10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Фәна

Тасаууф іліміндегі термин. Өзін жоқ санау. Масиуаны, Аллаһу та’аладан басқа барлық нәрсені ұмыту, махлұқтарға деген сүйіспеншілін және ойын көңілден шығару, Аллаһу та’аланы көп зікір ету (еске алу) нәтижесінде пайда болған өзін ұмыту халі.

"Фәнаға қауышу үшін қажет болған он нәрсе: тәубе, зуһд (дүниелікке берілмеу), тәуәккүл ету, қанағат ету, узлет, яғни дінді, ахлақты бұзатын адамдардан, кітаптардан сақтану, зікір ету (барлық істе Аллаһу та’аланы еске алу), тәуәжжуһ (барлық қалау мен тілектерден арылып Аллаһу та’алаға бет бұру), сабыр, мурақаба (өзін есепке тарту) және разы болу (Аллаһу та’аладан келген нәрсенің барлығына мойынсұну) болып табылады." (Ахмед Фаруқи)

"Марифат (Аллаһу та’аланы тану) және шынайы иман – фәна халінің пайда болуына және өлместен бұрын болған өлімге (ғафлеттен ұзақ болып, әр сәтте Аллаһу та’аланы еске алуға) байланысты болғандықтан фәна халі көп болған адамның иманы әрдайым кәміл (жетілген) болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді: «Әбу Бәкірдің иманы бүкіл үмбеттің имандарының қосындысымен тартылатын болса, Әбу Бәкірдің иманы ауыр басады.» Өйткені ол фәна мақамында бүкіл үмбеттен (әрбір мұсылманнан) да үстем еді. Асхаби кирамның барлығы фәна мақамына қауышқан еді." (Мұхаммед Масум)

"Фәна және бәқа – иесінің ар-ұжданына байланысты. Тілмен, сөзбен жеткізу қиын. Дәмін татумен түсінуге болады." (Абдулхаким Аруаси)

Терминге сілтеме


Фәна филлаһ

Көңілдің (жүректің) тек Аллаһу та’аланы ғана жақсы көруі. Оның ұнатқан нәрселерінде фәни болу, яғни Оның сүйгендерін жақсы көру, Оның сүйгендерін өзі үшін сүйікті деп білу.

Терминге сілтеме


Фәна фиш-шәйх

Тасаууф ілімінде шәкірттің әулие болған ұстазының қалауы мен талаптарына бағынышты болуы, өз қалауын, өз еркін оның қолына тапсыруы. Мәйітті жуатын адамның қолындағы мәйіттей болуы. Оның ешбір ісіне араласпауы.   

Терминге сілтеме


Фәна-и әтәмм

Толық фәна. Әулиелік мақамдардың соңы. Әулиенің “мен” дейтін орын таппауы.

Терминге сілтеме


Фәна-и ирада

Қалау және тілектердің жоқ болуы.

Терминге сілтеме


Фәна-и қалб

Махлұқтардың (жаратылғандардың) барлығының, сүйіспеншілігін көңілден (жүректен) шығару. Көңілдің Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсені білмеуі және жақсы көрмеуі, ұмытуы.

"Фәна-и қалб пайда болғанда көңілде (жүректе) хатара (махлұқтарды ойлау халі) қалмайды. Бірақ санадан кетпейді." (Ахмед Рауф)

"Фәна-и қалб иесі қаласа да, қаламаса да Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсені ойына келтіре алмайды. Бұл фәна көңілмен (жүрекпен) зікір етудің нәтижесі болып табылады." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Фәна-и нәфс

Адамның өзіне және басқаларға деген байланысының қалмауы. “Менмендік” дегенді ұмытып тастауы. Яғни Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсені білмеуі және жақсы көрмеуі.

"Фәна-и нәфс мәртебесінде махлұқтарды ойлау санадан кетіп, жоқ болады." (Ахмед Рауф)

"Фәна-и қалбтен кейін фәна-и нәфс, одан кейін итминани нәфс, одан кейін Ислами хақиқи (шынайы Ислам) пайда болады." (Мұхаммед Масум)

"Фәна фиш-шәйх – хақиқи (шынайы) фәнаның бастамасы." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Фәраиз

1) Бір адам қайтыс болғанда тастап кеткен мал-мүлкінің кімдерге және қалай үлестірілетінін үйрететін ілім, мирас құқығы.

