20 - Шәууал, 1445 жыл.
     29 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Қамат (иқамат)

Еркектердің парыз намаздарын оқудан алдын, айтуы сүннет болып табылатын, азанға ұқсайтын сөздердің есімі. Азан айтудан айырмашылығы «хаййә аләл фәлах»тан кейін «қад қамат-ис-саләту» яғни (намаз басталды) деп айтылады.

Имам болу, муәззин болудан және қамат айту азан айтудан абзал. (Ибн Абидин)

Әйелдердің азан мен қамат айтуы мәкрух.

Азан мен қамат намаз уақыты кірмей жатып айтып қойылса, уақыты кіргеннен кейін қайтадан оқылады. (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Қари

Құран кәрімді толығымен жаттаған және оқыған адам.

«Қаншама Құран оқитын қарилер бар, бірақ Құран кәрім оларға лағнет айтады.» (Хадис шәриф – Кәшф-ул-Хафа)

Заманымызда Құран кәрімді тәғанни етіп (нотаға салып, әуенмен) оқыған қарилерді тыңдап; «Әдемі оқыды!» деген адамның иманы кетеді. (Имам Матуриди)

Терминге сілтеме


Қадарийа

Хижри жыл санағы бойынша екінші ғасырда Уәсил бин Ата тарапынан құрылған топ. «Құл өз әрекеттерін өзі жаратады» деп, тағдырды, амалдардың Аллаһу та'аланың қалауымен болатындығын теріске шығарған адасқан ағым. Бұл ағымды Мутазила деп те атайды.

«Қадарийа сенімінде болғандар бұл үмметтің мәжусилері (отқа табынатындары)». (Хадис шәриф – Әбу Йала)

«Қадарийа сенімінде болғандарға сәлем бермеңдер! Ауруларының көңілін сұрап бармаңдар! Жаназасына қатыспаңдар, сөздерін тыңдамаңдар және оларға қатаң жауап беріңдер! Оларды масқара етіңдер!» (Хадис шәриф – Шир’ат ул-Ислам)

Қадарийа ағымының айтқанындай адам қалағанын өзі жаратады деп ойлау, «Барлық нәрсені жарататын Аллаһу та’ала» деген аяти кәримаға сенбеушілік болады. (М. Халид Бағдади)

Табеиннің (Пайғамбарымыздың асхабын көргендердің) ұлыларынан болған Хасан Басридің (рахметуллаһи алейһ) шәкірті болған Уәсил бин Ата, ұстазының дәрістерінен айрылып, қате пікірлерін жариялай бастады. Оның пікірлерін ұстанған Қадарийа ағымының мүшелері, адамның амалдарына ешбір әсері болмағандығын және тағдырға қарсы, жел алдындағы жапыраққа ұқсайтындығын айтып жүрген Жәбрийа ағымына қарсы шығып, адамның өз әрекеттерін басқаратындығын және жарататындығын жариялады. Адам, тағдырына мутлақ (толығымен) әсерлі екендігін қабыл еткендері үшін Қадарийа атын алды. Кейінгі ғасырларда да әртүрлі аттармен жолдарын жалғастырды. (Шәхристани)

Терминге сілтеме


Қыран қажылық

Қажылықпен умраға бірге ниет етіп ихрам киіп, умраның міндеттерін орындағаннан кейін, ихрамын (қажылық киімін) шешпестен сол киіммен қажылық міндетін орындау. Бұл қажылықты орындаған адамға Қарин қажы делінеді.

"Қыран қажылыққа ниет былай болады: «Йа Раббым! Умрамен қажылықты бірге орындауға ниет еттім. Бұларды орындауды маған оңай ет және менен қабыл ет!» "(Саидуддин Ферғани)

"Қыран қажлықтың сауабы ифрад қажылықпен тәмәтту қажылықтың сауабынан көп". (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Қажет намазы

Материалдық немесе рухани қажеттілікке, тілегіне қауышу ниетімен екі немесе ең көбі он екі рәкат етіп оқылатын намаз.

«Аллаһтан немесе адамдардан бір қажеттілігі болған адам, жақсылап дәрет алсын. Кейін екі рәкат қажет намазын оқысын! Кейін Аллаһу та’алаға хамд етсін және пайғамбарына салауат айтсын...» (Хадис шәриф – Тирмизи)

"Тәжнис және басқа кітаптарда, қажет намазының құптаннан кейін төрт рәкат етіп оқылатыны және хадис шәриф бойынша бірінші рәкатта бір Фатиха үш рет Аятәл күрси оқылатыны, қалған үш рәкаттың әр бірінде бір реттен Фатиха, Ихлас, Фәләқ, Нас сүрелері оқылатыны, бұлар орындалса, оқылған намаз Қадір түнінде оқылғандай болатыны айтылған." (Ибн Абидин)

"Ұстаздарымыз «Біз осы қажет намазды оқыдық және қажеттіліктеріміз, тілектеріміз орындалды» деген." (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме