18 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Сахих болу және қабыл болу деген не?

Сахих болу және қабыл болу деген не?

Сұрақ: «Сахих болу» мен «қабыл болу» екеуінің мағынасы бірдей ме?

Жауап: Сахих болған бір ғибадат қабыл болмауы мүмкін. Мысалы, ұрлаған костюмімен оқыған адамның намазы сахих болады, яғни намаз қарызынан құтылады, бірақ сауабы кем болады. Барлық күнәлар да осылай. Мысалы, ораза ұстаған адам аузын арақпен ашса, оразасы сахих болады. Бірақ, оразадан пайда болатын үлкен сауаптардың барлығына қауыша алмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Харам киім кигендердің намазы қабыл болмайды.» (Бәззар)

«Он дирхамдық киімнің бір дирхамы харам болса, ол киіммен оқылған намаз қабыл болмайды.» (И. Ахмед)

«Харам жилбабпен (көйлекпен) оқылған намаз қабыл болмайды.» (Бәззар)

«Бір жұтым харам жеген адамның қырық күндік жақсы амалы қабыл болмайды.» (Табарани, Дәйләми)

«Арақ ішкен адамның қырық күн намазы қабыл болмайды.» (Хаким, И. Нәжжар)

«Зекет бермеген адамның намазы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Аманатқа қиянат еткен адамның намазы да, зекеті де қабыл болмайды.» (Бәззар)

«Хақты қабыл етуде қырсықтық танытқан адамның парызы да, нәпілі де қабыл болмайды.» (Хаким)

«Өзін қаламаған жамағатқа имам болған адамның намазы қабыл болмайды.» (Бәйһақи)

«Шашын түйенің өркешіндей етіп (түйіп) алған әйелдің намазы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Қашып кеткен құлдың, қожайынына қайтып келгенге дейінгі намазы қабыл болмайды.» (Мүслим)

«Парыз намазынан қарызы бар адамның нәпіл намазы қабыл болмайды.» (Дүррәтүл-фахирә, футухул-ғайб)

«Бала-шағасының ақысын орындамаған адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршидун-ниса)

«Қызын пасықпен үйлендірген адамның парызы да, нәпілі де қабыл болмайды.» (Шира)

 

Мұндағы «қабыл болмайды» деген сөздер, әһли сүннет ақидасындағы мұсылмандар үшін айтылған және сахих болмайды, босқа кетеді деген мағынада емес. Сахих және ықыласпен орындалған барлық ғибадаттың сауабы болады. Бірақ, күнәлары бұл сауаптарды азайтады, күнә көп болса сауаптың барлығын жоюы мүмкін.

 

Бидғатшылардың ғибадаттары сахих болса да, қабыл болмайды. Яғни, “неге намаз оқымадың, неге ораза тұтпадың” деп сұралмайды. Тек, ғибадаттарына және жақсы амалдарына сауап ала алмайды. Хадис шәрифтерде былай келген:

«Аллаһу та'ала бидғатшының дұғасын да, зекетін де, қажылығын да, намазын да, садақасын да қабыл етпейді, майдан қылдың оңай шыққаны секілді діннен шығып кетеді.» (Дәйләми)

«Бидғатшы бидғатын Аллаһ разылығы үшін тәрк етпегенше ешқандай амалы қабыл болмайды.» (Ибни Нәжжар)

«Сахабаларымның біріне жаман сөз айтқан адамның парызы да, нәпілі де қабыл болмайды» (Табарани)

«Сахабаларыма тіл тигізілсе, дұрысты білетін адам мұны барлығына білдірсін, күші жете тұра дұрысты білдірмеген ғалымның ешбір ғибадаты қабыл болмайды.» (Әбу Нуайм)