9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бұл дүние мәңгілік бақыттың мекені емес!

Бұл дүние мәңгілік бақыттың мекені емес!

Бір хадис құдсиде Раббымыздың бізді анамыздан да қатты жақсы көретіндігі білдірілуде. Суфйан Сәури (рахимәһуллаһ) бір науқастың көңілін сұрап барады. Науқас өте жас, бірақ ауруы өте ауыр, өмірінің соңғы сәттерін сүріп жатыр екен. Анасы мен әкесі бас жағында жылап жатыр. Мұны көрген Суфйан хазреттері оларға: «Жыламаңдар, балаларың екеуіңнен де қамқор болған Аллаһтың алдына бара жатыр» дейді.

Раббымыздың бізді қатты жақсы көретінің есепсіз көп белгілері бар:

1) Бізді жаратты. Жаратпауы да мүмкін еді. Жаратпаса, ешкім біздің неліктен жаратылмағанымыздың есебін сұрамайтын еді.

2) Адам қылып жаратты. Қаласа, бізді жануар қылып, жәндік қылып, шаян немесе жылан қылып жарата алатын еді. Адам – жаратылыстардың ең құндысы. Жер мен көкте не бар болса, бәрі бізге қызмет етуде. Күн біз үшін шығады, біз үшін батады. Бұлттар біз үшін жиналып, бізге жаңбыр жаудырады. Ағаштар біз үшін гүлдеп, жеміс береді, лай су ішкен болса да, бізге сондай тәтті және әдемі жеміс-жидектер сыйлайды. Малдар біз үшін қоректенеді, ет пен сүт пайда болып, оларды бізге сыйлайды. Улы жәндіктен бізге бал сияқты тәтті және шипалы азық береді. Тағы бір жәндіктің сілекейінен жібек сияқты құнды, жұмсақ киім беруде.

3) Жасаған ғибадаттарымыздың ақысын бізге берген ниғметтерімен лезде алып жатырмыз. Бұған қарамастан сауаптарымызды ең аз дегенде бірге он және одан да көп беруде. Бізді жақсы көрмесе, қайырлы істерге шын көңілмен ниет еткенімізде ол амалды жасағандай қабыл етпес еді. Күнә жасауға ниет етсек те, оны істемегенше бізге күнә жазылмайды. Бұлардың бәрі үлкен ниғметтер. Күнәларымыз қаншалықты көп болса да, оларға өкініп, Раббымыздан кешірім сұрасақ, тәубенің шарттарын орындасақ, мүлдем күнә істемегендей боламыз. Дүниелік ниғметтер қаншалықты көп болса да, бәрі өткінші, қысқа, фәни. Адам баласы осы ниғметтерге тоя алмай айрылуда. Дүние ниғметтерінде кәдімгі ләззат та жоқ. Әрі тісім болсын, әрі ауырмасын десеңіз, бұл мүмкін емес. Сондықтан, бізді қатты жақсы көретін Раббымыз дүние ниғметтері мен бақытын бізге аз деп санауда. Мәңгі бақытқа қауышуымызды қалауда. Мәңгі бақытқа қауыша алуымыз үшін бізге шақыру жіберуде.

Пайғамбарлары арқылы бұл ниғметке қалай қол жеткізетінімізді білдірген және жолдарын көрсетуде. Дүниенің өзі өткінші болғандықтан, бұл жердегі бақыттылық та өткінші. Өмір сүріп жатқан дүниеміз мәңгілік бақытқа қауышудың мекені бола алмайды. Бұл жерден айрыламыз, басқа әлемге кетеміз. Ибн Абди Раббиһ бір күні Мәкхул Димишқиден: «Жәннатқа кіруді жақсы көресің бе?» деп сұрайды. Ол: «Әрине, кім жақсы көрмейді?» деп жауаптайды. Сонда оған: «Олай болса, өлімді де жақсы көруің керек! Өйткені адам өлмей тұрып жәннатқа кіре алмайды. Жәннаттың жолы ол арқылы өтеді.»- деді. Өлімді жақсы көру, өз-өзіне қолжұмсау дегені емес! Өлгеннен кейін есеп беру керектігін ұмытпай адал өмір сүру деген сөз!

 

Адамның ең үлкен мақсаты

Адамның ең үлкен мақсаты және маңызды талпынысы – иманмен дүниеден айрылуы. Елімізді бостан босқа қайтыс болған адамға "иманы саламат болсын" делінбейді. Осы себептен ғалымдарымыз соңғы демде калима айтып кетуге көп дұға еткен. Хатым дұғаларында да көп естиміз «Йа, Раббым, соңғы демімізді калима-и шаһадат айтып беруімзді нәсіп ет» делінетінін. Адам көбінесе қалай өмір сүрсе, солай қайтыс болады. Қалай өлсе, солай тіріледі. Сондықтан жақсы, адал өмір сүруіміз керек. Адам табиғаты барлық нәрсенің ең жақсысын өзіне қалаймыз. Әрине мүмкіндігіне қарай. Ең жақсы үйде тұру, ең жақсы көлікке міну, ең әдемі киімдер мен аяқ-киім киюге тырысамыз. Бұлардан да маңызды болғаны – жақсы күйде қайтыс болуға дұға ету керек және соған тырысу керек. Раббымыз осы ең үлкен ниғметін бізге нәсіп етсін. Әмин!