23 Сәуір 2017   



Атеист

Аллаһу та’алаға және ахиретке сенбейтін, ешбір дінді қабыл етпейтін, уақыт шексіз және дүниенің басы мен соңы жоқ, осындай болған осындай болып жалғаса береді дейтін, дінсіз адам.

«Жамандықтардың ең жаманы – Аллаһу та’алаға сенбеу (атеист болу)». (Хадис шәриф – Бәриқа)

Атеисттер Аллаһу та’алаға сенбейді. “Барлық нәрсе табиғаттың заңдылығымен бар болуда. Жаратушы жоқ. Уақыт өткен сайын барлық нәрсе өздігінен өзгеруде” дейді. (Сәйид Шәриф Журжани)

Кітаптарында дінмен күрескен және “Діндерді жою – материализмнің, марксизмнің әліппесі” деген Ленин билікке қол жеткізгеннен кейін Ресейде атеисттер одағын құрған. (Садәти Әбәдийа)

Өздерін ақылды, білімді және қателеспейтін адам сияқты санаған дінсіздер үш түрлі болады: 1) Атеисттер. 2) Барлық нәрсені табиғат жасайды дейтін табиғишылар. 3) Грек пәлсапашылары, Сократ пен шәкірті Платон және оның шәкірті Аристотельдің жолында болғандар. (Имам Ғазали)