19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Аср

Намаздігер, екінді намаз уақыты.

Терминге сілтеме


Асри әууәл

Екі имамның (Имам Әбу Юсуф пен Имам Әбу Мухаммедтің) үкімі бойынша аср уақытының басталу мерзімі болып табылады. Қалған үш мазһабтың үкімі де осылай. Кез келген нәрсенің көлеңкесі зауал уақытындағы ұзындығынан, сол нәрсенің бойындай ұзарғанда басталатын уақыт.

Терминге сілтеме


Асри сани

Имам Ағзамның үкімі бойынша екінді намазының басталу уақыты. Кез-келген нәрсенің көлеңкесі зауал уақытындағы ұзындығынан, сол нәрседен екі еседей ұзарғанда басталатын уақыт.

Терминге сілтеме


Аср сүресі

Құран кәрімнің жүз үшінші сүресі.

Аср сүресі, Мекке мукаррамада түсті. Үш аяттан тұрады. Сүреде адамдардың зиянда екендіктері, бұл жаман жағдайдан кімдердің құтылатыны хабар берілуде. (Табери, Ибн Аббас)

Аср сүресінде былай делінеді:

«Ғасырға ант болсын, сөзсіз адам (өмірін тек өткіншіл, дүниелік қалауларына қауышу үшін жұмсағандықтан) үлкен зиянда. Тек иман еткендермен, салих амал (жақсы істер) жасағандар, бір-біріне хақты (сену және орындау қажетті нәрселерді және ғибадаттарды жасау, күнәлардан сақтану жөнінде) сабырды кеңес бергендер бұлай емес. (Олар зиянда емес)» (1-3 аяттар)

«Кімде кім Аср сүресін оқыса, Аллаһу та’ала оның күнәларын кешіреді. Хақты және сабырды кеңес бергендерден болады.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил уә Әсрарут-Тәуил)

Құран кәрімде басқа ешбір сүре түспегенде, осы өте қысқа ғана болған Аср сүресі, адамдардың дүние және ахирет бақыттарын қамтамасыз етуіне жеткілікті болар еді. Бұл сүре Құран кәрімнің бүкіл ілімдерін ішіне қамтыған. (Имам Шафии)

Терминге сілтеме


Аяти хырз

Оқығанында немесе үстінде алып жүргенде Аллаһу та’аланың қамқорлығына қауышуға себепші болатын аяти кәрималар жиынтығы.

Бір ауылдық адам Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләмнің) қасына келді. Бауырының өте қатты ауырып жатқандығын айтты. «Ауруы не?» деп сұрағанында жын ұрған деді. Пайғамбарымыз «Бауырыңды осында алып кел» деп бұйырды. Келгендерінде расулуллаһ алейһиссалам кейбір аяттарды оқып әлгі ауру кісінің үстіне үрледі. Сол мезетте айығып орнынан тұрды. Бұл аяти кәрималар мыналар: Фатиха сүресі, Бақара сүресінің басындағы төрт аят «Уә илаһикум»-нен бастап «йа’қилун»-ге дейін, екі рет 163 және 164-ші аяттары, Аятәл күрси «халидун»-ге дейін, Бақара сүресінің соңындағы «Лиллаһи»-ден басталатын үш аят, Али Имран сүресінің «шәһидаллаһу» деп басталатын он сегізінші аяты, Араф сүресінің «Иннә Раббәкум» деп басталатын елу төртінші аяты, Муминун сүресінің «Фә-тәаллаһу» деп басталатын жүз он алтыншы аяты, Жын сүресінің «Уә әннәһу тәала» деп басталатын үшінші аяты, Саффат сүресінің басынан он аят, Хашр сүресінің соңында «Хуәллаһу» деп басталатын үш аят, Ихлас және Муауизатәйн (Фәлақ, Нас) сүрелері. Дәрет алып, жеті истиғфар және он бір салауат оқып аурудың жазылуына ниет етіп, күн шыққаннан кейін және екінді намазынан кейін, күніне екі рет аяти хырзды оқып аурудың үстіне үрлеу керек, жазылғанға дейін (қырық күндей) жалғастыру керек. (Абдулазиз Дәхләуи)

Терминге сілтеме


Аят

Белгі, ишара, муғжиза, ғибрат.

1) Құран кәрімдегі сүрелерді құрайтын сөз және сөйлемдердің әр бірі. (Арапшада жекеше түріне айәт көпше түріне айат делінеді.)

