28 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Біз туралы

Біз туралы

Сайтымызды әһли сүннет ғұламаларының құнды еңбектерін негізге алып, әһли сүннет ақидасына сай дайындадық.

Хазреті Имам Раббани былай деген:

«Хадис шәрифте: “Үмметім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады. Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!” делінді. Бұл топқа әһли сүннет делінеді.» (2 том, 67 мәктуб)

Құран кәрімде былай делінген: «Адамдар дінде әр түрлі топтарға бөлінді. Әр топ өз жолын дұрыс деп ойлап қуануда.» (Мү’минун 53) 

Ешкім өз ақылымен Құран кәрімді және Хадис шәрифтерді оқып дұрыс жолды таба алмайды. Дұрыс жолды табу үшін бұл істердің маманы болған ғалымдар қажет. 72 дана жасанды алтынмен бір дана таза алтынды араластырса, мұны зергерден, алтын қолөнерін кәсіп еткен адамнан басқа ешкімнің біле алмайтыны секілді, 73 топтан қайсысы дұрыс екенін де тек қана Әһли сүннет ғалымдары біледі.  

Ақылымызды қолданып дұрыс жолды табуға тырысу өте қиын, тіпті мүмкін де емес. Әр топтағы адам өз тобын дұрыс жолда деп айтады. Бұл мәселеде сәлим болмаған ақыл өлшем бола алмайды. Өлшем бола алғанда 72 түрлі бұзылған топ пайда болмас еді. Әр топқа кірген адамдар, сол кірген тобын өз ақылдарын қолданып таңдаған. Дұрыс жолды табу үшін ақыл қолданылатын болса, адамдардың мөлшеріндей топтар пайда болады. 

Бұл дәуірде көптеген кітаптар және көптеген топтар бар. Оларға біздің жақсы не жаман деп айтуымыздың ешқандай маңызы жоқ. Яғни мына адам жақсы дегенімізбен ол жақсы болып қалмайды, біз жаман дегенімізбен де жаман болып қалмайды, адамның кім екендігі, кітаптың аты да маңызды емес. Өйткені мыңдаған ғалым және кітаптар бар. Қолымызда бір өлшейтін аспап болса, жұмысымыз оңай болар еді. Дұрыспен бұрысты өзіміз ақ ажырата алатын едік. Бұл өлшеуді Имам Раббани хазреттері былай деп білдіреді: «Бір үкімнің дұрыс немесе қате екендігі әһли сүннет ғұламаларының айтқандарына сәйкес келген келмегеніне қарап белгілі болады. Өйткені әһли сүннет ғалымдарының білдіргендеріне сай келмейтін кез-келген мағына және жаңа пікірдің дінімізде ешқандай құны, құрметі жоқ және бұл – адасушылық. Себебі әр адасқан жолдың жолаушысы Құранмен сүннетті ұстанып жүргенін ойлап, бұзық жолының дұрыс екенін айта алады. Өзінің қысқа ақылы, қысыр парасатымен Құран және сүннеттен дұрыс емес мағыналар шығарады, дұрыс жолдан аяғы таяды, пәлекетке түседі. Аят кәримада: «Құран кәрімде білдірілген мысалдар көпшілікті күпірге сүйрейді, көпшілікті де имандылыққа бастайды.» деп айтылған. Олай болса, аятпен хадиске тек әһли сүннет ғұламаларының берген мағыналары ғана дұрыс, бұларға сай келмейтіндердің бәрі бұрыс.» (1 том, 286 м)

Демек, дұрысты табудың өлшемі, құралы - Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарына сәйкес келуі. 

Әһли сүннет ғұламалары былай дейді:

Аллаһу та’ала исламды дұрыс үйренгісі келген адамға мұны нәсіп ететініне уәде берген. Аллаһ уәдесінен қайтпайды. Сол үшін: “Йа Раббым, саған сенемін, Сені және Пайғамбарларыңды сүйемін, ислам ілімдерін дұрыс үйренгім келеді. Мұны маған нәсіп ете гөр, мені қате жолға түсуден сақтай гөр.” деп дұға ету керек. Истихара намазын оқу керек. Аллаһу та’ала оған дұрыс жолды көрсетеді. 

