Жұма сұхбаты:
Бұл насихатыммен дүние мен ахиретіңді безендір!
Әһли сүннеттің басшысы Имам Ағзам хазрет бір шәкіртіне (негізінде бәрімізге) мына «алтын насихатын» айтқан:
Балам, сөйлеген кезде дауысыңды көтерме. Ешбір ісіңде асықпа, ұқыптылықпен (асықпай) істе. Асығу шайтаннан... Хадис шәрифте: «Асықпаған, ұқыпты болған адам ұтады, асыққан қателеседі» делінген.
Көп сөйлемеуді, үндемеуді өзіңе әдет қыл. Хадис шәрифте: «Үндемеу – даналық, бірақ үндемейтіндер аз» делінген.
Әр айда бірнеше күн ораза ұста. Хадис шәрифте: «Әр айда үш күн ораза ұстаған адам жылды толықтай ораза ұстағандай болады» делінген.
Нәпсіңді есепке тарт, біліміңді қорға. Осылайша амалыңның екі жаһанда да пайдасын көр. Хадис шәрифте: «Ақылды адам нәпсін есепке тартатын және өлімнен кейін келетіндерге дайындалып амал ететін кісі» делінген...
Сұрап үйренген ғалым:
Ризығы берілмейтін бірде-бір жанды жоқ!
Сұрақ: Адамның ризығы тағдырға ежелден жазылғандықтан, адамға тек әмір етілген себептерге жүгіну ғана қала ма?
Жауап: Хатим Әсам хазрет ұстазы Шақиқ Бәлхи хазреттің бір сұрағына орай мынадай сөз қозғайды:
«Адамдарға қарадым, бәрі ішіп-жеу, ақша табу үшін барын салып тырысып жүр. Сондықтан да харам және күмәнді нәрселерді де алып, қорлауға, кемсітуге шыдап жүр. Бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Аллаһу та'ала тарапынан ризығы жіберілмейтін жер бетінде бірде-бір жанды жоқ». Құран кәрімнің әлбетте дұрыс екенін және сол жандылардың бірі мен екенімді білдім. Ризығымды жіберетініне сөз бергеніне, әлбетте жіберетініне сеніп, Оның әмір еткеніндей еңбектендім.
Әр адамның біреуге немесе бір нәрсеге сеніп жүгінгенін көрдім. Кей адамдар алтындарына, мал-мүлкіне, кей адамдар кәсібі мен табысына, кей адамдар мансап пен абыройына, ал кейбірлері өзі секілді адамға сенеді...


Құран Кәрім
