25 Маусым 2017   


  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Кісіге артынан дұға ету өте құнды

Кісіге артынан дұға ету өте құнды

Сұрақ: Досымның хабары болмастан, оның артынан еткен дұғамның қабыл болатындығы рас па?

Жауап: Иә, бір мүминнің басқа дін бауырына, оған білдірмей, яғни артынан жасаған тілек-дұғасын Аллаһу та’ала қабыл етеді. Бұған ғиябта (өзіне білдірмей, оның хабарынсыз) дұға ету делінеді. Бетпе-бет етілген дұғаға рия (көз бояушылық) араласуы мүмкін, бірақ артынан етілгенде тек Аллаһ разылығы үшін дұға етілген болады. Аллаһ разылығы үшін жасалған тілек-дұғаларды Аллаһу та’ала қабыл етеді. Дін бауырына оның хабарынсыз дұға еткен кезде Аллаһу та’ала бауырымыз үшін сұраған нәрсені алдымен бізге береді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір мұсылманның дін бауырына, оның хабарынсыз, артынан еткен қайырлы дұғалары қабыл болады. Ол дұға еткенде бір періште “Әмин, бауырың  үшін сұрағаның саған да берілсін” дейді.» (Мүслим, Тирмизи, Ибн Мажа)

«Бір адамның біреуге, оның хабарынсыз, оған білдірмей еткен тілегі, дұғасы қабыл болады. Жасалған дұғаға бір періште “Әмин, дәл осы нәрселер саған берілсін” дейді.» (Ибн Әби Шәйба)

«Бір адам біреуге, оның хабарынсыз дұға етсе, періштелер дұға еткен адамға да дәл солай дұға етеді.» (Мүслим)

«Ең жылдам қабыл болатын дұға – адамның дін бауырына, оған білдірмей еткен дұғасы.» (Бұхари)

«Біреуге жасырын (яғни оған білдірмей) жасалған дұға, оның алдында ашықша етілген дұғадан жетпіс есе артық.» (Әбушшәйһ)

«Аллаһпен арасында пердесі болмаған екі дұға бар. Бірі мазлұмның (зұлымдық көрген адамның) дұғасы, ал екіншісі, адамның дін бауырына еткен жасырын дұғасы.» (Табарани)

«Ең жағымды, қабыл болатын дұға – алыстағы біреудің алыстағы бауырына жасаған дұғасы.» (Тирмизи)

«Бір адамның досына, оған білдірмей жасаған дұғасы қайтарылмайды.» (Хараити)

 

Артынан дұға ету

Сұрақ: Біреудің артынан дұға еткенде қабыл болатындығы дұрыс па?

Жауап: Иә, бір адамның артынан, яғни оған білдірмей, оның хабарынсыз дұға етудің қабыл болатындығы хадис шәрифпен білдірілген. Бетпе-бет дұға еткенде рия араласуы мүмкін, бірақ артынан етілсе риясыз, тек Аллаһ разылығы үшін жасалған болады және мұндай дұға-тілектер қабыл болады.