12 - Сафар, 1440 жыл.
     21 - Қазан, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Құдайдан қорқудың белгілері болады

Құдайдан қорқудың белгілері болады

Бізді жоқтан жаратқан ұлы Раббымыздан қорқу – Оған деген сүйіспеншілігіміз бен құрметіміздің бір белгісі. Аллаһу та'ала одан қорққан құлдарын өте жақсы көреді және оларды кешіретініне уәде берген. Құран кәрімде былай делінген:

«Аллаһтан қорқыңдар, сонда құтыласыңдар.» (Али Имран 200 және Маида 100)

«Ең қадірлілерің – Аллаһтан ең көп қорққандарың.» (Хужурат 13)

 

Аллаһу та'ала екі хадис құдсида былай деген:

«Бір құлыма екі қорқыныш, екі сенімділік бермеймін. Дүниеде менен қорқпай сенімді болған адам ахиретте қорқады. Дүниеде қорққан адам ахиретте сенімді болады.»

«Дүниеде менен қорққан адам қияметте қорқыныштардан сақ болады.»

 

Сүйікті пайғамбарымыз да (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан:

«Өмірінде бір рет Аллаһтан қорққан кісі тозақтан шығады.» (Тирмизи)

«Адамдарды жәннатқа кіргізетін нәрсе – Аллаһтан қорқу.» (Хаким)

 

Құдайданан қорқу – дұрыс иман иесі болғаннан кейін Аллаһтың тыйымдарынан сақтанып, әмір еткендерін орындау, яғни харамдардан бойын аулақ ұстап, ғибадаттарды орындау деген сөз. Бір адамның «Мен ішкілігімді ішемін, сыраханаға да барамын, намаз оқымаймын, ораза ұстамаймын, діннің бұйрықтарын орындамаймын, бірақ адамдар көрсін деп көзбояушылық етіп намаз оқитындардан және солай ораза ұстайтындардан артық Құдайдан қорқамын. Құдайды бәрінен қатты жақсы көремін» деп ойлауы оның күнәға батуына, тіпті күпірге түсуіне себеп болады. Аллаһтан қорқамын деуі әрине өтірік. Жақсы көрудің, бағынудың, қорқудың белгілі бір өлшемі болады. Бір адам «Мен Аллаһты жақсы көремін» дей тұра Оның әмірлері мен тыйымдарына бағынбаса, мысалы намаз оқымай, ішкілік ішіп, зина жасаса, Аллаһты жақсы көргені өтірік болмай ма? Сондықтан намаз оқымайтын және Құдайдан қорқпайтын адамнан әртүрлі жамандық күтуге болады.

Намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын және ішкілік ішетін адам өтірік айтудан, әркімге жала жабудан немесе араңдатушылық шығарудан неге тартынсын? Негізінде ондай адамдардың имандары не өте әлсіз, не мүлдем жоқ. Сонда да олар адамдарды алдап «Біз де мұсылманбыз ғой» дейді. Мұсылман болудың да бір белгісі болады. Бір жерде мұнара болса, ол жерде мешіттің бар екені аңғарылады. Намаз оқыған адамның да мұсылман екені аңғарылады. Кәпір намаз оқымайды. Сондықтан пайғамбарымыз «Мұсылман мен кәпірді ажырататын ерекшелік – намаз» деген. Кәпірлердің қатарында емес, мұсылмандардың қатарында болуға тырысуымыз керек.

Табииннің ұлыларынан болған Хасан Басри хазреттері айтқан: «Ішінде жыланы бар тесікке ешкім қолын тықпайды. Егер қолын кіргізсе, ол ішінде жылан бар екеніне сенбеді деген сөз.» Осы сияқты Аллаһу та'алаға және тозаққа сенген адамның Ислам дінінің тыйым салғандарынан тыйылуы керек. Күнә істеушілердің «Біз Құдайдан қорқамыз» деп айтуы «Жылан мені шақпайды» деп қолын жыланның ініне тығуына ұқсайды. Алайда жылан шағады, от күйдіреді. Аллаһу та'ала сөзінде тұрады. Оның азабы өте ауыр. Аллаһу та'ала «Азабым өте ауыр» деген. (Хижр 50)

Имам Ғазали хазреттері айтқан: Ақылды адамның арыстаннан қорқпауы мүмкін емес. Аллаһу та'ала Дауд алейһиссаламға «Жыртқыш жануардан, арыстаннан қалай қорқсаң, менен де солай қорқ!» деді. (Бәриқа) Өйткені арыстан ешкімнен қорқпайды, өлтірмеудің себебін іздеп отырмайды. Яғни арыстанның өлтіруі оның кінәсі емес. Осылай ойлайтын адамның Аллаһтан қорқпауы, ғибадаттарға берілмеуі мүмкін емес. Тағы Аллаһу та'ала «Менен қорқып ғибадат жасау басқа ғибадаттардан үстем» деген. (Табарани)

Абдуллаһ бин Аббас хазреттері айтқан: «Аллаһтан қорқ» деген адамға «Бар жұмысыңды істе, мен не істейтінімді өзім білемін» деп айту өте жаман. Өйткені Аллаһу та'ала «"Аллаһтан қорқ" дегенді естіген адам надандық тәкәппарлығына салынып, күнә істесе, онда оған тозақ жеткілікті» деген. (Бақара 206)