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деді:

«Біз саған ап-анық (халал-харамды, дұрыс-бұрысты түсіндіретін) аяттар түсірдік. Оларды фасықтардан (кәпірлерден) басқалар жоққа шығара алмайды.» (Бақара сүресі 99)

Құран кәрімде 114 сүре 6236 аят бар. Кей жерлерде аяттар санының 6236-дан аз немесе көп деп өзгертіліп айтылуы, ұзақ  бір  аяттың  бірнеше  қысқа  аят  деп  көрсетілуінен немесе  бірнеше қысқа аяттың бір аят деп саналуынан немесе сүрелердің басындағы «бисмиллаһ» сөзінің бөлек аят деп есептелуінен туындаған. (Әбулләйс Самарқанди)

Аяти кәрималар қысқа және өзге тілге толық мағынасы қамтылып аудырыла алмайды. Муфәссирлер (тәфсиршілер) аяти кәрималарды аударған емес, ұзақ ұзақ тәфсирлеп ашықтауға, мағынасын ашуға тырысқан. (Ибн Хажар Мекки)

Аяти кәрима жазылған қандай да бір қағаздың аят жазылған бөлігін дәретсіз ұстамау керек, ол қағазды белден төмен қоймау керек. (Хадими)

Субхана раббикә аяти кәримасын, субхана раббина деп өзгертпей оқу керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

2) Аллаһу та’аланың бар екендігін, бір екендігін және құдіретін көрсететін белгі, ғибрат.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді:

«Шүбһәсіз көктердің және жердің жаратылуында, түнмен күннің бір-бірінің артынша келуінде, адамдарға пайдалы нәрселерді теңізде ағызып тасыған кемелерде, Аллаһтың аспаннан түсірген суымен өлімнен кейін жер жүзін тірілтуінде, барлық жануарды ол жерде жетілдіріп жаюында, көкпен жер арасында (Аллаһу та’аланың әміріне ) мойын иген желдерді және бұлттарға бағыт беруінде ойланған қауым үшін көптеген аяттар бар» (Бақара 164)

 3) Муғжиза

«(Ақиқатты) білмегендер (немесе білсе де білмейтін болып көрінгендер) “Аллаһ бізбенен (сенің хақ пайғамбар екендігіңді айтып) сөйлессе, немесе (осы жөнінде) бізге бір аят келсе” деді. Олардан бұрынғылар да дәл осылар сияқты айтқан еді. Көңілдері (жүректері) қаншалықты бір-біріне ұқсапты. Бұл ақиқаттарды жақсылап білуді қалағандар үшін аяттарымызды ап-анық етіп көрсеттік.» (Бақара сүресі 118)

Терминге сілтеме


Аятәл-күрси

Құран кәрімде Бақара сүресінің мейірімі ретінде танылған 255-ші аяти кәримасы.

«Құран кәрімдегі аяттардың ең үстемі Бақара сүресіндегі Аятәл күрси. Бұл аят бір үйде оқылғанында, шайтан сөзсіз ол жерден алыстайды.» (Хадис шәриф – Тирмизи)

«Парыз намаздарынан кейін кейін Аятәл-күрсиді оқыған адаммен Жаннат арасында өлімнен басқа кедергі жоқ.» (Хадис шәриф – Рух-ул-Байан)

Үйден шығарыңда Аятәл-күрсиді оқы. Өйткені әрбір ісіңде жетістікке жетесің және қайырлы істерді оңғарасың. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деді: «Кімде кім үйінен шығарда Аятәл-күрсиді оқыса, Хақ та’ала жетпіс періштеге әмір етеді, ол адам үйіне қайтып келгенге дейін дұға және истиғфар етеді. (Аллаһу та’аладан күнәсының кешірілуін сұрайды.)» Үйіңе келген кезде де оқысаң, екі Аятәл-күрси арасындағы істерің қайырлы болады және кедейлігіңнің алды алынған болады. (Сүлейман бин Жаза)

Намаздардан кейін Аятул-күрсиді оқу керек бола тұра, салатән-тунжинаны немесе басқа дұғаларды оқу бидғат, адасушылық. Бұларды Аятәл-күрсиден және тәсбихтерден кейін оқу керек. (Әли Махфуз)

Фатиха, Аятәл-күрси, Кәфирун, Ихлас және Муауиззатәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерін оқу ауруға шипа береді. (Мұхаммед Осман Дәхләуи)

Терминге сілтеме


Азер

Ибраһим алейһиссаламның көкесі және өгей әкесі.

