22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Ораза / Напақа үшін жұмыс істеуі міндетті болғандардың оразасы

Напақа үшін жұмыс істеуі міндетті болғандардың оразасы

Сұрақ: Егін жинау немесе үй соғу сияқты тек белгілі уақытта жасалуы тиіс болған істерде жұмыс істеуі керек болған адамдардың ораза ұстамай, кейін қазасын ұстап беруі жаиз болады ма?

Жауап: Ибн Абидин оразаны бұзатын жағдайлар бөлімінің соңында: «Напақаға мұқтаж болған адам жұмыс істеген жағдайда ауырып қалатынын түсінсе, оразасын бұзады. Жалақыға жұмыс істеуге келіскен болса және жұмыс беруші Рамазанда рұқсат бермей жатқан болса, өзінің және жанұясының напақасы бар болған адам оразасын бұзбайды. Өйткені ондай адамның тіленуі (қайыр сұрауы) харам болып табылады. Өзінің және жанұясының напақасы жоқ болса, ораза зиянын тигізбейтін басқа жеңіл жұмыс табуы қажет болады. Жеңіл жұмыс таба алмаса, өз жұмысында істеп, оразаны бұзуы жаиз (рұқсат) болады. Осы сияқты, егін жинап жатқан адамға Рамазан айының оразасы зиянын тигізсе, яғни ораза себебінен егінін жинай алмай, бүкіл өнім құртылып кетсе, яки ұрланса (немесе үй соғылмай қалып, жаңбырдан құлау қаупі бар болса) және бұларды жалақыға істету мүмкін болмаса, ораза ұстамай, осы тірліктерді бітіру жаиз болады. Жұмыс біткенде оразаны ұстау керек және Рамазаннан кейін ұстамаған күндердің қазасын өтеу керек. Бұл күнә болмайды. Шөлден (сусыздықтан) ауырып қалуы, өлуі міндетті болған әр адам оразасын бұзып, қазаға қалдыра алады. Кафаратын өтемейді.» (С.Әбәдийа, 320-бет)