25 Қыркүйек 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Хижрет (хижра)

Бір жерден басқа жерге көшу, қоныс аудару деген сөз. Пайғамбарымыздың Меккеден Мәдинаға қоныс аударуы.

Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уәсәлләм елу үш жасында Аллаһу та’аланың рұқсатымен Мәдина-и Мунаууараға хижрет етті. Сафар айының 27-сі бейсенбі күні таңертең ерте үйінен шығып, түстен кейін Әбу Бәкір Сыддықтың үйіне келді. Сәлден кейін бірге үйден шығып, Сәур тауындағы үңгірге келді. Бұл таудың жолы өте нашар еді. Мүбәрәк аяқтары қанады. Үңгірде үш түн болып, дүйсенбінің түнінде жолға шықты. Бір апта жол жүріп қыркүйек айының 27-сі және Рабиул-әууәл айының 8-і дүйсенбі күні Мәдинаның маңындағы Куба ауылына келді. Рабиул-әууәл айының 12-сі жұма күні Мәдинаны өзінің келуімен мәртебелендірді. (Ахмед Жәудәт Қасталани)


Терминге сілтеме

Хызыр алейһиссалам (Қыдыр ата)

Ибраһим алейһиссаламнан кейін өмір сүрген пайғамбар немесе әулие. Еуропа және Азия құрлығын билеген Зұлқарнайын алейһиссаламның әскерінің қолбасшысы және бөлесі болған. Атының Бәлқа бин Мәлқан лақап атының Әбул-Аббас болғаны және тегінің Нұх алейһиссаламның Сам деген ұлына тірелетіні білдірілген. Кейбіреулер Хызыр алейһиссаламның Исраил ұрпақтарынан екенін айтқан. Хызыр деген лақап атпен мәшһүр болуының себебі – тақыр бір жерге отырып, ол жерден тұрған кезінде сол жердің жап-жасыл болуы. Сахих Бұхари кітабында білдірілген бір хадис шәрифте пайғамбарымыздың «Хызыр алейһиссалам шөпсіз, тақыр бір жерге отырғанында ол жер бірден жап-жасыл болып, артынша желмен тербеліп тұратын» дегені хабар берілген. Өлімінен кейін рухы адам бейнесінде көрініп, қиналған жандарға көмектесуде.  

Хызыр алейһиссалам Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарының бірі. Туылды, үлкейді және қайтыс болды. Тек, Аллаһу та'ала оның рухына адам кейпінде көріну және қияметке дейін көмек сұраған мұсылмандардың жәрдеміне жетіп бару,  көмектесу, сөйлесу, ілім үйрену және үйрету қасиеттерін берді. Кейбір ғұламалар «Нәби» (пайғамбар) десе, кейбіреулері «әулие» болған дейді. Хызыр алейһиссалам көркем мінезді, жомарт және адамдарға өте мейірімді еді. Аллаһу та'аланың рұқсатымен керемет иесі болып, химия ғылымын білетін еді. Аллаһу та'аланың білдіруімен ләдун ілімін де білді. Хызыр алейһиссаламның Мұса алейһиссаламмен кездесуі, бірге сапар шегуі Құран кәрімде Кәһф сүресінің 60 пен 80-ші аяттарында және хадис шәрифтерде білдірілген. Пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларымен бірге Тәбук соғысында екінді намазын оқығаннан кейін екі шумақ есітті. Бірақ, бұл шумақтарды айтқан адам жоқ еді. Расулуллаһ алейһиссалам: «Бұл шумақтарды айтқан бауырым Хызыр, сендерді мақтап жатыр» деді. Хызыр алейһиссалам көптеген әулиелердің тасаууфта ілгерілеуінде жол сілтеуші болған, файз-береке берген. Хызыр алейһиссаламның тасаууфта жетілдірген ең мәшһүр шәкірті - ғалым, әулиелердің бірі Абдулхалиқ Ғиждуани. Хызыр алейһиссалам Ілияс алейһиссаламмен бірге пайғамбарымыздың қайтыс болғанында бөлмесіне келіп әһли бәйт үшін сабыр етулерін айтады. Олардың келгендерін және сабыр етуді айтқандарын әһли бәйтке хазреті Әбу Бәкір білдірді.


