24 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Құран Кәрим / Дін қайдан үйреніледі?

Дін қайдан үйреніледі?

Сұрақ: Ислам дініне және Құран кәрімге мойынсұну үшін және дінімізді үйрену үшін Құран кәрімнің аудармасын, тәфсирін оқу керек пе?

Жауап: Ислам дініне, Құран кәрімге мойынсұну үшін және дінді дұрыс үйрену үшін Құран кәрімнің аудармасын, тәфсирін емес, тек төрт хақ мазһабтың біріне мұйынсұну және бұл мазһабқа тән үкімдерді үйрену керек. Адам Құран кәрімнің тәфсирінен түсінгені бойынша әрекет ететін болса исламға мойынсұнған болмайды, керісінше өз ой-пікіріне, қиялына мойынсұнған болады. Құран кәрімдегі үкімдердің барлығын сүйікті пайғамбарымыз дұрыстап ашықтап берген. Расулуллаһқа мойынсұну парыз. Құран кәрімде былай делінген:

«Оларға айт "Аллаһты жақсы көрсеңдер маған бағыныңдар!"» (Али Имран 31)

«Оған бағыныңдар, сонда дұрыс жолды табасыңдар.» (Араф 158)

«Пайғамбарға мойынсұнған адам Аллаһқа мойынсұнған болады» (Ниса 80)

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Аллаһу та’ала Құран кәрімде Мұхаммед алейһиссаламға мойынсұнудың, өзіне мойынсұнушылық екендігін білдіруде. Олай болса Оның расулына мойынсұнылмайынша Оған бағынылған болмайды. Аллаһу та’ала мұның өте нақты және қуатты екенін білдіру үшін «Сөзсіз, шүбәсіз осылай» деп, дұрыс түсінбеген адамдардың бұл екі мойынсұнушылықты бір-бірінен бөлек деп  қарауларына тосқауыл қойған. Аллаһу та’ала Құран кәрімде «Кәпірлер Аллаһу та’аланың әмірлері мен пайғамбарларының әмірлерін бір-бірінен ажыратқысы келеді. Бір бөлігіне сенеміз, бір бөлігіне сенбейміз деп айтады. Иман мен күпір арасында бір жол ашқылары келеді. Олардың барлығы кәпір. Кәпірлердің барлығына жаһаннам азабын, өте ащы (ауыр) азаптарды дайындадық.» (152 Мәктуб)

 

Хадис шәрифтердің маңыздылығы

Сүйікті пайғамбарымызға мойынсұнудың маңыздылығы түсінілгенде, Құран кәрімнің ашықтамасы болған хадис шәрифтерге мойынсұну керектігі де түсініледі. Сүннет яғни хадис шәрифтер болмағанда намаздардың қанша рәкат екендігі және қалай оқылатыны, зекеттің өлшемі, оразаның, қажылықтың парыздары және құқық мәселелері білінбес еді. Яғни ешкім бұларды Құран кәрімнен өзі шығара алмас еді. Сол себепті Құран кәрімді түсіну үшін оның ашықтамасы болған хадис шәрифтерге қажеттілік бар. Ал хадис шәрифтерді түсіну үшін ғалымдарға қажеттілік бар. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз исламға, Құран кәрімге мойынсұнғысы келген адамның, бір ғалымға, бір мазһабқа байлануын әмір еткен. «Ғалымдарға мойынсұныңдар!» деп бұйырған. (Дәйләми)

Аллаһу та’ала да ғалымдарға мойынсұнуды әмір етуде, «Ғалымдардан сұраңдар» және «Пайғамбардың әмірлерін орындаңдар, тыйымдарынан сақтаныңдар!» деген. (Нахл 43, Хашр 7)

Ахмед Тахтауи хазреттері «Құран кәрімдегі «Аллаһтың жібіне жармасыңдар» деген әмірі, «Фиқһ ғұламаларының білдіргендеріне мойынсұныңдар» дегенді білдіреді» деп айтқан. (Дурр-ул-Мухтар хашийасы)

Өзінің ауруын және көңіліндегі (жүрегіндегі) аурудың емін білмейтін жаһил адамдардың хадис шәрифтерден өзіне қатыстыларын таңдап алуы мүмкін еместей. Ислам ғалымдары көңілдердің, рухтардың маманы болғандықтан әркімнің денесіне керекті рух дәрілерін хадис шәрифтерден таңдап алып білдірген. Сүйікті пайғамбарымыз дүние атты дәріханаға жүзмыңдаған дәрі дайындаған бас дәрігер болса, әулие, ғұламалар бұл дайын дәрілерді науқастардың ауруның деңгейіне, дәрежесіне қарап дәрі тарататын көмекші дәрегер іспеттес.

