19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамды ғайбаттауға итермелейтін себептер

Адамды ғайбаттауға итермелейтін себептер

 Адамды ғайбаттауға итермелейтін себептер көп. Олардан кейбіреулері: Ғайбат етілген адамға деген дұшпандық, қасындағылардың пікірлеріне қосылу, ешкім жақсы көрмейтін адамды жамандау, өзінің ондай күнәні істемейтінін, одан үстем екендігін білдіру, жанындағыларды күлдіру, оны мазақ ету, күтпеген адамының харам істегені үшін оны жақсы көрмейтінін білдіру сияқты себептер.

            Ғайбат үш түрлі болады: Біріншісі, «мен ғайбат етпедім, онда бар нәрсені айттым», дейді. Бұлай айту күпір болады. Себебі, харамға халал деген болады. Екіншісі, ғайбат етілген адамға естірту. Бұл үлкен харам болады. Тәубе етумен кешірілмейді. Ол адаммен халалдасу (кешірім сұрау, разылығын алу) қажет болады. Үшіншісі, ғайбат етілген кісінің бұдан хабары болмайды. Тәубе мен истиғфар ету және оған қайыр (игілік, жақсылық тілеп) дұға етумен кешіріледі.

Ғайбат ету -  адамның сауаптарының азаюына, басқалардың күнәлары өзіне берілуіне себеп болады. Бұларды әр уақытта ойлап жүру адамның ғайбат етуіне тосқауыл болады. Қасында ғайбат жасалғанын естіген адам, бұны дереу тоқтатуға тырысуы керек. Хадис шәрифтерде: «Дін бауырына, оның хабары болмай жәрдем еткен адамға, Аллаһу та’ала дүниеде және ахиретте жәрдем етеді» және «Қасында дін бауырына ғайбат етілгенде, күші жете тұра оған жәрдем етпеген адамның күнәсі, дүниеде және ахиретте өзіне жеткілікті болады» делінген.

 Ғайбат жасалғанда, сол жерде болған адам, қорықпаса,  сөзімен тосқауыл болуға қорыққан жағдайда, жүрегімен қайтармаса (іштей жаман көрмесе), ғайбат күнәсына ортақ болады. Сөзін бөлуі немесе тұрып кетуі мүмкін болса, осыны жасауы керек. Қолымен, басымен, көзімен қайтаруы саналмайды. Ашықша қой (доғар) деуі қажет.Хазреті Айша анамыз айтып береді: «Сүйікті пайғамбарымыздың жанында бір әйелдің бойы ұзын екенін айттым. Пайғамбарымыз: Аузыңдағыны шығар!- деді. Мен түкірдім. Сонда аузымнан еттіп бөлігі шықты.» Аллаһу та’ала сипаттарды, ерекшеліктерді затты түрде көрсетуге құдіретті.

 Ғайбат етудің кәффараты – өкіну, тәубе ету және ол адаммен халалдасу. Өкінбей тұрып кешірім сұрау, рия болады, бөлек бір күнә жасаған болады. Өліні және ғайри муслимді (мұсылман еместі) ғайбат етудің харам екендігі Ибн Абидинде 5-ші том, 263-ші бетінде жазылған. Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға:

 «Ғайбат етіп, тәубе еткен адам жәннатқа ең соңғы кіреді. Ғайбат етіп, тәубе етпеген адам жәһаннамға ең бірінші кіреді.»-деп уахи етті.

 Қысқаша айтқанда ғайбат ету, дін бауырының, ғайри муслимнің естігенде ренжитіндей бір кемшілігін артынан айту. Хадис шәрифте:

 «Бір адам жайлы айтылған кемшілік, ол адамда бар болса, бұл сөз ғайбат болады. Жоқ болса  нахақ сөз, жала болады.» -делінген.