9 - Рабиул-әууәл, 1440 жыл.
     17 - Қараша, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Салауат оқығандар кедейлік көрмейді

Салауат оқығандар кедейлік көрмейді

Абдуррахман ибн Аттаб Қуртуби хазреттері Малики мазһабының фиқһ ғалымы болып, 433 (м.1041) жылы Әндүлүсте (Испания) Қуртубада (Кордоба) туылды. 520 (м.1126) жылы сол жақта қайтыс болды. «Шифа-ус-судур» атты кітабында былай жазған:

Хадис шәрифте: «Қиямет күнінде дәрежесі маған ең жақын болғандарың – ең көп салауат оқығандарың» - делінген.

Табарани хазреті Әнастан (радиаллаһу анһ) риуаят етті, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Жәбрейіл аз уақыт бұрын маған Раббының хабарымен келді: Жер бетінде саған бір рет салауат оқыған мұсылманға мен және періштелерім он рет салат (дұға) етеміз.»

Тағы хазреті Әнас жеткізген. Расулуллаһ алейһиссалам айтты: Аллаһу та'аланың (періштелерінен) бір періште бар. Оның бірі шығыста, бірі батыста екі қанаты бар. Бір құл жақсы көріп тұрып маған салауат оқыған кезде періште суға түсіп, кейін сілкінеді. Аллаһу та'ала періштеден шашыраған әр тамшыдан бір періште жаратады. Бұл періштелер маған салауат оқыған кісіге қияметке дейін истиғфар етеді (кешірімін тілейді).»

Хадис шәрифте айтылған: «Кімде-кім Аллаһу та'ала одан разы болған күйде Аллаһқа қауышуды қаласа, маған көп салауат оқысын. Өйткені кімде-кім күніне 500 рет маған салауат оқыса, мәңгілікке кедейлік көрмейді, күнәлары кешіріледі, қателіктері өшіріледі, қуанышы тұрақты болады, дұғасы қабыл болады, үміт еткендеріне жетеді, дұшпандарына қарсы жәрдем көреді, қайырымдылық жасау тұрғысында көмек көреді, жәннатта пайғамбарына дос болады.»

Расулуллаһ алейһиссалам айтқан: «Бір күні маған Аллаһу та'аланың төрт ұлы періштесі Жәбрейіл, Микаил, Исрафил және Әзрейіл (алейһимуссалам) келді. Жәбрейіл (алейһиссалам) маған: «Йа, Расулаллаһ! Сенің үмбетіңнен бір кісі саған күнде он рет салауат оқыса, ертең қиямет күні мен оның қолынан ұстап, сыратты құстар сияқты өткіземін» деді. Микаил (алейһиссалам) да: «Мен ол құлға сенің Кәусар хауызыңнан қандырып ішкіземін» деді. Исрафил (алейһиссалам): «Йа, Расулаллаһ! Ол құлыңның кешірілуі үшін басымды сәждеге қоямын, Аллаһу та'ала оны кешірмегенше басымды сәждеден көтермеймін» деді. Әзрейіл (алейһиссалам): «Йа, Расулаллаһ! Саған күнде он рет салауат айтқан кісінің рухын пайғамбарлардың рухын алғандай аламын» деді.

Салауат оқу «Аллаһ және періштелері пайғамбарға үнемі салауат айтады. Ей, иман келтіргендер! Сендер де оған көп салауат айтыңдар және толықтай мойынсұнушылықпен сәлем беріңдер» (Ахзаб сүресі, 56-аят) деген бұйрыққа бағыну болып саналады. Бұл күнәлардың кешірілуіне себепші.