22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ешкімді ренжітпеу және ашуланбау жайлы

Ешкімді ренжітпеу және ашуланбау жайлы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'аланы дүниеде ең қатты ашуландыратын амал – кәпірліктен кейін, адамды ренжіту. Бір адамның реніші мың адамның құруына себеп болуы мүмкін. Ешкімге дөрекі сөйлемеу керек, ешкімге тәкаппарланып, жоғарыдан қарамау керек. Әркімнің дұғасын, жақсы батасын алуға тырысу керек. Кезіккен адамымыз Аллаһтың сүйікті құлы болуы мүмкін. Өйткені Аллаһу та'ала әулие құлдарын халықтың арасына жасырған. Олар да өздерін білмейді.

Аллаһу та'аланың ең сүйікті пенделерін жақсы көру және оларға бағыну керек. Дініміздің жайылуына құлшыныс таныту, яғни адамдар тозақта жанбасын деп әрекет ету және Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарының оқылуы үшін тырысу, әрине, қажет.

Әнас бин Малик хазреттері айтып берген:

«Пайғамбарымызбен бірге кетіп бара жатқан едім. Үстінде йемен матасынан тігілген шапан бар еді. Артынан бір адам келіп, жағасынан қатты тартқаны соншалық, шапанның жағасы мүбәрәк мойнын ауыртты, ізі қалды. Расулуллаһ кері қайтты. Адам зекет мүлкінен бір нәрсе сұрады. Мүлдем ашуланбады, керісінше оның бұл жағдайына күлімдеді. Оған бір нәрсе берілсін деп әмір берді.»

Басқарушылардың да қарамағындағыларға ашуланбауы керек. Бұл пайғамбарымыздың сүннетінен, жақсы мінезінен. Оған біраз ұқсау да бүкіл дүниелік ниғметтерден құндырақ.

Имам Раббани хазреттері «Бүкіл пайғамбарлар Мұхаммед алейһиссаламның жүрегіндегі махаббаттан бір уыс алып, пайғамбарлық дәрежелерге қол жеткізді. Бүкіл әулиелер пайғамбарымыздың жүрегіндегі махаббаттан бір тамшы ішіп, сол дәрежелеріне қауышты» деген. Сүйікті пайғамбарымыз да «Жүрегімде не бар болса, бәрін бауырым Әбу Бәкірдің жүрегіне ағыздым. Әбу Бәкірдің иманы таразының бір жағына, қияметке дейін келетін мұсылмандардың иманы екінші жағына қойылса, Әбу Бәкірдің иманы ауыр басады» деген.

Әбу Бәкір Сыддық хазреттері де жүрегінде не бар болса, бәрін Салман Фариси хазреттерінің жүрегіне ағызды. Міне сол махаббат, сол фәйз ғасырлар бойы бір Силсила-и алийа ғалымының жүрегінен басқасының жүрегіне жеткізіліп келген. Олай болса, шынайы мүмин – осы ғұламалардың қайнар бұлағынан су ішкен және ішкізген адам. Яғни бұл ғұламалардың кітаптарын, мысалы Мәктубат, С.Әбәдийа кітаптарын оқыған және оқытқан адам. Өйткені «Бізді іздеген адам кітаптарымыздың қатарлары арасында табады» деген. Бұл кітаптарды оқыған және оқытқан адам әулиелердің сүйіспеншілігіне және фәйзіне қауышады.