Аллаһу тааланың сөзіне сену керек. Оған сиыну керек. Құран кәрімде былай делінген:

«Дұрыс жолды іздегендерді, бақытқа жеткізетін жолдарға қауыштырамыз.» (Анкәбут 69)

«Аллаһ өзіне бет бұрғандарды дұрыс жолға жеткізеді.» (Шура 13)

«Аллаһ ешқашан уәдесінен қайтпайды» делінген. (Зүмәр 20) 

Қазіргі таңда әр түрлі топтарда жүрген адамдардың да осылай дұға етулері керек. Бәлкім қате жолда жүрген шығармын деп ойлап: «Йа Раббым, қай топ дұрыс жолда болса, қай топтан Сен разы болсаң, маған сол жолды нәсіп ет.» деп дұға ету керек. Егер жүрген тобы дұрыс жолда болса, бұл дұғаның зияны жоқ. Ал жүрген тобы қате жолда болса, дұрыс жолды тауып құтылады. Дұға етуден тартынбау керек. «Йа Раббым, қай топ дұрыс жолда болса, бізге сол жолды нәсіп ете гөр» деп дұға ету керек.

Барлық адамдар бұл дүниеде жолаушы, ахирет жолаушысы. Барлығы бір-бір көлікке мініп барады. Бұл жерде ең маңыздысы әйтеуір бір көлікке міне салу емес, дұрыс көлікке міну. Қате көлікке мінген адам қалаған жеріне емес, көліктің баратын жеріне барады. Қағбаға бару үшін ниет етіп, Парижге баратын ұшаққа мінген адам, ниеті қаншама дұрыс болса да Қағбаға жете алмайды.

Аллаһу та’ала ризыққа кепіл, бірақ иманға кепіл емес. Дұрыс иманға ие болуға тырысу керек. Ақида дұрыс болмай ғибадаттың пайдасы болмайды. Дұрыс ақида - әһли сүннет ақидасы. Дұрыс сенім 1 саны сияқты. Ықыласпен жасалған ғибадаттар осы 1 санының оң жағына жазылған 0 саны сияқты. Бір нөл жазылса 10, екі нөл жазылса 100 болады. 1 санының оң жағына неғұрлым көп 0 жазылса, құны соғұрлым арта түседі. 1 санын алып тастасақ барлығы нөлге айналады. Ықылассыз, яғни адамдарға көрсету үшін, мақтану үшін жасалған амалдар 1 санының сол жағына жазылған 0 сияқты, яғни ешқандай құны болмайды. Ақиданы дұрыстағаннан кейін ғибадаттарды көбейту адамның қажыр-қайратына, ықыласына, іліміне байланысты. Қалағанынша көбейте алады. Бірақ дұрыс ақида, яғни әһли сүннет ақидасы болмаса, ғибадаттардың ешқандай пайдасы болмайды. 1 санының сол жағына жазылған 0 сияқты құнсыз болады.

Бүкіл дүние бізге берілсе, бірақ ақидамыз дұрыс болмаса, бұл жағдайымыздың құрығаны. Ал егер бүкіл дерттер, қиыншылықтар бізге берілсе, бірақ ақидамыз, сеніміміз  дұрыс болса, онда ренжудің керегі жоқ. Дұрыс ақиданың әһли сүннет уәл жамағат екендігін ислам ғұламалары бірауыздан білдірген.  

Сайтымыз Ханафи мазһабының үкімдері бойынша дайындалды. Мақалалар, сұрақтарға жауаптар «Түркістан Мәдениет Қорына» қарасты діни және тарихи туындыларды жарыққа шығарумен айналысатын «Түркістан Кітап үйі» баспасының ғылыми ұжымы тарапынан жіберілуде. Мәліметтердің барлығы “Әһли сүннет” ғұламаларының кітаптарынан алынуда. Сайтымыз хижри 1 мухаррам 1430 (29 желтоқсан 2008) жылдан бері жұмыс істеп келеді.
 

 

 

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 90/2 (Сейфуллин көш. қиылысы)

 

тел: 87272-935598