Терминге сілтеме

Харижилер (харижит)

Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ. Өйткені Әһли сүннет сенімінде сахабаларды бөліп-жармай барлығын жақсы көру керек, ал харижилер сахабалардың кейбіреулерін жек көрмек түгілі, кәпір деп те жала жабады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Барлық нәрсенің негізі бар. Мұсылмандықтың негізі – сахабаларымды және әһли бәйтімді жақсы көру.» (И. Нәжжар)

Харижилер «Амал иманның бөлігі» деп айтады, ал амал иманның бөлігі емес. Күпірліктің терісі – иман, ал күнәнің терісі – ғибадат. Иманды тәрк еткен адам кәпір болады. Ал ғибадатты тәрк еткен адам күнәһар болады. Ғибадатсыз иман өтеді, қабыл болады. Ал имансыз жасалған ғибадат қабыл болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Зина жасаған, ұрлық жасаған, ішімдік ішкен мұсылмандар да жаннатқа кіреді.» (Бұхари)

«Жүрегінде зередей (титімдей) иманы болған адам тозақта мәңгі қалмайды.» (Бұхари)

«Үлкен күнә істеген мұсылмандарға шапағат етемін.» (Нәсаи, Тирмизи)


Терминге сілтеме

Хидаят

1) Дұрыс жолды көрсету, дұрыс және Аллаhу та’аланың разы болатын жолда болу. Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«(Олар) хидаятты беріп, адасушылықты сатып алды. Бұл саудаларынан пайда таппады. Дұрыс жолды таба алмады. (Бақара сүресі 16)

«Хидаят жолын үйренгеннен кейін, пайғамбарға мойынсұнбай, мүміндердің жолынан айрылған адамды, өзі бұрылған жағына тартамыз және тозаққа тастаймыз.» (Ниса сүресі 114)

«Ғибадаттарын ықыласпен (Аллаhу та’аланың разылығы үшін) жасағандарға сүйіншілер болсын. Бұлар хидаят (тура жолдың) жұлдыздары болып, фитналардың қараңғылықтарын жояды. (Хадис шариф-Бәриқа)

Адамның жаратылысы екі нәрсеге: хидаятқа және адасушылыққа бейім болып жаратылған. Оған хидаят, үстемдік тарапын таныту және мұны қуаттандыруға талпындыру үшін бір ұстаз қажет. (Мұхаммед Хадими)

 

2) Аллаhу та’аланың адамның жүрегінен барлық қиыншылықты, таршылықты алып, орнына тыныштық, кеңдік беріп, әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнуда жеңілдік көрсетуі және құлдың ризалығын өз тағдырына бағынышты етуі.

Құран кәрімде былай делінген: «Өздеріне ғылым мен хидаят берілген адамдар білімдерін адамдардан жасырса, оларға Аллаhу та’аланың және лағнет еткендердің лағнеті болсын. (Ниса сүресі 106)     


Терминге сілтеме

Хұтба

Сөйлеу, хабарлау, уағыз айту деген мағыналарды білдіреді. Имамның жұма намазынан алдын, айт намаздарынан кейін мінберге шығып жамағатқа қарап оқитын, Аллаhқа шүкіршілік, пайғамбарымызға салауат және мүміндерге насихат пен дұғалардан тұратын ғибадат.

Ғибадат – Аллаhу та’аланың әмірлерін орындау деген сөз. Құран кәрім және хұтба оқу – ғибадат.  (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Жұма намаздары мен айт намаздарында хұтбаны қысқа қылып оқу сүннет болып табылады. (Тахтауи)

Хұтбада төрт ұлы халифаның «Хазреті Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (радиаллаhу анhум)» есімдерін  жоғары дауыспен айту, Әhли сүннет жолында болудың белгісі. (Ахмед Фаруқи)

Хұтба оқылып жатқанда орын ауыстырып, жанында отырғандарды мазалау харам болып табылады. (Ибн Абидин)

Хазреті Омар бір хұтбасында былай деген: Ей адамдар! Құран кәрімді үйреніп, онымен амал етіңдер! (Әмірі мен тыйымдарына мойынсұныңдар). (Ибн Абди Раббиh)

Омар ибн Абдулазиз алғашқы хұтбасында былай деген: Ей адамдар! Іштеріңді (көңілдеріңді) түзеңдер, сонда сырттарың (істерің) де түзеледі. Ахиреттеріңді жақсартыңдар, сонда дүниелерің де жақсы болады. (Ибн Абди Раббиh)

Құдыстың жеңісінде, ұлы ғалым Ибн Зәки хұтбасында былай деген: Ей жамағат! Ислам дініне көмектесіңдер. Бұл жолдағы қызметті бір мүмкіндік деп біліңдер. Бір нәрсені жақсы біліп алыңдар, амалдар нәтижелеріне қарай бағаланады. Аллаhу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнуда сіздер мен біздерге Аллаhу та’аланың жәрдемі болсын. Сіздерге Аллаhу та’аланың өзі көмектессе сіздерді кім жеңе алады. Егер көмектеспей, жалғыз тастап қойса, сіздерге кім көмектесе алады. (Ибн Ражаб)

 


Терминге сілтеме

Хажәр-ул-әсуад

Хажәр-ул-әсуад – Қағба-и Муаззаманың шығыс бұрышында бір жарым метр биіктікте орналасқан және жаннат жақұттарынан болған жылтыр қара тас.

