19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иман гауһарын қорғау

Иман гауһарын қорғау

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Имам Раббани хазреттерінің заманында қазіргідей болмаса да, халал мен харам, сүннет пен бидғат бір-біріне араласқан еді. Бұл үлкен әулие де сол заманда «Бидғаттар дүниені қаптағандықтан, дүние қараңғы түн секілді көрінеді. Сүннеттер де азайып жатыр, нұрлары қараңғы түнде ұшып жүрген жарық қоңызы секілді жарқырайды» деген. Ал қазір барлық жақты одан да жаман болған күпір қараңғылығы басты. Имам Раббани хазреттері бүгінгі жағдайды, яғни иман мен күпірдің бір-біріне араласқанын көргенінде, кім біледі, не айтар еді? Сондықтан ақыр заманда Әһли сүннет сеніміне ие болған адамның көп шүкір етуі керек.

Үлкен әулиелердің бірі шәкіртіне «Аспанға бір қара, не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Ол «Жұлдыздар бар, ұстазым» дейді. «Жұлдыздар қалай көрініп тұр?» деп сұрайды. «Жеке жеке болғаны, үш-бесеуден жиналғаны бар, кейбірлері одан да көп, топ-топ болғандары да бар» деп жауап береді. Сол кезде әлгі әулие кісі:

«Міне, мүминдердің иман нұры да аспандағы жұлдыздар секілді. Біз осы сәтте қалай аспанды қараңғы күйде және жұлдыздарды әр жер әр жерде жарқыраған күйде көріп тұрған болсақ, періштелер де қазір жер бетін тас қараңғы күйде, ал иманы бар адамдарды әр жер әр жерде жарқырап тұрған күйде көреді. Әрине олардың жалғыз тұрғаны бар, үш-бесеуі бір жерге жиналғаны бар, одан да көптері бар. Әһли сүннет сенімі өте құнды. Аллаһу та’ала бұл гауһарды қоқыс арасына тастамайды. Осы иманға ие болғандар өте құнды және жағымды болмағанда, Аллаһу та’ала осыншалықты құнды иманды оларға нәсіп етпейтін еді.» – дейді.

Дұрыс иман – жәннаттың кілті. Жәннатқа кіруге себеп болатын нәрсе ғибадаттар, амалдар емес, иман. Ғибадаттар иманды қорғау үшін қажет. Ең қымбат бриллиант бірнеше кілттермен ашылатын, жасырын шкафтардың артындағы жасырын сөренің ішінде қалай сақталатын болса, осы құнды иман да ғибадаттармен және амалдармен сақталады. Ғибадатсыз болмайды, өйткені өте күшті борап жатқан осы күпір боранында, бір шырақ жағып, ортасында жүру және бұл шырақты сөнбейді деп санау ақылды адамның ойы ма? Бұл шам сөнбеуі үшін шыны плафонның ішіне қалай қойылса, иман нұры да намаз оқу, ораза ұстау, сұхбат жасау, Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу секілді ғибадаттармен қорғалады. Негізгі мақсат – иманды қорғау. Иман қорғалмайтын болса, соңы пәлекет болады.