«Фәраиз ілімін үйренуге тырысыңдар! Бұл ілімді жастарға үйретіңдер! Фәраиз ілімі – дін білімінің жартысы. Үмбетімнің ең бірінші ұмытатын, тастап кететін нәрсесі осы ілім болады.» (Хадис шәриф – Ибн Мажә, Дара Қутни)

"Фәраиз ілімі ислам құқығының бір бөлімі болып табылады. Мәртебесі мен үстемдігінің арқасында өз алдына жеке ілім тармағы болды." (Кәмалиддин Мұхаммед)

2) Фарз сөзінің көпше түрі, фарздар дегенді білдіреді. (Парыз бөлімін қараңыз)

"Ғибадаттар -  фәраиз (парыз ғибадаттар) және фәдаил (нәпіл ғибадаттар) болып екі бөлікке бөлінеді." (Қудури)

Терминге сілтеме


Фәтх сүресі

Құран кәрімнің қырық сегізінші сүресі.

Фәтх сүресі хижреттің алтыншы жылы Худәйбийа келісімінен қайтар жолда Мекке мен Мәдина арасында түсті. Жиырма тоғыз аяти кәримадан тұрады. Исламның жақында жеңіске қол жеткізетіндігін, жетістікті және жеңісті сүйіншілегендіктен Сурат-ул-Фәтх деп аталды. Сүреде пайғамбарымыз алейһиссалам және мүминдер үшін берілген және берілетін ниғметтер, мұнафиқтарға және мүшриктерге берілетін азаптар естеріне түсірілуде және жиһадтан кеш қалғандар және басқа да тақырыптар айтылуда.

Аллаһу та’ала Фәтх сүресінде былай деген:

«(Хабибім) Біз сені мүминдердің (иман келтіргендердің) иманына, кәпірлердің (қарсы шыққандардың, сенбегендердің) күпірлігіне (бас тартуларына) куәгер, мүминдерді жаннатпен сүйіншілеуші, кәпірлерді тозақ азабымен қорқытушы етіп жібердік.» (8-ші аят)

 «Кімде-кім Аллаһқа және пайғамбарына иман келтірмесе, сенбесе сөзсіз біз ол кәпірлерге ауыр азап дайындадық.» (13-ші аят)

 «Кімде-кім Фәтх сүресін оқыса, Меккенің алынуында Расулуллаһпен бірге болғандай болады.» (Хадис шәриф – Тәфсири Қазы Бәйзауи)

 «Рамазан айының бірінші түні кім намазда Фәтх сүресін оқыса, Аллаһу та’ала ол адамды жыл бойы қорғайды.» (Хадис шәриф – Рух-ул-Бәйан)

Терминге сілтеме


Фәтуа

Қандайда бір істің дінге (исламға) сай немесе сай еместігіне қатысты муфти тарапынан берілген жауап.

«Қолыңды көкірегіңе қой! Халал нәрседе жүрек тыныш болады. Харам нәрседе қатты соғады. Күмәнға түссең жасама! Дін адамдары фәтуа берсе де жасама!» (Хадис шәриф – Мәктубати Масумийа)

"Фәтуа беретін ғалымға муфти делінеді. Муфтидің мүжтәһид (Құран кәрім мен хадис шәрифтерден үкім шығара алатын ғалым) болуы керек. Ондай болмаған адамға муфти делінбейді, "фәтуаны нақыл етуші" делінеді. Олар фәтуаны мәшһүр фиқһ кітаптарынан алып, мүжтәһидтердің сөздерін білдіреді." (Ибн Хумам)

"Фиқһ кітаптарына сай болмаған фәтуалар қате болып табылады. Бұларға мойынсұнылмайды." (Абдуррахман Силһәти)

