30 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Хайз / САТР-И АУРЕТ (Әурет жерлер және әйелдердiң хижабы)

САТР-И АУРЕТ (Әурет жерлер және әйелдердiң хижабы)

Бiр адамның ашуы, өзгеге көрсетуі және өзгенің де қарауы харам болған жерлерге әурет жері деп атайды. Еркектердiң әурет жерi кiндiктен тiзенiң астына дейiн. Тiзе әуретке жатады. Осы жерлерi ашық болса намаз қабыл болмайды. Намаз оқығанда қолдарын, басын жабу, шұлық кию еркектерге сүннет. Бұл жерлердi ашып намаз оқу мәкрух болады.

 Ал әйелдердiң алақандарынан және бетiнен басқа жерлерi 4 мазһабта да әурет болып есептеледi. Бұл жерлерiн жабу парыз. Әурет мүшелерінің кез-келген біреуінің төрттен бiрi бiр рүкін ашық қалса намаз бұзылады. Бұдан аз ашылса намаз бұзылмайды, бірақ мәкрух болады. Ішіндегі мүшенің түсі не өзі көрінетіндей жұқа болған мата жоқ деп есептелінеді.

Әйелдердiң тiзе мен кiндiк арасын жабуы парыз. Қарнын және арқасын жауып жүруі уәжiп. Басқа жерлерiн жабу әдеп болып есептеледi. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Бөтен әйелге шахуатпен қараған адамның көзi алаумен толтырылып, тозаққа кiргiзiледi. Бөтен әйелмен қол ұстасқан адамның қолдары еңсесіне байланып, тозаққа тасталады. Бөтен әйелмен керексiз жерде шахуатпен сөйлескен адам әрбiр сөзi үшiн тозақта бiр жыл қалады.» Басқа бiр хадисте: «Көршiнің және достарының әйелдеріне шахуатпен қарау, бөтен әйелдерге қараудан он есе артық күнә. Келіншектерге қарау, қыздарға қараудан мың есе артық күнә. Зина күнәлары да осылай.» Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Ей, Әли! Ұят жерiңдi ашпа. Өлi және тiрi еш кімнің ұят жерiне қарама!»

Басқа бір хадисiнде былай дейдi: «Әурет жерлерiңiздi ашпаңыз! Өйткенi жаныңыздан еш айырылмайтындар  бар. Олардан ұялыңыз және оларды құрмет етiңiз.»

Басқа хадистерде былай делінген: «Әурет жерлерiңдi жап. Әйелiңнен және күңiңнен басқасына көрсетпе. Жалғыз өзiң қалғанда да Аллаһтан ұял.»

«Өздерiн әйелдерге ұқсатқан еркектердi және еркектерге ұқсатқан әйелдердi Аллаһ лағнет етсiн».

«Бiр қыздың әдемiлiгiн көрген кісі, дереу көзiн басқа жерге аударса, Аллаһ оған жаңа бiр ғибадат сауабын бередi. Бұл ғибадаттың ләззәтi сол мезетте сезіледі.»

«Әурет жерiн ашқанға және басқалардың әурет жерлерiне қарағанға Аллаһ лағнет етсiн. Өзiн басқа бiр қауымға ұқсатқан, солардан болады.» Демек мінез-құлқын, іс-әрекеттерiн немесе киiмiн басқаларға ұқсатқан адамдар соларға тартып кетеді. Зиянды модаға, кәпiрлердiң әдеттерiне еліктегендер, харамдарға «көркем өнер», хараммен айналысатындарға «өнерпаз, мәдениетті» дейтіндер бұл хадистерден ғибрат алулары керек.

Еркек еркектiң, әйел әйелдiң әурет жерiне қарауы  харам. Еркектiң еркек үшiн және әйелдер үшiн әурет жерi кiндiк пен тiзесінің арасы. Әйелдiң бөтен ер кiсi үшiн әурет жерi алақанынан және бетiнен басқа барлық жерi. Бөтен әйелдiң әурет жерiне шахуатсыз қарау да харам.

Көрпе астында жалаңаш жатқан бiр ауру басын көрпе iшiне тығып ишаратпен намаз оқыса, жалаңаш оқыған болады. Басын көрпеден шығарып оқыса, көрпемен жамылған болып есептеліп намазы жаиз болады. Бiр еркек некемен алуы мәңгi харам болған 18 әйелдiң басына, бетiне, мойнына, қолдарына, тiзеден төмен аяқтарына шахуатсыз қарауға көзі жетсе қарай алады. Бірақ көкіректерiне, қолтықтарына, сандарына, тiзелерiне, арқасына қарай алмайды.

Бiр әйел үшiн әке-шешесінің бауырларының ұл балалары да бөтен еркек. Жезде, қайны да бөтен еркек. Бұлармен әңгiмелесуi, әзiлдесуi және бiр жерде жалғыз болуы харам.

Еркектерге де әке-шешенің бауырларының қыз балалары, жеңгесі және балдызы бөтен әйел үкімінде болады. Бұлармен әңгімелесуі, жалғыз қалуы харам.

Бiр еркек махрем (туысқан) болған 18 әйелмен өмір бақи үйлене алмайды. Олармен сөйлесе алады. Бiр жерде жалғыз қалуы күнә болмайды. Сондай-ақ әйел де махрем 18 еркекпен үйлене алмайды. Бұлар төмендегідей:

 

Қан арқылы туыстық

 

 

Ер кiсiлер

 

Әйел кісілер

1

Әке

1

Шеше (Ана)

2

Әке-шешенің әкелерi

2

Әке-шешенiң шешелерi

3

Ұлы және ұл-қызының ұлдары (ұл немере)

3

Қызы және ұл-қызының қыздары (қыз немере)

4

Аға-iнiсі

4

Әпке-қарындасы

5

Аға-інісінің ұлдары

5

Әпке-қарындастың қыздары

6

Әпке-сіңілінің ұлдары

6

Аға-інісінің қыздары

7

Әке-шешенің аға-інісі

7

Әке-шешенің әпке-сіңіл, қарындастары

 

Сүт арқылы туыстық

 

 

Ер кiсiлер

 

Әйел кісілер

8

Сүт әке

8

Сүт шеше (Ана)

9

Сүт әке-шешенің әкелерi

9

Сүт әке-шешенiң шешелерi

10

Сүт ұлы және сүт ұл-қызының ұлдары (сүт ұл немере)

10

Сүт қызы және сүт ұл-қызының қыздары (сүт қыз немере)

11

Сүт аға-iнiсi

11

Сүт әпке-қарындасы

12

Сүт аға-інісінің ұлдары

12

Сүт әпке-қарындастың қыздары

13

Сүт әпке-сіңілінің ұлдары

13

Сүт аға-інісінің қыздары

14

Әке-шешенің сүт аға-інісі

14

Әке-шешенің сүт әпке-сіңіл, қарындастары

 

Неке арқылы туыстық

 

 

Ер кiсiлер

 

Әйел кісілер

15

Қайын ата

15

Қайын ене

16

Өгей ұл

16

Өгей қыз

17

Өгей әке

17

Өгей шешесі

18

Күйеу бала

18

Келін

 

Әурет жерi ашық күйiнде көшеге шыққан және басқалардың әурет жерiне қараған еркектер мен қыздар тозақ отына жанады.