22 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Жалаңаш күйде шомылу

Жалаңаш күйде шомылу

Сұрақ: Еркектердің жалғыз кезінде жалаңаш немесе қысқа дамбалмен шомылуы күнә ма?

Жауап: Бұл жөнінде үш қаулы бар:

1) Мәкрух болады.

2) Тар жерде болса жаиз.

3) Жаиз болып табылады. (Рәддул мухтар)

Ықтиятты болу керек, кіндік пен тізе арасын бір матамен немесе шолақ шалбармен (шортымен) жабу керек. Орайтын мата немесе киетін шорты болмаса, дамбал бар болса, Ханбали мазһабы тақлид етілсе мәкрух болмайды. Дамбал да жоқ болса, тар жерде ғұсыл алуға тырысу керек. Тар жер де жоқ болса, жаиз болған қаулы бойынша амал етуге болады.

 

Сұрақ: Үйде ешкім жоқ кезде жалаңаш жүру және жалаңаш жуыну күнә ма?

Жауап: Иә, күнә болады. Себебі жалғыз емеспіз. Жанымызда бізді жын мен шайтандардан қорғайтын, амалдарымызды камера сияқты құралдармен сақтап жүретін періштелер бар. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір адам екі көршісінен қалай ұялатын болса, күндіз-түні өзімен бірге болған екі періштеден де солай ұялу керек!» (Бәйһақи)

«Жалаңаш жүруден сақ болыңдар! Әрдайым сендермен бірге болатын, тек жима мен әжетханада ғана айрылатын қорғаушы періштелерінен ұялыңдар және оларға құрмет көрсетіңдер!» (Тирмизи)

(Жима – ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынас)

«Жалғыз кезде де әурет жерлеріңді ашпаңдар! Себебі жандарыңда ешқашан айрылмайтын (қорғаушы) періштелері бар. Олардан ұялыңдар және оларды құрметтеңдер.» (Әшиат-ул-ләмә’ат)

«Түнде ғұсыл алып жатқанда әурет жерді ашудан сақтаныңдар. Егер сақтанбаған адамда жындылық белгілері байқалатын болса, өзінен басқа ешкімді айыптамасын.» (Хаким)

Біз әр уақытта Аллаһу та’аланың алдындамыз, бірақ намазға тұрарда Оның алдына шығамыз делінеді. Алдына шығатын кезде өзімізді жөнге келтіруіміз қажет. Бір аяттың мағынасы мынадай:

«Әр намаз оқитын кезде сәнді (таза, ұнамды, әсем) киімдеріңді киіңдер.» (Араф 31)

Бір хадис шәрифтің мағынасы да мынадай:

«Намаз оқитын кезде ең жақсы киімдеріңді киіңдер. Аллаһу та’ала әшекейленуге, сәнденуге бәрінен де лайықты.» (Бәйһақи)

Аллаһу та’ала біздің жаңа және сәнді киімімізге қарап бізді және намазымызды қадірлемейді, жүрегіміз бен ниетімізге қарайды. «Аллаһу та’ала сендердің түрлеріңе, мал-мүліктеріңе қарамайды. Жүректерің мен амалдарыңа қарайды» деген мағынадағы хадис шәрифте Аллаһу та’ала адамның жаңа, таза киіміне, жақсылық пен қайырымдылығына, мал-мүлкіне, мансабына қарап сауап пен ізет бермейді. Бұларды қандай оймен, қандай ниетпен жасағанына қарап сауап немесе азап береді. Бұған қарамастан, тек өзіміз үшін ғана сыртқы көрінісіміздің де дұрыс болуын, әдеп жерлеріміздің жабық болуын әмір етуде.

Аллаһу та’ала намазда да, намаздың сыртында да бізді әлбетте көріп тұр. Сондықтан оған қарсы шығудан, тәрбиесіз, әдепсіз әрекеттерден ұзақ тұруымыз қажет. Тағы да хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала құлдарының ұялғанын және жабынғанын жақсы көреді. Олай болса, жуынған кезде әурет жерлеріңді жабыңдар.» (Әбу Дауд)

«Аллаһу та’аладан ұялу, адамдардан ұялудан әлдеқайда қажеттірек.» (Тирмизи, Нәсаи)

«Шомылған кезде жабыныңдар! Аллаһу та’ала ұят иесі. Ұялып, жабынған адамды жақсы көреді.» (Нәсаи)

«Әурет жерлеріңді жабыңдар! Жалғыз қалған кездеріңде де Аллаһу та’аладан ұялыңдар!» (Тирмизи)