·
Хадис
шәрифте былай бұйырылды: “Қиямет күні дәптерінде көп истиғфар (әстағфируллаһ)
болған адамға сүйінші болсын!” Өлімнен басқа барлық дерттерден құтқарады
және ризықты арттырады. Ажалы келген адамға аурусыз, қиналмай жан тапсыруына
көмектеседі.
·
Хадис
шәрифте былай деп бұйырылды: “«Лә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии
ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы.”
Бұған “тәмжид кәлимасы” деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан
қорғану үшін де оқылады.
·
“Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм”
кәлимасын оқу жүйке ауруларына және бүкіл ауруларға жақсы келеді.
·
“Фатиха”,
“Аят әл-Курси”
және “төрт Қул” (Яғни Кәфирун, Ихлас, Фәләқ, Нас) сүрелерін 7-реттен оқып
ауру кісінің үстіне үрленетін болса, бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға,
көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.
·
Расулуллаһ саллаллаһу та’ала алейһи уасаллам былай деп бұйырды:
“Жаңбыр суын жинап,
үстіне Фатиха, Аят әл-Курси, Ихлас және Қул әузу сүрелерін 70-реттен оқып, бұл
судан арасын үзбей 7 күн таңертеңгісін ішкендердің сырқаттары, аурулары тоқтайды.”
·
Көз тиген
адамға, Пайғамбарымыз білдірген мына дұғаны оқу керек: “Ә’узу
бикәлимәтиттәммәти мин шәрри кулли шәйтанин уә хәммәтин уә мин шәрри кулли аинин
ләммәтин.” Бұл дұғаны күнде таңертең және кешке 3-рет оқып өзінің үстіне
немесе жанындағылардың үстіне үрлесе, көз тиюден және шайтандардың және
жануарлардың зиянынан қорғалады.
·
Жоғалған
және ұрланған нәрсені табу үшін, күнде 25 рет “Иа жәми’аннаси ли-иоумин лә
райбә фихи инналлаһә лә юхлиф-ул ми’ад ижма’ бәйни уә бәйнә...” дұғасын оқу
керек. (көп нүктенің орнына жоғалған нәрсенің аты айтылады.