Ауруымызды білмей, дәрілерді танымағынымыз үшін жүзмыңдаған хадис шәрифтердің арасынан өзімізге дәрі іздеуге ұрынатын болсақ аллергия, кері әсері пайда болып, сауатсыздығымыздың жазасын тартып, пайданың орнына зиян көреміз. Сол себепті Ислам ғалымдарына мойынсұнуымыз керек. Ғалымдарға мойынсұну, төрт мазһабтың біріне мойынсұну дегенді білдіреді. Ғасырлардан бері бүкіл ислам ғалымдары төрт мазһабтың біріне мойынсұнған және мұсылмандардың да мойынсұнуы керектігін білдірген. Бұларға мойынсұнғанда иджма пайда болады. Иджмадан, жамағаттан, көпшіліктен айырылған адам құриды.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Екі адам бір адамнан, үш адам екі адамнан жақсы. Олай болса жамағатпен бірге болыңдар! Аллаһтың разылығы, мейірімділігі, жәрдемі жамағатта болады. Жамағаттан айырылған жаһаннамға түседі.» (Ибн Асакир)

«Үмметімнің ғалымдары ешқашан адасушылықта бірікпейді.» (Ибн Мажә)

Хадис шәрифтерді де сахих немесе сахих еместігін білмей айту сахих болса да күнә болады. Мұндай адамдардың хадис шәриф оқуы жаиз емес. Хадис кітаптарынан хадис нақл ету үшін, хадис ғалымдарынан иджазат алған болу керек. Хадис шәрифте: «Білмейтін сөзін хадис ретінде айтқан адам жаһаннамда азапталады» делінген. Сондықтан ғалым болмаған адамның хадис оқып, түсінгені бойынша амал етуі жаиз болмайды. (Бәриқа)

Құран кәрімді тек Расулуллаһ алейһиссалам түсінген және хадис шәрифтермен ашықтаған. Бұл хадис шәрифтерді де тек сахабалар мен мүжтәһид имамдар түсіне алған. Мұсылмандар да ғасырлар бойы осы ғалымдардың түсінгендеріне мойынсұнған.

Олай болса Құран кәрімнен, хадис шәрифтен және бұлардың аудармаларынан дін үйрену мүмкін емес. Әрбір мұсылман дінін Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарынан,  илмихал (фиқһ, ахлақ) кітаптарынан үйренуі керек!

 

Фиқһ кітаптары тұрғанда...

Сұрақ: Дінімізді қандай тәфсир және қандай хадис кітабынан үйренген оңай?

Жауап: Ең құнды тәфсир – “Бәйдауи” тәфсирі. Ең құнды хадис кітаптары – “Кутуби ситтә” деп аталатын мәшһүр алты хадис жинағы. Алайда біз сияқтылардың бұл кітаптардан дін үйренуі мүмкін емес.

Мұхаммед Хадими Хазреттері былай дейді:

Тәфсир – Аллаһу та’аланың кәламынан (сөзінен) айтпақшы болған мақсатын түсіну деген сөз. Әркімнің өз көзқарасымен тәфсирлеуі жаиз емес. Хадис шәрифте: «Құран кәрімді өз көзқарасымен (өз түсінігі бойынша)ашықтаған (мағына берген) адам дұрыс болса да қателескен болады» делінген. Хадистерді де хадис кітаптарынан емес, ислам ғұламаларының фиқһ, ахлақ кітаптарынан нақыл етіп, айту немесе жазу керек.(Бәриқа)

Хазреті Имам Шарани былай деген:

Құран кәрім хадис шәрифтермен ашықталады. Хадис шәрифтерді мазһаб имамдары ашықтады (ашып, түсіндірді). Басқа ғалымдар мазһаб имамдарының сөздерін ашықтады. Намаздың қанша рәкат болатыны, руку және сәжделерде оқылатын тәсбихтері, айт және жаназа намаздарының қалай оқылатыны, зекеттің мөлшері, оразаның және қажылықтың парыздарын пайғамбарымыздың ашықтауларынсыз бұларды тікелей Құран кәрімнен түсіну мүмкін емес.

