9 - Зүл-қада, 1445 жыл.
     17 - Мамыр, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / "Шәуаһид-ун нубуввә" кітабы / ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ (Пайғамбарлық сүйіншілері)

ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ (Пайғамбарлық сүйіншілері)

АЛҒЫ СӨЗ

Бисмиллаһир рахманир рахим

Адамзатқа үш түрлі өмір берілген: дүние, қабір, ахирет өмірлері. Дүниеде дене рухпен бірге өмір сүреді. Адамға жан бітіретін, оны тірі қылатын қуат – рух. Рух денеден шығып айрылғанда адам өледі. Дене қабірде шіріп, топыраққа айналса немесе өртеп жіберілсе, яки жыртқыш жануарға жем болса, бәрібір рухы жоқ болып кетпейді. Енді қабір өмірі басталған болады. Қабір өмірінде сезім бар, әрекет жоқ. Қияметте дене қайта жаратылып, рухпен бірге сол дене жәннатқа немесе тозаққа кіріп, сонда мәңгі өмір сүреді.

Адамның дүниеде және ахиретте бақытты болуы үшін мұсылман болуы қажет. Дүниеде бақытты болу – рахат өмір сүру деген сөз. Ахиретте бақытты болу – жәннатқа кіру деген сөз. Аллаһу та'ала құлдарына жанашыр болғандықтан, бақытты болу жолын пайғамбарлары арқылы құлдарына хабар берді. Өйткені, адамдар бұл бақыт жолын өз ақылдарымен таба алмайды. Ешбір пайғамбар адамзатқа өз ақылынан ештеңе айтпаған, барлығы Аллаһу та'аланың бұйрықтарын жеткізген. Пайғамбарлар көрсеткен бақыт жолы «Дін» деп аталады. Мұхаммед алейһиссалам көрсеткен дінге «Ислам» делінеді. Адам алейһиссаламнан бері жер бетіне мыңдаған пайғамбарлар келді. Пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед алейһиссалам. Басқа пайғамбарлар үйреткен діндер уақыт өте бұзылды. Қазіргі таңда бақытқа қолжеткізу үшін Ислам дінін үйренуден басқа шара жоқ. Ислам діні – жүрекпен сенетін «Иман» мәселелері және денемен орындалатын «Ислам үкімдері» нен құралған.

Иман және Ислам үкімдері «Әһли сүннет ғалымдарының» кітаптарынан үйреніледі. Оны надандардың, адасқандардың бұзық кітаптарынан үйренуге болмайды. Хижри жыл санақ бойынша мыңыншы жылдан бұрын Ислам мемлекеттерінде өте көп «Әһли сүннет ғалымы» бар еді. Қазір мүлдем қалмады. Ол ғалымдар жазған араб және парсы тілдеріндегі кітаптар және олардың аудармалары әлемнің барлық жеріндегі кітапханаларда көптеп табылады. Хақиқат кітап үйінің бүкіл кітаптары осы қайнарлардан алынған. Бақытқа қауышу үшін «Хақиқат кітап үйінің» кітаптарын оқыңыз!

Ақылың болса егер, Исламды берік ұстан!

Ислам дінінің негізі – Хадис пенен Құран!

 

АНЫҚТАМА: Миссионерлер христиан дінін жаюға, яһудилер Талмутты жаюға, Стамбұлдағы «Хақиқат кітап үйі» Ислам дiнiн жаюға, ал масондар барлық дiндерді жоюға тырысып жатыр. Ақылы, бiлiмi, ынсабы бар адам бұлардың арасынан қайбірі дұрыс екенін өзі ұғынады, түсінеді. Оның таралуына үлес қосып, барлық адамдардың дүниеде де, ахиретте де бақытқа қауышуына себеп болады. Адамдарға бұдан да құнды және пайдалы қызмет бола алмайды. Қазіргі христиандар мен яһудилердің қолдарындағы Таурат пен Інжіл деп аталатын діни кітаптарының адамдар тарапынан жазылғандығын олар өздері де мойындап айтады. Ал Құран кәрім Аллаһу та'ала тарапынан жіберілген асыл күйінде сақталды. Бүкіл поптар мен монахтар Хақиқат кітап үйі шығарған кітаптарды мұқият және ынсаппен оқып, түсінуге тырысуы қажет. Хақиқақ кітап үйінің бүкіл кітаптары ғаламтор арқылы бүкіл әлемге таратылуда.