22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Бірге тамақтану

Бірге тамақтану

       Сұрақ: Тамақты бірге жеген кезде ауру жұғуы мүмкін екендігі айтылады. Осыған байланысты тамақты бала-шағамен бір ыдыспен жемей, бөлек ыдыспен жеу керек пе?

Жауап: Тамақ жеу – ғибадат емес, әдет. Барлық мубахтарда болғаны секілді тамақ жеген кезде де өзі тұрып жатқан елдің әдет-ғұрпына бағынудың, бөлек ыдыстан жеудің зияны жоқ.

Жұқпалы ауруы бар адамның басқа адамдарға араласып, бірге жүріп-тұруы дұрыс емес.  Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін дініміз карантинге аса мән берген. Дініміз жұқпалы ауру бар жерге бармауды және ол жердегілердің басқа жақтарға шығып кетпеуін әмір етуде.

 

Жұқпалы ауру бар жерден адамдардың сыртқа шығуларына тыйым салынуының екі түрлі себебі бар:

1-   Егер дені сау адамдар науқастарды тастап, қастарынан кететін болса, оларға

қарайтын адам болмайды. Аурулар да шарасыз күйге түсіп, құриды.

2-   Жұқпалы ауру бар жерде микробпен ластанған ауаның адамдардың ішіне енуіне

байланысты, ол жерден басқа жақа барған адамның жұқпалы микроптарды дені сау адамдарға да жұқтырған болады. Сол себепті карантинге аса мән беру керек.

 

Жұқпалы ауруы болмаған отбасы мүшелерінің дастархан басында бірге отырып тамақтануының ешқандай зияны жоқ. Тіпті бүгінгі медицинаның айтуы бойынша адамдар бірге отырып тамақ жеген кездерінде, біреуінен екіншісіне микроб өтеді екен және осы микробқа қарсы ағзада иммунитет пайда болады екен. Балаларға, ересек адамдарға егілетін вакциналар да микробтың бір түрі. Вакцинамен берілген микробқа қарсы күрескен адамның ағзасы сол микробқа қарсы иммунитеті күшейіп, ауруға шалдықпайды.  

Бірлікте береке бар. Бірлесе отырып жеген тамақтың құндылығы жайында хадис шәрифтерде былай делінген:

«Тамақты бірге отырып жеңдер. Көпшілікте (жамағатта) береке бар.» (Ибн Мажә)

 

«Бір кісілік тамақ екі кісіге, екі кісілік тамақ төрт кісіге, төрт кісілік тамақ сегіз кісіге жетеді. Аллаһу та’аланың мейірімімен берекесі көпшілікпен бірге.» (Мүслим)

 

«Ең жаман адам – тамақты жалғыз жеген адам.» (И. Шарани)

 

«Тамақты бірге жеген адамдардың көңілдері (жүректері) жұмсарады.» (Хараити)

 

«Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін дастарханы – айналасында қол көп болған дастархан.» (Табарани)

 

«Тамақтың қайырлысы – көпшілікпен желінгені.» (Хараити)

 

«Тамақты көпшілікпен бірге отырып жеңдер. Бір кісінің тамағы екі кісіге жетеді.» (Табарани)

 

Кейбіреулер Йа Расулаллаһ, көп тамақ жесекте тоймай, тамақтың берекесін көре алмай жүрміз?” дегенде пайғамбарымыз алейһиссалам оларға былай дейді: «Сендер тамақтарыңды бөлек жейсіңдер. Тамақты бірге жесеңдер, “бисмилләһ” айтсаңдар, тамақтарың берекелі болады.» (Ибн Мажә)

 

Тамақты бала-шағамен бірге жеу махабатты, сыйластықты арттырады. Көп балалар тамақты әкелерімен бірге жеу үшін әкелерінің жұмыстан келуін күтеді. Балаларынан бөлек тамақтануды әдетке айналдырмау керек.