20 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Ораза / Бүкіл жыл бойы ораза ұстаған болу

Бүкіл жыл бойы ораза ұстаған болу

Сұрақ: Ең аз дегенде бірге он сауап берілетіндіктен, бір ай Рамазанда ораза ұстаған адам 300 күн, Шәууәлде де 6 күн ораза ұстаған адам 60 күн ораза ұстағандай болады, яғни бүкіл жыл бойы ораза ұстаған болып саналатындығы айтылып жатады. Парыз болған Рамазан оразасы мен нәпіл болған Шәууәл оразасы қалайша бір өлшемге алынады?

Жауап: Әр айда үш күн ораза ұстаған адам да бүкіл жыл бойы ораза ұстағандай болып саналатындығы кітаптарда білдірілген. Бұл жерде парыз болған Рамазан оразасы мен нәпіл ораза салыстырылып жатқан жоқ. Бүкіл жыл бойы ораза ұстағаны емес, үкім ретінде ораза ұстағандай саналатындығы білдірілуде. Әйтпесе өмір бойы нәпіл ораза ұстаса да, қасиетті Рамазан айында ұсталған бір күн оразаның сауабына жетпейді. Үзірсіз Рамазан айында бір күн ораза ұстамаған адам өмір бойы нәпіл ораза ұстаса да, Рамазандағы бір күннің сауабына қауыша алмайды. Тіпті Рамазандағы парыз оразаны қазаға қалдырғаннан кейін тағы күнде ораза ұстаса, Рамазанда ұсталған бір күн оразаның сауабына қауыша алмайды. Қазасын өтегенде тек қарыздан құтылады. Рамазанда ұстағандай сауап ала алмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам, оның орнына бүкіл жыл бойы ораза ұстаса, сол бір күннің сауабына қауыша алмайды.» (Тирмизи)