Хазреті Омар Хажәр-ул-әсуад тасына қарап «Сен ешнәрсе істей алмайсың, бірақ Расулуллаһқа мойынсұнып сені сүюдемін» деді. Хазреті Әли мұны естігенінде Расулуллаһтың «Хажәр-ул-әсуад қиямет күні адамдарға шапағат етеді» дегенін айтты. Хазреті Омар Хазреті Әлидің бұл сөзі үшін рахмет айтты. (Дауд бин Сүлейман)

Ибраһим алейһиссаламмен баласы Исмаил алейһиссалам Қағбаны тұрғызғандарында періштелер тас тасып Исмаил алейһиссаламға көмектесті. Хажәр-ул-әсуадты қоюға кезек келгенде Ибраһим алейһиссалам: «Ей Исмаил, жақсы тас әкел, қажыларға ишара болсын» деді. Исмаил алейһиссалам бір тас әкелді. Ибраһим алейһиссалам: «Бұдан да жақсы тас әкел» дегенінде, Әбу Қубәйс тауынан «Жәбрейіл алейһиссалам топанда маған бір тас аманат етті, кел соны ал» деген дауыс шықты. Бұдан кейін Хажәр-ул-әсуад тасы Әбу Қубәйс тауынан алынып Қағбадағы орнына қойылды. (Азрақи)

Тауафқа (Қағбаның айналасында айналуға) Хажәр-ул-әсуадтан бастау және осы жерден бітіру сүннет. (Зәулаи)


Терминге сілтеме

Харам

Аллаһу та’аланың Құран кәрiмде  “iстемеңдер” деп ашық бұйырған iстерге айтылады. Харамдардың істелуіне және қолданылуына нақты түрде тыйым салынған. Харам болған нәрселердi тәрк ету, олардан сақтану  парыз және үлкен сауап.

Құран кәрімде былай делінген: «Оларға айт! Раббым бүкіл фухшты (күпірлік және мұнафықтықты), ашық және жасырын болған әртүрлі күнәларды, хақсыз түрде қарсы шығуды, Аллаһу та’алаға ешқашан дәлелсіз түсірген кез келген нәрсемен серік қосуды және білмеген нәрселеріңді Аллаһу та’алаға иснад етуді (өтірік дәлел келтіріп Аллаһу та’алаға жала жабуды) харам етті.» (Араф сүресі 33)

«Көп адамдар бар, олардың жеген-ішкендері, кигендері харам. Кейін қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болады?» (Хадис шәриф – Кимйа-и Садәт)

«Адам харам істеуді ойлап, бірақ Аллаһу та’аладан қорқып істемесе, еш күнә жазылмайды.  Егер істесе бір күнә жазылады.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

«Аллаһу та’ала харам болған нәрселерде сендерге шипа жаратпаған.» (Хадис шәриф – Бұхари)

Харамдардан сақтану ақылды, мәртебелі адамдардың жаратылысынан болып табылады. (Хазреті Әли)

Харамда шипа жоқ. (Имам Раббани)

Харам жолмен келген бір алтынды иесіне қайтару, жүз алтын садақа беруден де қадірлі, жақсы. (Имам Раббани)

Дүниеде харам істеген адам ахиретте одан махрұм қалады. Дүниеде халал нәрселерді қолданғандар, ахиретте сол нәрселердің ақиқатына қауышады. Мысалы бір еркек дүниеде харам болған жібекті киетін болса, ахиретте жібек киюден махрұм қалады. Ал жібек, жаннаттың киімі. Олай болса бұл күнәдан тазаланбағанша жаннатқа кіре алмайды деген сөз. Жаннатқа кіре алмаған адам жаһаннамға кіреді. Өйткені ахиретте бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)


Терминге сілтеме

Харам ли айниһи

Негізі, түбі харам болған нәрселер. Бiр адам бұл iстерден бірін iстеген кезде “бисмилләһ” десе, халал деп сенсе немесе Аллаһу та’аланың харам еткеніне мән бермесе, кәпiр болады. Бұл iстердің харам екендiгiне сенiп, Аллаһтан қорқып істесе кәпiр болмайды, бiрақ тозақ отына лайық болады. Ал егер сол iстi әрі қарай жалғастырып, iстеп жүрiп өліп кетсе имансыз кетуге себеп болады.

