21 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Мәңгілікке қалатын салих амалдар

Мәңгілікке қалатын салих амалдар

Сұрақ: “Кәһф” сүресінің 46-шы аятында білдірілген Аллаһтың ұнатқан және мәңгілікке қалатын салих амалдары нелер?

Жауап: Бұл аятта білдірілген салих амалдар: намаз, қажылық, ораза және басқа да барлық жақсы амалдар. Және де ең құнды тәсбихтердің бірі – «Сүбханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр» тәсбихі.

 

Салих амалдардың түрлері:

1- Намаз. Намаздың ең құндысы өз уақытында оқылғаны. Одан да құндырағы уақытының басында, яғни уақыты кірер-кірмес кешіктірместен оқу. Адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқу да қадірлі. Бес уақыт намаз оқу – ең құнды ғибадат. Хадис шәрифте: «Намаз – діннің тірегі» деп бұйырылған. Тірексіз ғимарат болмағандай намазсыз адамның Ислам ғимаратын көтеруі мүмкін емес. Намазды тәрк ету де үлкен күнә болып табылады.

 

2- Қажылық. Ең құнды қажылық – “хажи мәбрур”. Яғни еш күнә жасамастан, шарттарына сай жасалып, қабыл болған қажылық. Хадис шәрифте: «Кірді су тазалайтынындай, күнәларды да қажылық тазалайды.» деп бұйырылған. (Табарани)

 

3- Ата-анаға игілік. Хадис шәрифте: «Аллаһ дәргейіндегі ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін ата-анаға жасалған жақсылық.» деп бұйырылған. (Мүслим)

 

4- Жиһад. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ең құнды амал – жиһад.» (Табарани)

 

«Адамдардың ең қадірлісі – жанымен де, малымен де Аллаһ жолында жиһад еткені.» (И. Ахмед)

 

5- Әмри маруф. (діннің әмірі мен тыйымдарын үйрету) Хадис шәрифте былай делінеді: «Бүкіл ғибадаттарға берілген сауап, Аллаһ жолындағы жихадқа берілген сауаптың қасында, теңіздің жанындағы бір тамшы судай. Ал жихад сауабы әмри маруф және нахии мункар сауабының қасында теңіз жанындағы бір тамшы судай.» (Дәйләми)

 

6- Аллаһу та’аланы зікір ету, еске алу. Хадис шәрифте былай делінген: «Адамның дәрежесін ең биіктерге көтеретін, ең құнды амал – алтын мен күміс беруден де қадірлі болған Аллаһты еске алу амалы.» (Бәйһақи)

 

7- «Аз да болса, тұрақты жасалатын амал құнды.» (Мүслим)

 

Бұл ғибадаттардың барлығын орындай алу үшін ілім мен ықыластың болуы шарт. Оларсыз ғибадаттардың еш құны жоқ. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ілімсіз жасалған көп амалдың құны жоқ.» (Дәйләми)

 

«Аллаһу та’ала тек ықыласпен жасалған амалды қабыл етеді.» (Нәсаи)

 

Ілім мен ықыластан басқа Аллаһтың достарын жақсы көру және дұшпандарын жек көру керек. Хадис шәрифте: «Ғибадаттардың ең құндысы – хубби филлаһ және бұғди филлаһ» деп бұйырылды. Яғни жақсы көрген адамдарын тек Аллаһ үшін жақсы көріп, дұшпандарына да тек Аллаһ үшін дұшпан болу керек. (Әбу Дауд)

 

Бұл ғибадаттардың дұрыс және қабыл болуы үшін сенімі дұрыс болуы шарт. Яғни Әһли сүннет ақидасында болмағандардың ешқандай амалы қабыл болмайды. Әһли сүннеттен басқалары бидғат иелері (әһли бидғат). Бидғат иелерінің ешбір ғибадаттары қабыл болмайды. Хадис шәрифте:

«Аллаһу та’ала бидғат иесінің намазын, оразасын, зекетін, қажылығын, умрасын, жиһадын, парызы мен нәпіл ғибадаттарының еш қайсысын қабыл етпейді. Майдан қылдың оңай шығатыны сияқты, мұсылмандықтан да оңай шығып кетеді.» (Ибни Мажә)