22 Шілде 2014     Сейсенбі



Қажет намазы

Сұрақ: Қажет намазы деген не? Ол қалай оқылады?

            Жауап: Қажет намазы бірнеше түрде оқылады:

1- Сахабалардан хазреті Осман бин Хунәйф айтады: Көздері көрмейтін бір адам көздерінің ашылуы үшін пайғамбарымыздан дұға сұрайды. Пайғамбарымыз оған былай дейді: «Дәрет алып екі рәкат намаз оқы, кейін былай дұға ет: “Аллаһуммә инни әсәлукә уә әтәуәжжәһу иләйкә бинәбийи Мухаммәдин саллаллаһу алейһи уасаллам нәбийирахмәти.” Кейін көздеріңнің ашылуы үшін “Ей Раббым Расулыңның құрметі үшін көздерімді аш!” деп дұға ет!» (Нәсаи) Ол кісі намаз оқып дұға еткеннен кейін көздерінің ашылғанына куә болдық. (Тәрғиб)

 

2- Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Аллаһтан немесе адамдардан бір қалауы болған адам, жақсылап дәрет алып екі рәкат намаз оқысын! Кейін Аллаһу та’алаға хамд етсін, расулына салауат айтсын, кейін мына дұғаны оқысын:

“Лә иләһә илләллаһ-ул-халим-ул-кәрим. Субханаллаһи Рабил-арш-ил-азыйм. Әлхамду лилләһи раббил аламин. Әсәлукә мужибати рахмәтикә уә азаими мағфиратикә уәл ғанимәтә мин кулли биррин уәссәламатә мин кулли исмин лә тәда ли занбән иллә ғафәртәһу уәлә һәммән иллә фәррәжтәһу уәлә хажәтән хиә ләкә ридан иллә қадайтәһә йа әрхамаррахимин.”» (Халеби)

(Бұл дұғаны арапша әріптермен жазып дұрыс оқу керек.)

 

Қажет намазы екі, төрт немесе он екі рәкат қылып оқылады. Бірінші рәкатта Фатихадан кейін үш рет Аятәл күрси оқылады, басқа рәкаттарында Фатихамен бір реттен Ихлас, Фәләқ, Нас сүрелері оқылады. Немесе әр рәкатта Фатиха, Аятәл күрси және Ихлас сүресі оқылады.

 

3- Тағы бір қажет намазы да былай оқылады:

Құптан намазын оқығанда үтір намазын оқымай тұрып төрт рәкат намаз оқылады. Бірінші рәкатта бір Фатиха үш рет Аятәл күрси оқылады. Екінші рәкатта Фатихадан кейін үш рет Ихлас, Фәләқ, Нас сүрелері оқылады. Үшінші рәкатта бірінші рәкатта оқылғандар, төртінші рәкатта екінші рәкатта оқылған сүрелер оқылады. Намаздан кейін тілегін сұрайды. (Имад-ул-Ислам)

Қазақша былай дұға етсе де болады:

«Ей Раббым! Саған жалбарынамын. Әлемдерге рахмет етіп жіберген сүйікті пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламды уәсила етіп (ортаға салып) сенен сұраймын. Ей жанымнан артық жақсы көретін Мұхаммед алейһиссалам! Сені уәсила етіп Раббыма жалбарынамын. Сенің құрметің үшін қабыл етуін сұранамын. Ей Раббым! Бұл ұлы пайғамбарды маған шапағатшы ет! Оның құрметіне дұғамды қабыл ет!»

Бұл дұғаны мұсылмандар әрқашан оқып мақсаттарына қауышқан. Бұл дұғаларды бір рет оқып қоя салмау керек, қырық күн бойы оқыған жақсы болады.