18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Рамазан айында нұр жауады

Рамазан айында нұр жауады

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'алаға шүкір болсын, бізге Рамазан айының қасиеттілігін түсінуді, ораза ұстауды нәсіп етті, бұл қандай үлкен ниғмет! Рамазанның әрбір күні мейрам. Мейрам, қуаныш күндері өтуде. Өйткені Рамазан айында күнәлар кешіріледі, қанша қуансақ та аз. Сондай бір кешірім айы, ең үлкен күнәлар да кешірілуде. Бұлар қандай үлкен сүйінші!

Қасиетті Рамазан айында мейірім, кешірім, нұр жауады. Әсіресе соңғы он күн арасында Қадір түні бар. Дәл осы күндерде бір-бірімізге дұға етуіміз керек. «Білдірмей артынан жасалған дұға қабыл болуға жақынырақ» деген аталарымыз.

Ақыр замандамыз. «Әлхамдулиллаһ, өте жақсымын» деп айту ұмытылып кеткендей. Дерді, қиыншылығы болмаған адам қалмады. Алайда иман бар болса, бәрі бар, иман жоқ болса, ештеңе жоқ деген сөз. Барлық нәрсенің негізі, өзегі – иман. Басқа нәрселерді дерт санап, әуре болмау керек.

Сүйікті пайғамбарымыз және Оның мұрагерлері болған бүкіл Әһли сүннет ғалымдарының бәрі «Иманмен жан тапсыр, қалғанына араласпа!» деген. Өйткені бір зат неғұрлым құнды болса, ұрлықшысы және дұшпаны соғұрлым күшті болады. Иман – жәннаттың есігін ашатын кілт, жәннатқа кірудің жалғыз шарты. Ғибадатпен жәннатқа кірілмейді. Ғибадат – иманды қорғау үшін керек. Жәннатқа кіруге себеп – дұрыс иман, яғни Әһли сүннет сенімі.

Дінімізге мойынсұну жүректі қуаттандырумен қатар, нәпісті әлсіретеді. Осы себептен нәпіс жүректің дінімізге мойынсұнуын қаламайды. Дінсіз, имансыз болуын қалайды. Ақылына бағынбай, нәпсіне ерген адам, осы себептен, дінсіз болып кетуде. Адам не нәпіспен, не оның терісі болған ақылмен әрекет етеді. Ақылымен әрекет еткен адам нәпістің осы дұшпандықтарын білгеннен кейін оны тежейді, оған бағынбайды. Адам өз нәпісіне былай деп айту керек:

Сенің қалауларың маған қайшы келуде. Өйткен дәрігерге барсақ, дәрігер емделу үшін дәрі береді және емдәм ұстатқызады. Біз оның айтқандарына бағынамыз. Дәрігерімізге «Құп болады» деп жатқан болсақ, онда көңілдің дәрігеріне, яғни Әһли сүннет ғалымдарына неліктен «Құп болады» демеске? Неліктен осы әулиелерге ермеске? Дәрігерге қарсы шықсақ, нәтижеде денеміз осы дүниеде біраз қиыншылық шегеді, бірақ бұл да өтеді де кетеді. Бірақ ғалымдарды тыңдамай, көңіліміз ауру күйде өлетін болсақ, қабір азабынан бастап, тозақ азабына дейін қаншама азаптар шегеміз.

Осы тұрғыдан нәпсімізге емес, әулиелердің Әһли сүннет кітаптарында білдірілгендей дінімізге мойынсұнуымыз керек.