құдірет, күші жету» деген мағыналарды берген. (Қадызада Ахмет, Мәулана Халид Бағдади, Рази, Суйути)



 


Терминге сілтеме

Мәһди

Қияметке жақын келетіні пайғамбарымыз тарапынан хабар берілген және исламмен әділеттілікті жер бетіне жаятын мүбәрәк адам.

«Жер бетін күпірлік қаптамағанша және барлық жерге күпірмен кәпірлік жайылмағанша хазреті Мәhди келмейді.» (Хадис шәриф – Әл-Қаул-ул-Мухтасар)

«Мәhдимен сүйіншіленіңдер. Мәhди Құрайш тайпасынан және менің әhли бәйтімнің бірі. Ол адамдардың келіспеушілікке (түсініспеушілікке) және қоғамдық құлдырауға ұшыраған кезде шығады. Мәһди өзінен бұрын зұлым және азапқа толы болған дүниені әділдік және ынсаппен толтырады.» (Хадис шәриф – Әл-Қаул-ул-Мухтасар)   

«Мәһдидің төбесінде әрдайым бір бұлт қалқып жүреді. Бұлттан бір періште: “Бұл Мәһди, оның сөзіне құлақ салыңдар!” дейді.» (Хадис шәриф – Әл-Қаул-ул-Мухтасар)

Күтілген Мәһди хазреті Фатиманың (радиаллаһу анһа) тегінен болады. Меккеден шығады. Ол кезде мұсылмандар халифасыз болады. Ол қаламаса да, мұсылмандар оны мәжбүрлеп халифа сайлайды. Шыққан кезде жасы қаншада болатыны нақты білдірілген емес. (Ахмед Зәйни Дахлан)

Аллаһу та’ала Ислам дінін пайғамбарымыз алейһиссаламмен қалай бастаған болса хазреті Мәһдимен солай аяқтайды. Саны Бәдір соғысына қатысқан сахабалардың саныдай болған бір топ адам хазреті Мәһдидің артынан ереді (әміріне мойынсұнады) және әр залым адам оның алдында жеңіліске ұшырайды. Заманы өте қызығарлықтай әділеттілікпен толады. (Ибн Хажар Мекки) 

 

Терминге сілтеме

Мушаббиха

Аллаһу та'аланы денеге (затқа) және жаратылыстарға ұқсататын, Құран кәрімдегі мутәшабих (астарлы мағыналы) аяттарын тікелей мағынасы бойынша ашықтап, Аллаһу та'аланың қолы және жүзі сияқты мүшелерінің бар екендігін айтатын адасқан ағым.

Мушаббиха адасқан жолын ең алғаш жариялаған түбі яһуди болған Абдуллаһ бин Сәбә атты азғын. Хижри жыл санағы бойынша бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Хишам бин Сәлим әл-Жәуалики және Хишам бин Хакем сияқты адамдар да мушаббиха ағымының өкілдері болған. Мушаббихалардың адасқан пікірлері мынадай: «Құдайдың тәні, денесі бар, соңы және шегі бар. Ұзақтық, кеңдік және тереңдік иесі. Ол жарық сәуле. Жан-жағына сәуле шашатын жұмыр інжу маржандай жарқыраған таза алтын сияқты. Түсі, дәмі, иісі бар. Құдай кейде қимылдайды, кейде әрекетсіз тұрады. Ол өзінің қарысымен жеті қарыс.» (Абдулқаһир Бағдади)

Мушаббиха негізде екіге бөлінеді. Біріншісі, Аллаһу та'аланың затын адамға ұқсататындар. Ал екіншісі Аллаһу та'аланың сипаттарын адамдар мен басқа да жаратылыстардың сипаттарына ұқсататындар. (Шәхристани)

Өздерін сәләфи деп атайтын және өз мемлекеттеріндегі әһли сүннет (Пайғамбарымыздың және Асхабының жолында болған) дін адамдарын әр мүмкіндікте жамандайтын адамдар, бүгін мушаббиха мен мужәссиманың пікірлерін меңгеріп, жаюға тырысуда. Оларға Хашауи деген ат та берілген, Аллаһу та'аланы жаратылыстарына ұқсататын, дене мен тән деген кәпірлердің басым бөлігі мушәббиха мен мужәссима ағымдары. (Әбу Зухра, Ибн Жәузи)

 


Терминге сілтеме