Өлген жануар, шошқа еті, арақ сияқты Аллаһу та’ала тарапынан харам етілген нәрселер харам ли айниһи болып табылады. Бұларға халал деп айту күпір болып, иманның кетуіне себеп болады. (Мұхаммед Хадими)

 


Терминге сілтеме

Харам ли ғайриһи

Негізі, түбі харам болмаған, кейін пайда болған себептердің салдарынан харам болған, басқалардың ақысы араласқаны үшiн харам болған нәрселер.

Біреудің бауына кіріп иесінің рұқсатынсыз жемісін үзіп жеу, біреудің үй заттарын және ақшаларын ұрлап жарату харам ли ғайриһи болып табылады. Бұларды істеген адам, істер алдында бисмилләһ айтса немесе «бұларды істеу халал» десе кәпір болмайды. (Мұхаммед Хадими)

  


Терминге сілтеме

Хад

Исламда мөлшері нақты білдірілген жаза.

"Бес күнә үшін хад жазасы бар: Зина, шарап және спиртті ішімдік ішіп мас болу, қазф (намысты еркекке немесе әйелге зина етті деп жала жабу), ұрлық, жол кесушілік (қарақшылық)." (Ибн Абидин)

 

"Хад жазасы күнәның тазалануына себеп болмайды. Күнәдан құтылу үшін қосымша тәубе ету керек." (Ибн Абидин)


Терминге сілтеме

Хадди қазф

Арлы, намысты, пәк болған еркекке немесе әйелге зина еткенін айтып жала жабу себебімен берілетін жаза.

 

Қазф (таза еркекке немесе әйелге зина етті деп жала жабу) Ислам дінінде үлкен күнә. Екі куәгердің хабар беруі немесе қылмыскердің бір рет айтуымен анықталады. Хадди қазф сексен дүре соғу. Хадди қазф, қазф етілген адамның қалауына қарай орындалады.


Терминге сілтеме

Хадди сирқат

Ислам құқығында өзгенің аз немесе көп мүлкін жасырын, әділетсіз немесе разылығынсыз алу себепті берілетін жаза.

"Ақылды және балиғат жасына толған еркек, әйел, құл, қожайын мұсылман немесе зимми (мұсылман емес отандас), он дирхам (33 гр және 65 сантиграмм) күміс ақшаны немесе осы құнда болған мутақаууим (құнды, қолданылуы жаиз және мүмкін) және тұрумен бұзылмайтын бір мүлікті, мұсылман немесе зимми болған иесінің мүлкінен дарул Исламда (мұсылман мемлекетте) барлығын бір ретте жасырын алса және мүліктің иесі сотқа шағымданса хадди сирқат орындалады, қылмыскердің оң қолы білектің ұшынан кесіледі. Екініш рет ұрлаған адамның сол аяғы буынынан кесіледі. Үшіншісінде еш жері кесілмей тәубе еткенге дейін қамауға алынады. Ұрлық – қылмыскердің өзінің бір рет айтуымен немесе екі әділ еркек куәгердің хабар беруі арқылы анықталады." (Ибн Абидин)

 

"Ет, көкөніс, жеміс-жидек, сүт, отын, құс, тауық, әк, көмір, тұз, құмыра, нан, әр түрлі кітаптар т.б. ұрлағанға хадди сирқат қажет болмайды." (Ибн Хумман)


Терминге сілтеме

Хадди зина

Ақылды, балиғат жасына толған және сөйлей алатын мұсылман немесе мұсылман емес әйел мен еркектің, қорқытылмай (мәжбүрленбей), өз еріктерімен зина істеп жатқан жерлерінен ұсталған жағдайда берілуі тиісті жаза. (Ибн Абидин)


Терминге сілтеме

Хадес

Дәретсіздік немесе жүніптік (ғұсылсыздық) жағдайы.

 

"Хадес – кіші хадес және үлкен хадес болып екіге бөлінеді. Кіші хадес: зәр шығару, қандайда бір жерден қан шығуы және дәретті бұзатын басқа да жағдайлармен туындайтын рухани ластану халі. Ол намаз дәретін алумен тазарады. Үлкен хадес болса, жүніптік, хайз және нифас жағдайлары арқылы пайда болатын рухани ластану халі. Бұдан ғұсыл алу арқылы, яғни ауыз, мұрын және бүкіл денені жуу арқылы тазарады." (Мехмед Зихни)  


Терминге сілтеме

Хадестен тахарет

Намаз оқудан алдын орындалуы қажетті парыздардың бірі. Дәреті жоқ адамның дәрет алуы, жүніп, хайз және нифас жағдайларының уақыты біткен әйелдің ғұсыл алуы дегенді білдіреді. 


