17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   


Керемет

Сый, үстемдік. Қай пайғамбардың үмметінен болмасын, әулиелерден әдеттен тыс, яғни физика, химия, физиология заңдылықтарынан тыс пайда болған нәрселер, құбылыстар, оқиғалар. Әулиелердің көрсеткен кереметі, бағынышты болған пайғамбарының мұғжизасы болып табылады. Керемет не дүниедегі материалдық нәрселермен немесе илаhи ілім және марифаттармен байланысты болады. Екінші түрдегі кереметтердің мәртебесі жоғарылау болады. (Абдулхаким Аруаси)

Керемет көрсету, әулиеліктің шарты емес. Яғни әулие болу үшін міндетті түрде керемет көрсете алуы қажет емес. Таңғаларлық жағдайлар кейде дінге сай болмаған адамдарда да көрінуі мүмкін. Бұлар истидраж немесе сиқыр жасау жолымен жүзеге асады. Бұларға керемет делінбейді. Өйткені керемет, діннің әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан сақтанған адамдарда пайда болады. Истидраж -  ниғмет сияқты көрінгенмен, негізінде бұл үлкен пәлекет. (Абдулхаким Аруаси)

Бүкіл таңғажайып халдер не өз қалауымен немесе қалауынсыз жүзеге асады. Қаламаған жағдайда керемет көрсеткен әулиелер өте ұялшаң болады және өздерін жасыруға тырысады. Әулиенің қалауы бойынша жүзеге асқан кереметтің дін үшін пайдасы болса, оны көрсетуі жаиз. Дін үшін пайдасы болмаса, әулие адам оны істеуге талпынбайды. (Мухиддин ибнул Араби)