26 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер / Абәсә сүресі

Абәсә сүресі

Құран кәрімнің сексенінші сүресі. Мекке-и мукаррамада түсті. Қырық екі аяти кәримадан тұрады. Бірінші аяти кәримадағы бет бұрды, ілтипат етпеді деген мағынадағы “Абәсә” сөзі сүреге есім болып қалды. Сүреде Құран кәрімнің Аллаһу та’ала тарапынан жіберілген үгіт-насихат екендігі білдірілуде. Хақ та’аланың құдіретіне, ұлылығына дәлелдер келтірілуде, қиямет күнінің аласапыраны, ол күнгі жақсылармен жамандардың халдері және т.б. жайттар түсіндірілуде.

Абәсә сүресінде былай делінеді:

«Ол күні (қиямет күні) адам бауырынан, анасынан, әкесінен, әйелінен және бала-шағасынан қашады. Ол күн барлығының өзіне жетер ісі болады. (Әркім өз дертімен әлек болады. Басқаны ойламайды.) Ол күн жүздер бар (дүниеде кездегі түнгі ғибадаттарымен немесе алған дәреттері себепті) жалт-жұлт етіп жарқырайды. (Көрген ниғметтері себепті) күлімдеуші, қуанушы. (Бұлар мүминдер) Ол күні жүздер бар, үстілерін шаң-тозаң басқан. Оны бір зұлмет, қараңғылық қаптайды. Міне бұлар кәпірлер, күнәһарлар.» (34, 42-ші аяттар)