18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Мусафаха (Қол алысу)

Мусафаха (Қол алысу)

Сұрақ: Мусафаха деп аталатын қол алысу қалай жасалу керек, жалпы мусафаха деген не?

Жауап: Мусафаха – екі адамның оң қолдың алақандарын бір-біріне жабыстырып, екі бас бармақтың жандарын бір-біріне тигізу деген сөз. Төрт қолмен орындалуы жақсырақ болады. Екі мұсылман сүйіспеншілікпен мусафаха жасап қол алысатын болса, күнәлар төгіледі. Мусафаха сүйіспеншілік және достықты тудырады. (Мәрақил фәлах)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Хазреті Адамнан хазреті Ибраһимге дейін сәлемдесу бір-біріне сәжде ету арқылы жүзеге асатын еді. Кейіннен құшақтасуға айналды. Ал менің заманымда қолмен мусафаха ету сүннет болды.» (Р.Насихин)

«Екі мұсылман мусафаха етсе, қолдарын тартпай тұрып күнәлары кешіріледі.» (Бәззар)

«Кімде-кім мүмин бауырын зиярат етіп, мусафаха жасап қолын үш рет сілкісе, қолдарын тартпай тұрып екеуінің де, ағаштан жапырақ төгілгендей, күнәлары төгіледі.» (Әй, ұлым илмихалы)

«Мусафаха жасап Аллаһқа мақтау айтылса, күнәлар төгіледі.» (Хаким)

«Екі мұсылман сәлемдесіп мусафаха жасаса және сонымен бірге салауат оқыса, жаңадан туылғандай бүкіл күнәларынан тазаланады.» (Р.Насихин)

Аллаһу та’ала періштелерге хазреті Адамға қарай сәжде етуді әмір еткен еді. Сәжде Аллаһ үшін еді, бірақ бағыты хазреті Адамға қарай еді. Бүгінгі күні де Аллаһқа сәждені Қағба бағытына қарай жасап жүрміз. Алайда сәдеміз Қағбаға арналған емес.

Мусафаха еткен кезде құшақтасып, бастарды тигізіп амандасу әдетінен арылуға тырысу керек.

 

Сұрақ: Әйелдердің бір-бірімен қол алысуы жаиз ба?

Жауап: Иә, бөтен еркектер көрмейтін жерлерде мусафаха етуі (қол алысуы) жаиз болады. (Ислам Ахлақы)

 

Әйелдердің мусафахасы

Сұрақ: Әйелдер де мусафаханы еркектер сияқты жасайды ма?

Жауап: Иә.

 

Кездескенде құшақтасу

Сұрақ: Мусафаха еткенде құшақтасу немесе басты тигізу дұрыс па?

Жауап: Мусафаха ету муәккад сүннет болып табылады. Мусафаха еткенде бір-бірімен құшақтасу, сүйісу, басты тигізу дұрыс емес. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Кездескен кездеріңде бір-біріңе иілмеңдер, құшақтаспаңдар!» (Бәриқа)

Тек алыстан келгенде немесе ұзақ уақыт көріспеген жағдайда ғана тек құшақтасу жаиз (руқсат) болады.

 

Сұрақ: Қайбірі сауаптырақ: мусафаха ету ме, әлде мусафаха етіп құшақтасу немесе қарт кісі болса қолын сүю ме?

Жауап: Екі мұсылман мусафаха еткен кезде күнәлары төгіледі. Қол сүйгенде, құшақтасқанда күнә төгілмейді. Сондықтан қол сүю, құшақтасу орнына мусафаха ету керек.