22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иманмен жан тапсырсаң болғаны

Иманмен жан тапсырсаң болғаны

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Шынайы мейрам – ана дүниеге иманмен кету, соңғы демде Аллаһ дей алу. Бүкіл ғалымдардың, әулиелердің, бүкіл ғибадаттардың, бүкіл кітаптардың, бүкіл құлшылықтардың, ақылға не келетін болса бәрінің бір ғана мақсаты бар. Ол – құлдың мұсылман болуы, яғни иман келтіруі, иманмен өмір сүріп иманмен жан тапсыруы. Пайғамбарымыз: «Иманмен жан тапсыр, қалғанына араласпа» деген. Яғни иманмен өлген адам, біраз қиыншылықтар тартса да, соңында жаннатқа кіреді. Егер кешірім мен шапағатқа қауышатын болса, қиыншылықсыз да жаннатқа кіреді.

Раббымыздың мейірімі өте үлкен. Сексен жыл бойы шіркеуде поп болған, Исламды құлатуға тырысқан адамды да, бір калимаи шаһадат айтуымен кешіреді. Тек мұсылман болып иманмен жан тапсырса болды! Құран кәрімде: «Ей күнәсі көп болғандар, Аллаһтың рахметінен үміттеріңді үзбеңдер! Аллаһ бүкіл күнәларды кешіреді. Ол шексіз мағфирет (кешірім) және мейірім иесі» делінген.

Пайғамбарымыз бір соғысқа барады және жеңіске жетеді. Асхаби кираммен бірге сол күні демалып, соғыс туралы сөйлесіп отырады. Кенеттен, тұтқындардың арасынан бір әйел жан-жағына бір-екі рет алаңдап алып, сол жерде жаялық ішінде жатқан бір сәбиді қолына алып бауырына басады. Яғни өлімді ұмытады, тұтқындығын ұмытады, бәрін ұмытады. Қуанғанынан есінен алжығандай болады. Сәбиді тапқаннан кейін бір ағаштың артына барып емізеді. Сол жердегі бүкіл Асхаби кирам ол әйелдің қарбаласына қарап отырған кезде, пайғамбарымыз Асхаби кирамға былай дейді:

– Әйелдің жағдайын көрдіңдер. Нәрестесін тапқан кезде тұтқындығы да, өлімі де есінен шықты...

– Иә солай, йа Расулуллаһ!

– Онда мен сендерден сұрайын, бұл әйел бір жоғалтып тапқан бұл сәбиін өз қолымен отқа тастай ма?

– Әрине тастамайды.

– Аллаһ та тастамайды! Ананың мейірімі, Аллаһу та’аланың мейірім өзенінің тек бір бөлшегі ғана.

 

Бір шәкірт те ұстазына былай дейді:

– Ұстазым, ахыретте менің жағдайым не болмақ? Ертең мен ол жерде қалай есеп беремін?

– Алдымен сенен бір нәрсе сұраймын, ахыретте сенің есебіңді кім алғанын қалайсың? Анаң ба, әкең бе, әлде Аллаһу та’ала ма?

– Ұстазым, қаншалықты жаман адам болсам да, анам мені отқа тастай алмайды. Әкем де еш қия алмайды.

– Онда еш қорықпа! Әрине есепті Раббымыз алады, бірақ бұлардың барлығының саған деген мейірімі Аллаһу та’аланың мейірімділік теңізінің бір тамшысы ғана. Ананың мейірімі Аллаһу та’аланың мейірімінің бір түйірі ғана. Әкенікі де сондай...