8 - Рабиул-ахир, 1440 жыл.
     15 - Желтоқсан, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дұға және ғибадаттардың қабыл болуы үшін

Дұға және ғибадаттардың қабыл болуы үшін

Имам Раббани хазреттері былай деген: «Кімде кім пайғамбарлар сияқты ғибадат етсе, бірақ мойнында өте аз құл ақысынан қарызы бар болса, мұны өтемейінше жаннатқа кіре алмайды.» Мұндай адамның дұғалары қабыл болмайды. Ибн Хажар Мекки хазреттері Зәуажир кітабында былай дейді: «Бақара сүресі 188-ші аятында “Ей мүминдер! Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді нахақ жолдан жемеңдер!” делінген. Мұндағы нахақ жол: пайыз, құмар, күштеп тартып алу, ұрлық, қулық, қиянат, жалған куәгерлік, жалған ант ішіп алдау. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

“Халал жейтін, парыздарды орындап, харамдардан сақтанатын және адамдарға зиян бермейтін мұсылман жаннатқа кіреді.”

Хараммен азықтанған дене отта жанады.

Айналасындағылар жамандығынан, зиянынан сенімді болмаған адамның діні, намаздары, зекеттері өзіне пайда бермейді.

“Үстіндегі киімі харамнан келген адамның намаздары қабыл болмайды.”» (Зәуажир)

Мұсылман болсын, кәпір болсын ешкімнің мал-мүлкіне, жанына, ар-намысына тимеу, зиян тигізбеу, ешкімді ренжітпеу керек, адамдардың ақыларына мән беру, өтеу керек. Құл ақыларының ең маңыздысы және азабы ең ауыр болғаны жақындарына және қол астындағыларға дін білімдерін үйретуді тәрк ету. Олардың және бүкіл адамдардың дін ілімдерін үйренулеріне және ғибадаттарын орындауларына тосқауыл болғандардың ислам дұшпаны екендігі аңғарылады. Дін дұшпаны және бидғат иелерімен достық құрмау керек, олардың кітаптарын, газеттерін оқымау, радиоларын тыңдамау, теледидарларын көрмеу керек. Сөз тыңдайтындарға әмри маруф жасау керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқып және таратып, сонай-ақ күлімдеген жылы жүз, жылы сөздермен, көркем мінез, жақсы әрекеттерімізбен адамдарға үлгі болып әмри маруф жасау, ешкіммен сөз таластырмау керек. Көркем мінездермен безеніп, ислам дінінің асқақ мәртебесін адамдарға көрсетіп жүру керек.       

(Әмри маруф: діннің әмірлерін, жақсылықтарды насихаттау деген сөз.)