25 Маусым 2018   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Аллаһу та'ала өз құзырына шақыруда

Аллаһу та'ала өз құзырына шақыруда

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала «Әлемді сендер үшін, одан пайдалануларың үшін жараттым. Ал сендерді Өзім үшін жараттым» деген.

Аллаһу та'аланың бізге берген ниғметтерін санауымыз мүмкін емес. Осыншалықты заттық және рухани ниғметтерге қауышқан мүмин қалайша Аллаһу та'алаға шүкір етпейді?! Тіпті бір кесе су, бір шыны шай берген адамға да рахмет айтпау қандай опасыздық екендігі белгілі. Олай болса, Аллаһу та'аланың сансыз ниғметтеріне де рахмет айту, шүкір ету шарт-қой! Намаз оқымай, бұл ниғметтерге шүкір ету мүмкін емес. Аллаһу та'ала алғашқы пайғамбардан соңғы пайғамбарға дейін барлық үмбетке намаз оқуды әмір еткен.

Дұрыс иманнан кейін екінші орында намаз тұрады. Намаз оқымайтын адам жүз мың нәпіл қажылыққа барса, жүз мың алтын садақа таратса, күндіз-түні ғибадат жасаса, еш пайдасы тимейді. Адамдар қай дәрежеге шықса да, таңғажайып жағдайлар көрсетсе, намаз оқымағанша құтылуы өте қиын. Бір уақыт намазды тәрк етсе, пәлекет болады. «Намаз – діннің тірегі» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны, ғимараттың сау тұруы іргетасына байланысты. Тірексіз ғимарат болмайды. Олай болса, намазсыз да дін болмайды.

Миғраж сүйікті пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) басқа ешбір пайғамбарға нәсіп болмаған. Ал Оның үмбетіне миғраждан алып келген ең үлкен сыйлығы – намаз болды. Бес уақыт намаз оқыған адам бес рет миғражға шықты деген сөз.

Аллаһу та'ала құлдарын күнде намазға шақырады. Шақыруына бармау Оған қарсы шығу болып саналады. Бір құрметті кісі шақырса, «Мен бармаймын» деп айтуға болады ма? Пайғамбарымыз алейһиссалам шақырса, «Мен бармаймын» деуге болады ма? Керісінше бүкіл жұмысты тастап, дереу алдына барып «Йа, Расулаллаһ, әміріңізге құлдық!» деу керек емес пе? Күнде бес уақыт намазға азан оқылады, яғни Аллаһу та'ала шақырады. «Намазға, құтылуға кел» дейді. Аллаһу та'аланың шақырғанына бармау дұрыс па? Бұл құнды шақыруға барған адам мәңгі бақытқа қауышады, ал шақыруды кері қайтарып, қарсы шыққан адам әрине азапқа лайықты болады.

(Бүкіл ғұламалар әр мүмкіндікте намаздың маңызы жайлы айтып, «Намаз бар – өмір бар. Намаз жоқ – өмір жоқ» дейтін еді. Сондықтан намазға аса мән беру керек. Ал намазды дұрыс оқу үшін нақылды негізге алған дұрыс қайнарлардан үйрену керек. Сайтымыздағы барлық мәліметтер Әһли сүннет ғұламаларының нақылға сүйенген кітаптарынан алынған.)