22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сену және жақсы көру

Сену және жақсы көру

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Электр сым арқылы, су құбыр арқылы қалай тасымалданатын болса, фәйз бен нұр да сол сияқты жүректен жүрекке өтеді. Бұлардың тасымал құралы – махаббат. Бұл нұрлар барлық жерге жайылуда. Бұдан пайдаланудың екі шарты бар: Сену және жақсы көру.

Бұл сүйіспеншілікте сүйіктінің сүйіктілерін жақсы көру, дұшпандарын жақсы көрмеу керек. Әулиелердің өмірбаяндарын оқу жүректен (көңілден) дүниеге деген сүйіспеншілікті шығарады, орнына Аллаһқа деген, әулиелерге деген сүйіспеншілік толады, адамның ықыласы артады. Бір адам өз бетінше Ислам дінінің барлық бұйрықтарын орындаса, құтылу ықтималы бар, бірақ кімде-кім Имам Раббани хазреттері сияқты бір әулиеге байланса, оны жақсы көрсе, құтылмау ықтималы жоқ. Бұл әулиелерді жақсы көрген адам имансыз кетпегеніндей, олардың сүйіктілері де имансыз кетпейді. Жалпылық пәлекет Расулуллаһ (алейһиссалам) бар болған жерге келмегеніндей, Оның мұрагерлері бар болған қоғамдарға да келмейді.

Адамның бір сапардан қайтқандағы табысы – жасаған ғибадаттары, жақсылықтары мен қайырымдылықтары, яғни Аллаһ үшін жасағандары. Қалғандары қиял. Дүние сапарының нәтижесі де осыған ұқсайды, табысы жәннат, зиянынан Аллаһу та'ала сақтасын!

Аллаһу та'аланың заңдылықтары бар. Физика заңдылықтары, табиғат заңдылықтары ретінде белгілі болғандар – Ол жаратқаны және заттардың арасына жасырғандары. Адамдар бұларды зерттейді, жаңалық шығарады және пайдаланады. Сондай-ақ, Оның әмірлері мен тыйымдары бар, бұлар Құран кәрімде білдірілген. Адамдардың бақытты болуы тек оны ұстану арқылы мүмкін болмақ. Бұларға зерттеу арқылы қол жеткізбейді. Ислам ғалымдары «Бүкіл әсемдіктер мен жақсылықтар Ислам дінінің ішінде, тысында ешқандай әсемдік жоқ, болуы да мүмкін емес» деген.

Ақыр заманда Ислам дінінің екі белгісі қалады: Ер кісінің намазы және әйелдің орануы.

Тасаууфтың мақсаты дүниенің фәни (өткінші), ал ахиреттің бақи (мәңгі) екенін түсіну және сол бойынша өмір сүру.

Әулиелер заттық болсын, рухани болсын, берген нәрсесін кері алмайды.

Бір жерге барған кезде бәрінен бұрын Аллаһу та'аланың үйі болған мешіттерді зиярат ету сүннет. Аллаһу та'ала өз қонақтарына сый-сияпат етеді.

Бір пенде жақсылықтарды мұңды көңілімен жасаса, Аллаһу та'аланың дәргейінде ол амал қабыл болады. Мына екі негізге қатты мән беру керек:

1) Өмірді солай сүру керек, ешкім біздің кесірімізден тозаққа түспесін.

2) Біздің қасымызға қайғырып келген адам бізден қуанышпен, күліп шықсын.