27 Мамыр 2018   


  Негізгі бөлім / Сауда-саттық / Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктері

Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктері

Сұрақ: Тұрмыстық жағдайы бізбен қатар бір әйел көршіміз бар. Үйімізде ұн, шекер, май сияқты азық-түлікті немесе кез келген кітап, бір зат көрсе, қарызға, қолдана тұруға сұрайды. Қайтаратын ойы да жоқ. Материалдық жағдайы төмен болса екен, ала берсін, қайтармай ақ қойсын дер едім. Әл-ауқаты бізден төмен емес. Күйеуім «Не сұраса да, ештеңе бермейік!» дейді. Бірақ мен көрші ақысынан қорқамын. Бермесем күнә болады ма? Көршімнің көрген нәрсесін сұрауы және алғанын кері қайтармауы күнә емес пе? Ол көрші тек бізден ғана емес, бәрінен осылай әр нәрсе сұрайды екен.

Жауап: Күйеуіңіз сіздің затыңызды, ал сіз күйеуіңіздің затын рұқсатсыз қолдана алмайсыз. Рұқсатсыз қолдану, біреуге беру күнә болады. Көрші келгенде «Күйеуім ренжиді. Оның рұқсатынсыз бір нәрсе беруім күнә екен» десеңіз, ол ештеңе сұрамайтын болады. Әркімнен әр нәрсе сұрау дұрыс емес.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Адамдардан ештеңе сұрамаңдар, тіпті мисуакты бір рет қолдануға болса да.» (Бәззар)

Қарызға алып, мүмкіндік бар бола тұра қайтармау немесе қарыздарын өтемеу күнә болады.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Қарызын өтемейтіндерге Аллаһу та'ала қияметте "Оның ақысын сендерде қалдырамын деп ойладыңдар ма?" деп ол адамның жақсы амалдарын алып, соған береді. Егер қарызын қайтармаған адамның жақсы амалдары жоқ болса, қарыз берушінің жаман амалдарын, күнәларын қарыздарға жүктейді.» (Табарани)

Біреуге зиян тигізу, ренжіту жаман. Бірақ көршіге зиян тигізу, оны ренжіту одан да жаман. Хадис шәрифте былай делінген:

«Көршісі зиянынан сенімді болмаған адам Аллаһқа иман келтірген болып саналмайды.» (Бәззар)

Көрші жаман болса да, оған қолдан келгенше жақсылық жасауға тырысу керек!

 

Сұрақ: Күйеуім өз ақшамды жұмсауыма, тіпті зекетімді беруіме де разы емес. Не істесем болады?

Жауап: Өз ақшаңызды күнә болмаған жерлерге қалағаныңыздай жұмсай аласыз. Оның ақшасын ол қаламаған жерлерге жұмсауыңыз дұрыс емес. Егер рұқсат алған болсаңыз, қалаған жеріңізге бере аласыз, қалағаныңыздай жұмсай аласыз. Рұқсатсыз жұмсауыңыз дұрыс болмайды. Білезік сияқты алтын бұйымдарыңыздың зекетін сіз өзіңіз бересіз. Өз ақшаңыздан беруіңіз керек. Күйеуіңіз сыйлаған ақша бар болса, одан да бере аласыз. Сыйлық ретінде алған ақшаңыз да сіздікі. Зекет беруіңізге күйеуіңіз разы болмаса да, міндетті түрде беруіңіз керек. Оған айтпай бересіз. Күйеуінің разылығына күнә болмаған істерде қаралады. Сіз зекет бергеніңіз үшін сізден разы болмаса, мұның ешқандай маңызы жоқ.

 

Сұрақ: Туған әпкеме зекет берсем болады ма? Ерлі-зайыптылардың есептері (қаражаты) бөлек пе?

Жауап: Зекет пен пітірлеріңізді, бай болмаса, қыз бауырыңызға немесе оның бала-шағасыа беруіңізге болады. Дініміз бойынша еркек пен әйелдің (ерлі-зайыптылардың) мүліктері бөлек саналады. Бір-біріне қосылмайды. Сіз бай, күйеуіңіз кедей болуы мүмкін, сіз кедей, күйеуіңіз бай болуы мүмкін.

Күйеуіңізге қатысы болмаған өзіңіздің жеке қарызыңыз бар болса, бар ақшаңыздан шығарып бересіз. Зекет беретін кезде алтын бұйымдарыңыздың салмағын өлшеп, алашақтарыңызбен бірге есептейсіз. Бәрінің қырықтан бірін алтын күйде жиендеріңізге бересіз.

Үй, дүкен, автокөлік сияқты нәрселер зекет нисабына қосылмайды. Яғни бұлардың зекеті берілмейді.