28 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Парыз (фарз)

Аллаһу та’ала орындалуын Құран аяттарында айқын және нақты түрде әмір еткен нәрселерге парыз делінеді. Парызды орындамау харам. Бұларға сенбеген және мән бермеген кісі кәпір болады. Парыз екіге бөлінеді: Парыз айн және парыз кифая.

«Құлым парыздарды орындау арқылы маған жақындағанындай басқа нәрселермен жақындай алмайды. Құлым нәпіл ғибадаттарын орындаған кезде оны өте қатты жақсы көремін. Ол менімен бірге көреді, естиді, жүреді, менімен бірге әр нәрсені ұстайды. Менен не сұраса беремін, маған сиынса оны қорғаймын.» (Хадис құдси – Бұхари)

«Ей құлым! Әмір еткен парыздарымды орында, сонда адамдардың ең абиді (ғибадат еткені) боласың. Мен тыйым салған харамдардан сақтан, уәра иесі боласың. Берген ризықыма қанағат ет, сонда адамдардың ең байы боласың, ешкімге мұқтаж болмайсың. (Хадис құдси – Мишқат, Жами-ус-Сағир)

Аллаһу та’ала разы болатын істер парыздар мен нәпіл ғибадаттар болып табылады. Бірақ парыздардың жанында нәпіл ғибадаттардың еш қадірі жоқ. Бір парыз ғибадатты өз уақытында орындау, мың жыл нәпіл ғибадаттарды орындаудан да пайдалы. Тіпті бір парызды орындаған кезде оның сүннеттерінің бір сүннетін және әдептерінің бір әдебін орындау да, басқа нәпіл ғибадаттарды орындаудан қаншама есе құнды. (Имам Раббани)


Терминге сілтеме

Парыз айн

Әрбір мұсылманның жеке өзінің орындауы тиіс парыздар.

Иманды яғни әһли сүннет ақидасын, жақсы және жаман мінез-құлықтарды үйрену парыз айн. Дәретті, ғұсылды, намазды, оразаны және харамдарды да әрбір мұсылманның үйренуі (және орындауы) парыз айн болып табылады. (Имам Раббани)


Терминге сілтеме

Парыз кифая

Бірнеше мұсылман немесе біреуінің  ғана орындауымен қалғандарын жауапкершіліктен құтқаратын парыздар.

Құран кәрімді тыңдау парыз кифая. Құран кәрімді тыңдау, Оны оқудан және нәпіл ғибадаттардан да сауабы көп. (Халеби Кәбир)

Жаназа намазын оқу, мәйітке қызметті, өнер және сауда білімдерін (және қазіргі таңдағы қару-жарақтарды жасау және қолдану үшін жаратылыстану (дүниелік) ғылымдарды) жақсы үйрену парыз кифая болып табылады. (Юсуф Синанәддин)

Құрандағы бір аятты жаттау әркімге парыз айн. Фатиха сүресі мен үш аят немесе бір қысқа сүре жаттау уәжіп. Ал Құран кәрімді толығымен жаттау парыз кифая болып табылады. (Алауддин Хаскәфи)


Терминге сілтеме

Пайыз

Қарызға беруде, кепілде (ипотека, яғни өтелетін мүліктің өтемі ретінде бір мүлікті аманатқа алашақтыға (қарыз берушіге) немесе басқа бір әділ адамға қалдыруда) және сауда-саттықта алушыдан немесе берушіден, біреуінің екіншісіне артық мүлік немесе ақша үстеме беруін шарт ету арқылы келген табыс. Файыз, риба, өсім деп те айтылады.