Терминге сілтеме

Хади (Әл-Хади)

Аллаһу та’аланың әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен). Құлдарынан қалағандарына дұрыс жолды көрсетуші, құлдарының хауасына (таңдалғандарына) адамдардың ауамына (хауастан төменгі дәрежеде болғандарға) жаратқан болмыстары арқылы өзін танытқан ұлы Аллаһ дегенді білдіреді.

Құран кәрімде былай делнеді:

«Раббың Хади, (дұшпанға қарсы) көмекші ретінде жеткілікті.» (Фурқан сүресі 31)

"Аллаһу та’аланың есімдері бар. Есімдері сонымен қатар сипаттары болып табылады. Аллаһу та’аланың Хади және Мудил (адасушылыққа апарушы) сипаттары бар. Адамдардан кейбірдеріне Хади, кейбірлеріне Мудил сипаты арқылы әсер етеді. Біз неге бұлай екендігін түсіне алмаймыз." (Абдулхаким Аруаси) 

 

 


Терминге сілтеме

Хадид сүресі

Құран кәрімнің елу жетінші сүресі.

"Хадид сүресі Мәдина мунаууарада түсті. Жиырма бесінші аяти кәримада темір деген мағынадағы хадидтің маңыздылығынан және пайдалары жайлы айтылғандықтан сүреге Хадид есімі берілген. Барлық жаратылыстардың Аллаһу та’аланы тәсбих ететінін білдірумен басталған сүреде қозғалған басты тақырыптар мыналар: Аллаһу та’аланың мүбәрәк есімдері, сипаттары, мүліктерін Аллаһ үшін жұмсаған адамның өте үлкен сияпаттарға қауышатындығы, кейбір пайғамбарлар алейһимуссалам және үмметтерінің жағдайлары, пағамбарымызға иман келтіргендерге берілген сүйіншілер. (Фахреддин Рази)

Хадид сүресінде былай делінеді:

«Қайда болсаңдар да Аллаһу та’ала сендермен бірге.» (4-ші аят)

«Дүниенің өмірі әлбетте ла’б, яғни ойын-сауықпен шаттық және зинет (сән-салтанат) және тәфахур (мақтаныш) және мал-мүлікті, ақшаны, бала-шағаны көбейту.» (20-шы аят)

 

«Дүниеде болатын барлық нәрсе дүние жаратылмастан бұрын ләуһи махфузда жазылған. Мұны сендерге өмірде жіберіп алған мүмкіндіктерің үшін өкінбеулерің үшін және тапқан табыстарың, Аллаһу та’аланың жіберген ниғметтері арқылы тәкаппарланбауларың үшін білдірудеміз. Аллаһ тәкаппарларды жақсы көрмейді.» (22-ші аят)


Терминге сілтеме

Хадис

1) Жаратылған, жоқ кезде бар болуы, бар кезде жоқ болуы мүмкін, кейіннен пайда болған дегенді блдіреді.

"Әлемнің хадис екендігін көрсететін екінші дәлел әлемнің әрқашан бұзылып өзгеруі." (Кемахлы Файзуллаһ)

 

2) Пайғамбарымыздың мүбәрәк сөздері, істері және көргенінде кедергі болмаған нәрселері.

«Ойынан шығарған сөзді хадис деп айтқан адам, жаһаннамда азап көреді.» (Хадис шәриф - Бұхари)

"Хадис шәрифтерді сахих (дұрыс) немесе ойдан шығарылған екендігін білместен айту, сахих болса да күнә болады. Ондай адамның хадис шәриф оқуы жаиз болмайды. Хадис кітаптарынан хадис нақыл ете алу үшін хадис ғалымдарынан ижазат (диплом) алған болу керек." (Мұхаммед Хадими)

 

Имам Бұхари риуаят еткен бір хадис шәрифте былай делінеді: «Іштеріңдегі ең жақсы көретін адамым – мінезі ең жақсы болғаның.» 


Терминге сілтеме

Хадис ғалымы

Хадис шәриф саласындағы жетік маман.


Терминге сілтеме

Хадиси ахад

Бір адам тарапынан риуаят етілген, білдірілген муснәди муттасыл (расулуллаһ алейһиссаламға  дейінгі риуаят еткендердің, нақыл еткендердің ешбірі нұқсан болмаған) хадис шәрифтер. 


Терминге сілтеме