19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Теңдесі жоқ жалғыз дәрі

Теңдесі жоқ жалғыз дәрі

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Дүниеде ең пайдалы ем, заттық және рухани тұрғыдан ұқсасы, теңдесі жоқ болған жалғыз дәрі – Құран кәрім. Белгілі-белгісіз, көрінетін-көрінбейтін, заттық-рухани болған барлық аурудың, барлық дерттің дауасы, шипасы Құран кәрім болып табылады. Құран кәрімнің әрбір әрпі жүз мың дертке жүз мың шипа болады.

Мұсылманға неліктен пәлекет келеді? Мұның әртүрлі жауабы бар. Екеуі мынадай:

1) Күнәхар мұсылмандарға күнәларының өтемі ретінде пәлекет, бәле беріледі. Бір мұсылманға қанша көп пәлекет келіп жатса, қанша көп қиыншылық келіп жатса, бұл ахиретте оған ешкім тиіспейді, одан есеп сұралмайды деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген: «Үмбетімнің жазасы дүниеде беріледі.»

2) Пайғамбарларға, әулиелерге де көп пәлекет келеді. Оларға неліктен келеді? Аллаһу та’ала оларға дәреже беретін кезде пәлекет жібереді.

Мысалы, Юсуф алейһиссалам құдыққа тасталмағанда сол биік дәрежеге жете алмайтын еді. Сондықтан Аллаһу та’аланың жібергендеріне разы болу керек.

Көп адам Аллаһ дегенде әлемдердің жаратушысы болған Аллаһты емес, миларындағы қиялдарымен жасап алған нәрсені Аллаһ дейді. Қиялдарындағы тәңірдің атынан үкім кеседі. Олар Аллаһтың емес, өз қалауларының артында жүр. Аллаһу та’ала, оның хабибын (сүйіктісін) танымай, оған жасалған амалды да, иманды да қабыл етпейді. Аллаһу та’ала «Хабибымнан өтіп, арада ол болмастан маған келмеңдер, онсыз болған еш нәрсені қабыл етпеймін» дейді.

Аллаһу та’ала өзіне жеткізетін барлық есікті жауып, тек бір есікті ғана ашық қалдырған. Бұл бір есік – сүйікті пайғамбарымыздың жүрегі. Пайғамбарларды да санағанда әрбір адам бұл есіктен өтпегенше Аллаһу та’аланың разылығына қауыша алмайды.

Әулиенің захирі (сыртқы көрінісі) наданның уы. Надан батыннан (ішкі дүниеден) хабары болмағандықтан, сыртқы көрініске қарайды. Әулиеге ақылмен, көзбен, құлақпен барған адам құриды. Мүшриктер де осылай істеген. Әбу Жәһл Мұхаммед алейһиссаламға Әбу Талибтың жетімі ретінде қарады. Әбу Бәкр Сыддық әлемдердің Раббының сүйіктісі ретінде қарады. Оған бәрін пида етті, әр сөзіне «Ол айтқан болса дұрыс» деп толық сенді, сыддық болды. Пайғамбарлардан кейін адамдардың ең үстемі болды. Сондықтан бірі Әбу Жәһл болды, екіншісі Әбу Бәкр Сыддық болды. Бұл нәсіп мәселесі.

Магнит қиыршық тасты тартпайды, арасында гауһары болғанын тартады. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптары магнит сияқты. Жүрегінде гауһары болған адамды тартады. Жүрегінде сабан қоқысы болған адамды тартпайды. Әулиелерді де жай тастар жақсы көрмейді. Ішінде гауһар тасы болғандар ғана жақсы көреді.