18 Желтоқсан 2017   


  Негізгі бөлім / Құрбандық / Аталған малдың еті

Аталған малдың еті

Сұрақ: Атап сойылған малдың етін кімдерге жеуге болады?

Жауап: Атаған адам кедей болса да, бай болса да атаған малының етінен өзі жей алмайды және әке-шешесі, ата-әжесі, баласы, немересі, күйеуі немесе әйелі кедей болса да жей алмайды. Өзі жесе немесе жоғарыда аталған адамдарға жегізсе, желінген еттің құнын кедейлерге садақа етіп береді, жаңадан мал союы керек емес. Бұлардан өзге туыстарынан зекет алуы жаиз болған (яғни кедей үкімінде болған) үлкен-кіші әркім жей алады. (Бұларға тарата алады) Аға-іні, әпке-қарындас, қайын ата-ене, келін, өгей әке, өгей шеше, өгей бала, сүт ана, сүт әке және сүт бауыр да жей алады. Бұлардың ішінен бай болғандар жей алмайды. Жейтін болса атаған адам бұлардың жегенінің құнын кедейлерге береді. (Хиндийа)

Туыстардан болмаған басқа кедейлерге де жегізуге немесе таратуға  болады.