Ибраһим алейһиссаламның әкесінің аты Тарух еді. Тарух мумин еді. Ал Азер пұтқа табынатын. Нәмрудтың жақтасы болатын. Тарух қайтыс болғанында Азер, Ибраһим алейһиссаламның анасына үйленді. Осылайша өгей әкесі болды. (Сәнауллаһ Дәхләуи)

Тарух пен Азер бауыр еді. Араптар көкелерін де әке деп атай береді. (Абдулхаким Аруаси)

Терминге сілтеме


Азыйм (Әл-азыйм)

Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Ұлылығына адам ақылының және ешбір махлұқтың түсінігі жетпейтін, ақиқатын ешкім біле алмайтын өте ұлы, өте үстем дегенді білдіреді. Аллаһу та’аланың ұлылығы, үстемдігі біз білетін, көріп жүрген нәрселердегі үстемдік немесе кішілік сияқты емес. Біздің біліміміздің сыртында.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Ол (Аллаһ) Алии. (Махлұқтардың, жаратылыстардың ақыл, ілім және түсініктерінің жетіп бара алмайтын, түсіне алмайтын ұлылықта) Азыйм.» (Бақара сүресі 255)

Әл-Азыйм есімін айтқан адам қиыншылықтардан құтылады. (Юсуф Набхани)

Терминге сілтеме


Азиз (Әл-Азиз)

1) Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Әрқашан абыройлы, мәртебелі, құдіретті, жеңуші, ұқсасы жоқ, үлкен-кіші барлық нәрсе Оған қатты мұқтаж дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Біліңдер, Аллаһу та’ала Азиз. Хаким (хикмет иесі) (Бақара сүресі 209)

Бір адам қырық күн және күнде қырық рет Әл-Азиз есім шәрифін айтса, Аллаһу та’ала оған жәрдем береді және оны үстем етеді. Махлұқтардан ешбіріне мұқтаж болмайды. (Юсуф Набхани) 

2) Қадірлі, мәртебелі,үстем.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Ей Мұхаммед! Айт: Ей мүліктің иесі болған Аллаһым! Мүлікті қалағаныңа бересің, қалағаныңнан аласың. Қалаған адамыңды азиз (абыройлы) етесің, қалағаныңды төмендетесің. Жақсылық тек сенің қолыңда. Дұрысы сен барлық нәрсеге құдіреттісің.» (Али Имран сүресі 26)

Біз төмен қауым едік. Аллаһу та’ала бізді Исламмен азиз (абыройлы) етті Абыройды Аллаһу та’аланың бізді мәртебелендірген (Исламнан) басқа нәрседен іздейтін болсақ, Аллаһу та’ала бізді бұрынғы қалпымыздан да төмен, мақара қылады. (Хазреті Омар)

Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарына мән беретін болсаңдар азиз (қадірлі) боласыңдар. Мән бермесеңдер масқара боласыңдар. Аллаһу та’аланың қадірлі еткен адамын ешкім кішірейте алмайды. (Әли Риза)

Аллаһу та’ала бір адамды азиз (қадірлі) еткісі келсе оған күнә істеткізбейді, кіші күнәларын санамайды, кешіреді. Оны жаннатына кіргізеді. Илаһи жамалын көруді нәсіп етеді. (Абдулхаким Аруаси)

Үш нәрсе бар, мұсылмандарды өте азиз (қадірлі) етеді: 1) Өзіне зұлымдық еткен адамды кешіру. 2) Өзіне ештеңе бермегенге беру, оған жақсылық ету. 3) Өзін іздемегендерді ізеп хал-жағдайларын сұрау. (Жафар Садық)

Дүниеде азиз, ахиретте құтылғысы келген адам тіліне ие болсын. (Жафар Садық)

Терминге сілтеме


Хадиси муддариб

Кітап жазғандарға түрлі жолдардан бір-біріне сай келмейтін түрде білдірілген хадис шәрифтер.

Терминге сілтеме


Асғар қажылық

Умра. Қажылық уақыты болған бес күннен (Арафа күнімен құрбан айттың төрт күнінен) басқа жылдың кез келген күні ихраммен (тігіссіз) киіммен Меккеге келіп, Қағбаны тауаф ету (жеті рет айналу), саи жасау (Сафа және Мәруа төбешіктері арасында жүру) және қырыну.

Терминге сілтеме