1 - Зүл-қада, 1445 жыл.
     9 - Мамыр, 2024 жыл.   


Мүжтәhид

Ижтиhад дәрежесіне яғни Құран кәрім, хадис шәриф және басқа да діни дәлелдерден (Құран кәрім, хадис шәриф, иджма, қиястардан) үкім шығара алу дәрежесіне жеткен ұлы дін ғұламасы. Бүкіл ислам ілімдерінде және өз заманының жаратылыстану (дүниелік) ғылымдарында өте білімді ғалым.

«Ижтиhадында қателескен мүжтәhидке бір сауап, қателеспей дұрыс тапқанға екі немесе он сауап беріледі. Екі сауаптың біріншісі ижтиhад ету (Құран кәрім және хадис шәрифтерден үкім шығару) сауабы, екіншісі дұрыс тапқаны үшін берілетін сауап. (Хадис шәриф – Хадиқа)

Ижтиhад ету дәрежесіне жеткен ғалымдар өздерінің ижтиhадтары (Құран кәрім және хадис шәрифтерден шығарған үкімдері) бойынша амал етулері қажет. Басқа мүжтәhидтердің ижтиhадтарына амал етулері жаиз емес. Ижтиhад ету – ғибадат, яғни Аллаhу та’аланың әмірі болғаны үшін ешбір мүжтәһид басқа мүжтәһидтің ижтиһадына қате деп айтқан емес. (Ибн Нужәйм)