9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дүние, қабір және ахирет өмірі

Дүние, қабір және ахирет өмірі

Уақытты кері қайтару мүмкін емес, бірақ ғибрат алу мүмкін. Ал уақытты кері қайтаруды аңсау бос қиялға жатады. Жылдар күндей өтіп жатыр және әр өткен күн бізді қабірге бір қадам жақындатуда. Әр түні төсекке жатудан бұрын сол күннің есебін жасауымыз керек. Қателеріміз бен кемшіліктерімізді анықтау керек. Егер күнімізді жақсы өткізген болсақ, келесі күнді одан да жақсы өткізуге тырысқан жөн. Ал жаман өткен болса, тәубе етіп, енді ондай қателік жібермеуге тырысу қажет. Үмбеттердің ең қайырлысынан болуымыз Аллаһу та'аланың бізге берген үлкен сыйы. Сүйікті пайғамбарымыздың (алейһиссалам) үмбетінен болуға лайықты болуымыз керек.

Имам Раббани (қуддиса сирруһ) былай деген:

«Пайғамбарлардың соңғысы сияқты бір шапағатшы болмағанда, бұл үмбеттің күнәлары оларды құлдырататын еді. Бұл үмбеттің күнәлары көп болса да, Аллаһу та'аланың кешірімі де шексіз. Аллаһу та'ала бұл үмбетке кешірімін шашатыны соншалық, өткен үмбеттерге осыншама мейірім танытқаны байқалмаған. Тоқсан тоғыз мейірімін күнәхар үмбетіне ажыратқандай...

Уақытты тоқтату мүмкін емес, өте тез өтіп жатыр. Уақыт – адамның ең құнды болмысы. Ең қымбат гауһар тастан да құнды. Жоғалған гауһар тасты қайтадан алуға болады, бірақ жоғалған уақыт кері қайтпайды.

Әр адамға белгілі бір өмір ажыратылған. Ол осы қысқа өмірімен сүріп жатқан және сүретін басқа екі өмірін жақсартуы тиіс: дүние өмірі, қабір өмірі және ахирет өмірі.

Бұлардың ең қысқасы – дүние өмірі. Ең маңызды болғаны да осы. Өйткені үш өмірін де осында жақсарта алады.

Жұмыс істейді, өзінің ризығын және бағуға жауапкер болғандарының ризықтарын халалдан табады, кейін қаласа да, қаламаса да кіретін қабірін нұрландыруға, жайландыруға тырысады. Қабір өмірі дүние өмірінен ұзын, дүниедегі үйімізді ыждаһатпен жайландырмағанша ішіне көшіп кірмейміз. Кіретін болсақ, рахаттана алмаймыз. Алайда дүниелік үйімізде тіпті бір күн қалатынымыз да белгісіз. Егер жайлы болмаса, ауыстыра аламыз. Басқа үйге көшу мүмкіндігі әрдайым бар. Бірақ «Мен бұл қабірді ұнатпадым, бұл жерде мен қысыламын, іші қараңғы, мені басқа қабірге ауыстырыңдар» десек, бізге кім құлақ асады?

Мәңгі өміріміз болатын ахирет өмірімізді де осында жақсарта аламыз. Ол үшін уақытымызды босқа кетірмеуіміз керек. Өмір біткен кезде адам Әзірейіл алейһиссаламға (өлім періштесіне) көп жалбарынады:

- Маған бір күн өмір сүруге рұқсат бересің бе?

- Күндерің бітті!

- Ең болмағанда бір сағат уақыт берші?!

- Раббымыз саған мыңдаған сағат өмір берген еді, оларды неліктен бағаламадың? Қазір бір сағат үшін сонша жалынасың! Бұл мүмкін емес, өйткені әрбір тынысың санаулы...