26 Маусым 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамның өзі неден құралса, сөзі де содан құралады

Адамның өзі неден құралса, сөзі де содан құралады

Адам не істесе де, өзі үшін істейді. Жақсылық етсе де өзі үшін, жамандық етсе де өзі үшін. Жақсылықтың ақыры – жақсылық болып қайтады, жамандықтың ақыры жамандық болып қайтады. Үнемі жақсылық жасауға тырысқан адам құтылады. Жақсылық та, жамандық та жүрекке (көңілге) байланысты. Көңіл таза, жақсы болса, дене жақсы істер істейді. Көңіл бұзық болса бүкіл мүшелер үнемі жаман нәрсе істейді. Хадис шәрифте: «Жүрек (көңіл) бұзық болса,  дененің істері де үнемі бұзық болады.» делінген.

 

Захири істердің (сыртымыздың, қылықтарымыздың) бұзық болуы көңілдің қараюына жол ашады. Дін ғұламалары: «Адамның сырты – ішінің айнасы» деген. Сондықтан іші нұрлы болған адам сыртқа жарық шашып тұрады.

 

Құран кәрімде: «Лас сөздер лас адамдарға жарасады.» делінген.

 

Көзі көрмейтін адамға күннің бар екендігін айтып жеткізу мүмкін емес. Дәм білу қабілеті бұзылған, бауыры ауыратын адамға қанттың тәттілігін айтудың пайдасы жоқ. Сол секілді қарайған, лас, ауру рухтарға адамгершілік, кемелдік, үстем қасиеттерді айтып жеткізу де мүмкін емес. Бұларға жауап беру – олар пайдалансын деп емес, өзгелердің бұларға алданбауы үшін болып табылады. Дәрі-дәрмек – ауруларды өлімнен сақтау үшін шығарылған, өлілерді қайта тірілту үшін емес.

 

Абдуллаһ бин Аббасты бір кісі масқаралаған кезде: «Бір мұқтаждығың, қиыншылығың бар болса, саған көмектесейін!» деп жауап берген.

 

Хазреті Хусейннің ұлы Зәйнәл Абидин Әли хазреттері өзін жәбірлеген адамға үстіндегі киімін шешіп, сыйға тартқан.

 

Иса алейһиссалам яһудилердің қасынан өтіп бара жатқанда, оған өте жаман сөздер айтылады. Иса пайғамбар яһудилерге жақсы және жұмсақ мәміледе жауап береді. Адамдар “Олар саған жамандық жасаса, сен оларға жақсы мәміледе болудасың” дегендерінде: «Әркім өзіндегі барын ұсынады.» дейді.

 

Айтқан сөзімен, жазған жазуы адамның айнасы. Көптеген адамдар бір дұшпанына ашуланған кезде, оны өз бойында бар болған жамандықтарды айтып жамандайды. Әр ыдыстан сыртқа ішіндегісі тамады. Төмен, тексіз адамның сөзі де өзі сияқты болады. Ондай лас сөздерге тап болғандар нәжіске түскен гаухар тасқа ұқсайды. Ешқашан канализациядан гүлдің иісі шықпайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам хадис шәрифте былай деген: «Адамда бір ет бөлшегі бар. Егер ол салих болса, бүкіл дене жақсы болады. Егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Бұл ет бөлшегі – жүрек (көңіл)!»

 

Дененің салих болуы үшін, жүректің салих, жақсы болуы керек. Жүрек – Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышқанда салих, жақсы болады. Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышқан жүрек көршісі болған нәпсіге де әсер етеді. Нәпіс аммаралығынан (тәрбиесіздігінен, жаманшылығынан) құтыла бастайды. Осының нәтижесінде Аллаһу та’аланың жақсы көрген нәрселерін жақсы көреді және жек көрген нәрселерін де жек көреді. Соның салдарынан барлық дене мүшелер исламның үкімдеріне мойынсұнуды қалайды және осындай адамнан тек ізгіліктер, жақсылықтар шығады. Адамның жүрегінде (көңілінде) не бар болса, сөйлеген сөздерінде және мінез-құлықтарында да сол нәрсе ортаға шығады. Жүрегін жақсылықтар мен мейірімділіктер қаптаған адам жылы сөзді, көркем мінезді болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Жүрек (көңіл) салих болған кезде, дене де салих болады» деп айтқан.

 

Көңілдің салих, жақсы болуы үшін иман келтіруі, ислам дінінің әмірлеріне мойынсұнуы және Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігі сол көңілге орналасуы керек. Көңіл жақсы болған кезде, дене де жақсы, салих болады. Сахабалардың үстем болуының себебі – расулуллаһ алейһиссаламның құзырында және сұхбатында көңілдерінің барлық кірлерден арылып, тазалануынан еді. Істеген амалдарының және сөйлеген сөздерінің құнды болуы - әрдайым көңілдерінің салих болуының салдарынан. Сондықтан пайғамбарымыз былай деген: «Басқалар Аллаһ разылығы үшін Ухуд тауындай алтын садақа берсе де, сахабамның Аллаһ жолында берген бір уыс арпа садақасының сауабына қауыша алмайды.»

 

Хазреті Омар қайтыс болғанда ұлы Абдуллаһ бин Омар хазреттері: “Ілімнің оннан тоғыз бөлігі кетті.” дейді. Ол жердегі жастардың бұл сөзге таң қалғандарын көргенде: “Сендер білетін фиқһ және кәлам ілімдерін айтып тұрған жоқпын. Пайғамбарымыздың мүбәрәк жүрегінен тараған батын (ішкі, ләдун) ілімінің, марифаттың оннан тоғызы кетті деймін” деген.

 

Әбу Абдуллаһ Сәжзи былай дейді:

“Білімін және дін ілімін дұрыс, жөнді үйренбеген адамның ісі, амалы дұрыс та, жөнді де болмайды. Амалы дұрыс болмаған адамның  денесі мен көңілі таза болмайды. Ал көңілі таза болмаған адамның ниеті таза және дұрыс болмайды.”

 

Хазреті Убәйдуллаһ Ахрар былай деген:

“Тіл – жүректің айнасы. Көңіл де рухтың айнасы. Рух – адамның ақиқатының айнасы. Адамның ақиқаты да Хақ та’аланың айнасы. Білінбейтін ақиқаттар білінбейтін заттан шығып, осы ұзақ жолдардан өтіп тілге келеді. Сөз халіне еніп, ақиқаттарға сай жаратылысты болған адамдардың құлақтарына келеді.”

 

Ахыретте барлық істерден сұражауапқа тартыламыз және әрбір адам айтқан сөздерінің, істеген істерінің есебін береді. Аллаһу та’аланың дініне және құлдарына қызмет ету –  берумен жүзеге асады, алумен емес. Яғни қызмет етеміз деген адам, адамдардан жинап алуды емес, адамдарға таратуды үйренуі керек. Бұл да көңілдің толық сауығуы яғни Аллаһқа деген махаббаттан басқа нәрселердің ол жүректе мүлдем қалмауы арқылы іске аспақ. Көңіл таза болса, ниеттер де, сөздер де, істер де таза және әдемі болады. Мұндай адамның тілімен қолынан айналасына тек мейірімділіктермен жақсылықтар тарайды. Көңіл осылай тазармаған лас қалпында қалған болса, бұл адамның ахыретте есебі де өте ауыр болады.