"Дін ілімінде сөйлейтін адам Аллаһу та’аланың өзіне “Менің дінімде сен қалай фәтуа бердің, қалай сөйледің?” деген сұрақтың сұралмайтынын ойласа, дінге немқұрайлы қараған болады." (Имам Ағзам Әбу Ханифа)

"Жетпіс имам (ғалым) куәлік етпестен фәтуа беруді бастамадым." (Имам Малик)

"Дін және дүние істерінде білмейтін мәселесінде фәтуа берген адамға періштелер лағынет айтады." (Хадими)

Терминге сілтеме


Фәттах (Әл-Фәттах)

Аллаһу та’аланың әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен). Құлдарына жақсылық есіктерін, тілектеріне қауышуды қалаған құлдарына жабық есіктерді ашушы, пайғамбарларын дұшпандарының қолдарынан құтқарып, мемлекеттердің алынуын муйассар (оңай) қылушы, әулиесіне (сүйікті құлдарына) мелекутының (көзбен көрінбейтін әлемнің) есіктерін ашып, көңіл көздерінің пердесін ашушы деген мағыналарды білдіреді.

Құран кәрімде былай делінеді: «Ол (Аллаһу та’ала) – Фәттах. Ғалым.» (Сәбә сүресі 26)

Терминге сілтеме


Фил сүресі

Құран кәрімнің жүз бесінші сүресі

"Фил сүресі Меккеде түсті. Бес аяти кәрима. Сүреге Қағбаны құлатуға тырысқан Йемен басшысы Әбраханың, пілдермен де жасақталған әскермен шабуылын білдіргендіктен “сурәтул-фил” делінген. Сүреде исламнан бұрын да қасиетті саналған Қағба муаззамаға қарсы бағытталған шабуылдың қайғылы ақыры айтылады." (Ибн Аббас, Қуртуби)

Аллаһу та’ала Фил сүресінде былай дейді:

«(Ей Расулым!) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? Ол бұлардың қулықтарын босқа жібермеді ме? Олардың үстіне топ-топ құстар жіберді. Құстар оларға (піл иелеріне) балшықтан жасалған тастар атып, сонда (Аллаһу та’ала) оларды желінген жапырақ тәрізді қылды.» (1-5 аяттар)

Терминге сілтеме


Фирдаус жаннаты

Сегіз жаннаттың алтыншысы.

 «Расында иман келтіріп, жақсы амал және әрекет еткендер үшін олардың қонақ үйлері Фирдаус жаннаты болады.» (Кәһф сүресі 107)

«Жаннатта жоғары қарай бір-бірлерінің үстінде орналасу жолымен жүз дәреже және мәртебе бар. Көлемі де өте үлкен. Фирдаус – мақам тұрғысынан ең кереметі. Жаннаттың төрт өзені болған бал, сүт, су, шарап (жаннат сусыны) Фирдаустан ағады және Фирдәустың үстінде арш бар. Олай болса Аллаһу та’аладан жаннатты сұраған кездеріңде Фирдаусты сұраңдар!» (Хадис шәриф – Ихия)

"Дүниеде қарапайым мінезді адамдарға сүйіншілер болсын, қиямет күні олар күрсі иелері болады. Дүниеде араздарды татуластырғандарға сүйіншілер болсын, қияметте Фирдаус жаннатына олар мұрагер болады." (Хазреті Иса)

Терминге сілтеме


Фухш

Жаман, ұятсыз, әдепке қайшы сөз, іс-әрекеттер және өрескел нәрселер. Ар-ұятқа қайшы істерді басқаларға ашық сөздермен айту.

