2 ШӘУУАЛ 1431
     10 Қыркүйек 2010    Жұма

негіз / Қажылық

Қажылықтың түрлері


Үш түрлі қажылық бар:

1- Ифрад қажылық: Бұл қажылықты орындаған адамға “муфрид қажы” деп айтылады. Ол  ихрамға кірерде тек қажылық жасауға ниет еткен адам. Меккеде тұратындар тек муфрид қажы болады.

 

2- Қыран қажылық: Бұл қажылықты жасаған адамға Қарин қажы деп айтылады. Қажылыққа және умраға ниет еткен адам. Алдымен умра үшін тауаф және сайи етіп кейін ихрамын шешпей және шаштарын қырмай қажылық үшін қайтадан тауаф және сайи жасайды.

 

3- Тәматту қажылық: Бұл қажылықты жасаған адамға мутәматти қажы деп айтылады. Қажылық айларында (яғни Шәууал, Зүл қада және Зүл хижжаның алғашқы он күнінде) умра жасау үшін ихрамға кіріп және умра үшін тауаф және сайи жасап және шашын қырып ихрамнан шығады. Еліне қайтпай сол жылы тәруия күнінде немесе одан бұрын ихрамға кіріп, муфрид қажы секілді қажылық жасайды. Бірақ зиярат тауафынан кейін де сайи жасайды. Қарин және мутәматти қажылардың шүкір құрбанын союлары уәжіп болып табылады. Тәматту немесе Қыран қажылық жасаған адамдардың ішінен құрбандық союға мал таппай немесе мал ала алмау себебімен құрбандық шалуға мүмкіндігі болмағандар қажылық кезінде үш күн, қажылықтан кейін жеті күн етіп, барлығы он күн ораза тұтады. Оразаның алғашқы үш күнін ихрамға кіргеннен кейін қажылық айларының ішінде және құрбан айттың бірінші күнінен бұрын тұтуы керек. Меккеде тұтылған болуы да міндетті. Құрбандық шалу мүмкіндігі табылып қалар деген үмітпен бұл үш күндік оразаны соңғы уақытына дейін кешіктіру, яғни арапа күнімен бітетіндей етіп 7, 8 және 9 Зұлхижжа күндерінде тұтуы абзал.

Тәматту қажылығында бұл оразаны қажылық үшін ихрамға кірмей тұрып умра ихрамынан кейін де тұтуға болады.

 




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®