22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Өзгенің кемшілігімен әуре болу – пәлекет

Өзгенің кемшілігімен әуре болу – пәлекет

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Егер дінге қызмет етіп жатқанда қиыншылыққа және әділетсіздікке ұшырайтын болсақ, мұны ниғмет деп білу керек. Өйткені, сүйікті пайғамбарымыз Аллаһтың Расулы болса да, әрі жеткізгендері дұрыс болса да, жақсылықтан басқа ештеңе жасамаған. Өте үлкен әділетсіздіктерге, өте үлкен қиыншылықтарға төзген.

Адам күнә істемейді ме? Бәріміз күнәхармыз. Күнәнің көп болуының өлшемі қандай? Оны да білмейміз. Бір әулие кісі «Араларыңда ең күнәхар адам менмін. Өйткені, араларыңда ең қарт, ең көп тыныс алған менмін. Аллаһу та'аланы ұмытып, ғапілдікке салынып алып берілген әрбір тыныс күнә болып жазылады» деген. Адамның Аллаһу та'аланы ұмытып, ғапілдікпен тыныс алынған әрбір дем күнә ретінде жетеді. Бұл жетпегендей, таңнан кешке дейін қаншама адам ренжітілуде, ғайбат айтылуда, түрлі күнәлар жасалуда.

Адамның қойнында жылан болса, мұны ұмыта алады ма? Уақыты «Әне шағады, міне шағады» ойымен өтеді. Адамның нәпсі жыланнан мың есе улы, зиянды. Ішіміздегі нәпіс деген жыланды мүлдем ұмытпауымыз керек, ешбір дүниелік мәселеде өзіміздікі дұрыс деп санамауымыз керек.

Сүйікті пайғамбарымыз «Өзінікі дұрыс болса да, дін бауырын ренжітпеу үшін "Сенікі дұрыс" деген адамға жәннатта зәулім сарай берілетініне мен кепілмін» деген. Ахиретке бетін бұрған адам тек өзінің кемшіліктері мен қателіктерін көреді, өзгенің кемшілігі мен қателігін көруге емес, тіпті ойлауға да уақыты болмайды. Онсыз да, өз кемшілігі мен айыптарын ойламайтын, өзгелердің кемшіліктерімен әуре болған адамның Аллаһу та'аланы тануы, салих құл болуы мүмкін емес.

 

Үміт пен қорқу арасында болу керек

Үмітсіздікке түспеу керек, соңғы демге толығымен сенімді де болмау керек. Әр уақыт үшін тәубе-истиғфар етуіміз қажет. Бәрімен жақсы қарым-қатынаста болып, фитнаға себеп болмау керек. Барша мұсылмандарға да жақсылық және дұға ету керек.

Имам Раббани хазреттерінің зынданға түсуіне бір шәкірті себеп болған. Яғни бір адамның фитнасы тек өзінде қалмайды, көп адамның басын ауыртады. Өте мұқият болу керек. Жасалған қандай да бір қате әрекет тек бізді ғана емес, басқаларды да құртуы мүмкін. Мұның жауапкершілігі мен күнәсі бізге жетеді. Бір мүшенің ауруы бүкіл денені күйзелтуге жеткілікті. Сондықтан әрі өзімізді, әрі айналамыздағыларды ойлап өмір сүруіміз керек.