Аллаһу та’ала аяти кәрималарда былай деген:

«Пайыз (өсім) жегендер қиямет күні қабірлерінен қояншық ауруы бар адамдай есеңгіреп тұрады.» (Бақара сүресі 275)

«Аллаһу та’ала пайыз (өсім) алған және бергендердің мал-мүліктерін жояды. Ізін де, белгісін де қалдырмайды. Зекет бергендердің мал-мүліктерін әлбетте арттырады.» (Бақара сүресі 276)

«Ражаб айының алғашқы жұма түні құлшылық қылған адамды Аллаһу та’ала қабір азабынан құтқарады. Дұғаларын қабыл етеді. Тек 7 түрлі адамды кешірмейді және дұғаларын қабылдамайды: Пайызға (өсім) ақша берген және алған адам, мұсылмандарды төмен санаған адам, ата-анасына қарсы келген бала, мұсылман және діннің бұйрықтарына бағынатын күйеуін тыңдамайтын әйел, өлең айтып, сазды аспаптар шалатын адам, зинақорлық жасайтын адам, бес уақыт намаз оқымайтын адамдар». (Хадис шәриф – Риядун-Насихин)

"Берген мөлшерінен артығымен қайтарып алу шартымен қарызға беру пайыз (фаиз-өсім) болады. Яғни осындай келісімшарттар харам болып табылады. Харам келісіммен табылған мал-мүліктің барлығы харам болады. Мысалы: 12 кг бидай қайтарып алу шартымен 10 кг бидай қарызға берілсе, алынған 12 кг-ның барлығы харам болып табылады. Өсімге қарыз беру және алудың харам екендігі Құран кәрімде ашық түрде білдірілген." (Имам Раббани)

"Ысыраптың яғни мал-мүлікті діни тұрғыдан дұрыс болмаған жерлерге жұмсаудың жаман екендігін көрсеткен дәлелдердің біреуі пайыздың харам болуы. өсімге ақша алу және беру үлкен күнә. Пайыздың харам болуының себебі адамдардың мал-мүлкін сауда-саттық жасағанда зиян көруден қорғау болып табылады." (Имам Биргиуи)

"Соңғы демде имансыз кетуге себеп болатын нәрселердің бірі – пайыз (фаиз - өсім) алу және беру." (Хамза)

"Пайыз тек Исламда емес, сәмауи діндердің яғни алдыңғы келген хақ діндердің барлығында харам еді. Пайыздың азы да, көбі де харам. Ең үлкен күнәлардан болып табылады." (Мұхаммед Рабхами)

"Әрбір табыс және пайда түсіретін қарыз – пайыз (өсім) болып табылады." (Алауддин Хаскәфи)


Терминге сілтеме

Пітір (Фитр)

Пітір – қажеттілік заттардан және қарыздардан артылатын зекет нисабындай (байлық мөлшері) мал-мүлкі немесе ақшасы бар әрбір мұсылманның рамазанның айт намазына дейін кедейлерге беруге міндетті болған белгілі мөлшердегі бидай немесе арпа, құрма немесе мейіз, осылардың құнына тең келетін алтын немесе күміс. Бұған пітір садақасы немесе фытра деп те айтылады.

 "Пітір ретінде кісі басына 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 гр арпа, құрма немесе мейіз беріледі. Бұлардың өзі берілгендей, құнына тең алтын немесе күмісті де беруге болады. Бидай, ұн беру қиынға соғатын болса, бұлардың құнына тең нан беруге болады. Нан бергенде ауырлығына емес, ақшасына, құнына қаралады. Ханафиде құны көп болғанын, ал Шафийде бидай беру абзал, өте жақсы болады." (Тахтауи)

"Пітір садақасы рамазан айында немесе рамазаннан бұрын немесе айт мейрамынан кейін де берілінуіне болады." (Ибн Абидин)

 

"Ханафи мазһабында күйеуі әйелінің пітірін өз мүлкінен оның рұқсатынсыз беруі жаиз. Сонымен қатар күйеуі әйелінің және үйіндегілердің пітірлерін рұқсаттарын алмастан араластырып бере алатынындай, жалпы мөлшеріндегі бидайды немесе құнына тең болған алтынды бір мәрте өлшеп, бір немесе бірнеше кедейге бере алады. Алайда бөлек-бөлек дайындап кейін араластыруы немесе бөлек-бөлек беруі ықтиятты болады." (Ибн Абидин)


Терминге сілтеме