«Ұяттылық иманнан. Фухш (ұятсыздық) қасіреттен. Иман жаннатқа, ал қасірет жаһаннамға алып барады.» (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбәл)

«Фухш адамның былғанышы, ұяттылық әшекейі.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

«Фухш айтқандардың жаннатқа кірулері харам.» (Хадис шәриф – Ибн Әбиддуния)

"Он нәрсе соңғы демде имансыз кетуге себеп болады: 1) Аллаһу та’аланың əмірі мен тыйымдарын үйренбеу. 2) Иманын Əһли сүннетке сай дұрыстамау. 3) Дүние-мүлкіне, атағына құмар болу. 4) Адамдарға, жануарларға, өзiне зұлымдық ету. 5) Аллаһу та’алаға шүкір етпеу жəне жақсылық еткендерге рахмет айтпау. 6) Имансыз болудан қорықпау. 7) Бес уақыт намазды уақытылы оқымау. 8) Пайызға ақша беру, алу. 9) Дiндар мұсылмандарды төмен көру, менсiнбеу. Оларды заман ағысынан керi қалғандар деп айту. 10) Фухш (ұятсыз) сөздер айту, жазулар жазу жəне суреттер салу." (Имам Биргиуи)

"Фухш сөздерді, жазуларды және суреттерді айту, жазу және салу соңғы демде имансыз кетуге себеп болады." (Хамза)

"Жыныстық қатынас және дәрет сындыру сияқты тұрпайы сөздерді басқаларға ашық сөздермен айту фухш болып, харамға жақын мәкрух болады. Бұларды айту ұятты, қымсынуды азайтады. Әдепті және салих болған адам ұятсыз сөздер сөйлеуге мәжбүр болғанда айқын болмаған, өзге сөздермен айтып жеткізеді. Мысалы: Құран кәрімде жыныстық қатынас үшін жақындау мағынасындағы “ләмс” сөзі айтылған." (Абдулғани Наблуси)

Терминге сілтеме


Фурқан сүресі

Құран кәрімнің жиырма бесінші сүресі.

"Фурқан сүресі Меккеде түсті. Жетпіс жеті аяти кәрима. Дұрысты бұрыстан ажыратушы деген мағынадағы Құран кәрімнің есімдерінен болған және бірінші аяти кәримада өткен Фурқан сөзі сүреге есім болған. Сүреде Құран кәрімнің жіберілуінің хикметтері, мүшриктердің (Аллаһу та’алаға ортақ қосқандардың) Құран кәрім және Расуллуллаһ алейһиссаламға қарсы ұстанымдары, Аллаһу та’аланың құдіреті және ұлылығы, пайғамбарлық, қияметтің жағдайлары, халисты (ихласты) мүминдердің қасиеттері айтылады." (Қуртуби, Табарани)

Аллаһу та’ала Фурқан сүресінде былай дейді:

«Адамды судан жаратып, туыс-бауыр берген Аллаһу та’ала.» (Аят 54)

«Кімде-кім Фурқан сүресін оқыса, болашағы күмәнсіз және міндетті болған қиямет күнінде Аллаһу та’алаға мүмин болып қауышады және есепсіз түрде жаннатқа кіреді.» (Хадис шәриф – Қазы Бәйдауи Тәфсирі)

Терминге сілтеме


Фуссиләт сүресі

Құран кәрімнің қырық бірінші сүресі. “Сәжде” сүресі және “Ха-мим” деп те айтылады.

"Фуссиләт сүресі Меккеде түсті. Елу төрт аяти кәримадан тұрады. Үшінші аяти кәримада “ашықталды” деген мағынадағы “Фуссиләт” сөзі сүреге есім болған. Сүреде Құран кәрімге сенбеген мүшриктердің (пұтқа табынғандардың) лайықты жазалары, сенбеген өткен қауымдардың бастарына келген қиыншылықтар, Аллаһу та’аланың бар және бір екендігі, Құран кәрімнің түсірілуіндегі хикметтер, мұсылмандардың ахлақы, дүние мен ахирет мәртебелері айтылады." (Ибн Аббас, Рази)

Аллаһу та’ала Фуссиләт сүресінде былай дейді:

«Ол Құранға ешбір тараптан өзгерістер кірмейді. Өйткені Оны барлық ісі хикметті және Махмуд (мақтаулы) болған Аллаһу та’ала түсірген.» (42-ші аят)

«Кімде-кім Фуссиләт сүресін оқыса, Аллаһу та’ала әрбір әрібіне он сауап береді.» (Хадис шәриф – Қазы Бәйдауи Тәфсирі)

Терминге сілтеме