Хазреті Имран бин Хусаин «Бізге тек Құраннан айт!» деген адамға «Ей ақымақ Құран кәрімнен барлық нәрсені түсіну мүмкін бе? Мәселен намаздың қанша рәкат екенін таба аласың ба?» деген. Хазреті Омардан да бір кісі «Парыздар сапарда қанша рәкат қылып оқылады? Құраннан таба алмадық» деп сұрайды. Хазреті Омар «Аллаһу та’ала бізге Мұхаммед алейһиссаламды жіберді. Біз Құран кәрімнен таба алмағандарымызды расулуллаһтан көргеніміздей қылып орындаймыз. Ол сапарда төрт рәкаттық парыздарды екі рәкат қылып оқитын еді. Біз де солай оқимыз» деді. (Мизан-ул-кубра)

Хазреті Абдулғани Наблуси былай деген:

Ислам ғұламалары фиқһ ілімдерін, үкімдерін аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден шығарған. Сондықтан бұлар тек фиқһ кітаптарынан және фиқһ ғалымдарынан үйреніледі. Фиқһ кітаптары бола тұра дін білімдерін тәфсирлерден үйренуге тырысу нәпіл ғибадат болады. Парыз айн (әр адамның мойнына тікелей парыз) болған фиқһ кітаптарын оқудың орнына нәпіл болған тәфсирді оқу жаиз емес. Онсыз да мүжтәһид болмаған адамдардың тәфсирден фиқһ білімін үйрене алуы мүмкін емес.

Жаһаннамға кететіні білдірілген жетпіс екі топтың ғалымдары тәфсирлерден қате мағыналар шығарғандары үшін адасты. Ғалымдардың өзі адасқан кезде, ғалым болмағандардың тәфсир оқуы пәлекет болады. Тәфсир кітаптарын түсіне алу үшін дініміздің сексен қосымша ілімдерімен бірге жиырма негізгі ілімдерді білу керек.

Құран кәрімнің шынайы мағынасын үйренуді қалаған адам ислам ғұламаларының кәлам, фиқһ және ахлақ кітаптарын оқуы керек. (Хадиқа)

“Нахл” сүресінің 44-аятында: «Адамдарға ашықтап түсіндіресің деп Құранды саған түсірдік.»делінген. Түсіндіру – аяти кәрималарды басқа сөздермен және басқа көріністе ашықтау дегенді білдіреді. Қарапайым халық былай тұрсын, Құран кәрімді егер үмметінің ғұламалары толық түсіне алғанда және мағынасы жабық (астарлы мағыналы) аяттарды ашықтай алғандарында Аллаһу та’ала пайғамбарымызға“саған уахи жолымен жіберілгендерді адамдарға жеткіз” дер еді, ашықтап түсіндіруін әмір етпес еді.

Расулуллаһ Құран кәрімде қысқаша түрде білдірілгендерді ашықтап түсіндірмегенде және мазһаб имамдары да астарлы түрде білдірілгендерді ашықтап түсіндірмегенде бұларды ешқайсысымыз түсене алмайтын едік. Өте кәміл, жетік ғұлама болған мазһаб имамдары хадис шәрифтерді ашықтаған. Бұл ғалымдар Расулуллаһтың мұрагерлері.

Расулуллаһтың білдіргендерінің хикметтерін, дәлелдерін түсінбесек те, барлығына иман етуіміз және тасдиқ етуіміз (қабылдауымыз, растауымыз) керек болғанындай, мазһаб имамдарымыздың білдірген үкімдерінің дәлелдерін түсінбесек те, барлығына иман етуіміз және тасдиқ етуіміз (қабылдауымыз, растауымыз) керек.

Барлық пайғамбарлардың діндерінде амалға қатысты  мәселеде бір-бірлеріне қайшы үкімдер болса да, барлығына иман ету және тасдиқ етуіміз керек. Мазһабтар да осылай.

Мүжтәһид болмаған адам мазһабтар арасында айырмашылықтардың бар екендігін көрсе де, барлығына иман келтіруі және тасдиқ етуі керек. Мүжтәһид болмаған адамның бір мазһабты қате деп көруі ол мазһабтың дұрыс емес екендігін көрсетпейді. Керісінше ол адамның өзінің дұрыс емес екендігін, ақылының нұқсан екендігін көрсетеді. (Мизан-ул-кубра)