Имам Ағзамға тіл тигізетіндер!Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа хазретке тіл тигізетіндер кездеседі, оларға не деуге болады? Жауап: Ханафи ғалымдарынан хазреті Ибн Абидин "Рәддул мухтар" кітабында жазған: «Имам Ағзамның ұлылығының дәлелі – қалған мазһаб имамдары оның барлық сөздерін дәлел етіп алуы. Мазһабының ғұламалары оның уақытынан қазіргі уақытқа дейін барлық жерде оның сөздерімен фәтуа берді. Әулиелердің көбі оның мазһабы бойынша кәмілдікке жетті. Анадолы, Балқан мұсылмандары, Үнді, Синд және Мәуереннахр, яғни Түркістан (Орта Азия) тек қана оның мазһабын біледі». Мәжмаул-бихар кітабында жазылған: «Имам Ағзамнан Аллаһу та'аланың разы болғанының белгісі – мазһабының барлық жерге жайылуын оңайлатуы. Бұл істе Аллаһтың сыры болмағанда жер бетіндегі мұсылмандардың көбі оның мазһабында болмайтын еді». Бұл үмбеттің ғалымдарының көбі ханафи мазһабында еді. Имам Раббани хазрет айтқан: «Имам Ағзам Әбу Ханифа Иса алейһиссаламға ұқсайды. Тақуалық ниғметіне кенелгені және сүннет-и сәнияны ұстанғаны үшін насстардан үкім шығаруда және ижтиһад жасауда өте жоғары дәрежеге жеткен. Кейбір ғалымдар оның бұл дәрежесін түсіне алмады. Оның ижтиһадпен тапқандары өте терең және нәзік білімдер болғандықтан, Кітапқа және сүннетке сай емес деп санады. Ол ұлы имамға рәй иесі деді. Оның білімінің ақиқатына жете алмағандықтан, оның түсінгенін түсіне алмағандықтан осылай қателесті. Алайда Имам Шафии хазрет ол түсінген білімнің аз бөлігін сезіп: «Фиқһ ғалымдарының бәрі фиқһ ғылымында Әбу Ханифаның шәкірттері» деді. Мұхаммед Париса хазрет: «Иса алейһиссалам аспаннан түскенде ижтиһад пен амалы Имам Әбу Ханифаның мазһабына сай болады» деді». Мазһабсыздар Әбу Ханифа хазрет туралы айтылған хадис шәрифтерге қатысты Кутуб-и ситтада жоқ дейді. Алайда хадис шәрифтердің саны Кутуб-и ситтада жазылғанымен шектелмеген. Басқа хадис кітаптарында да сахих хадистердің бар екені бір ауыздан айтылған. Кутуби Ситтадан Тирмизиде жазылған Әбу Хурайра хазрет жеткізген хадис шәрифте: «Иман үркер жұлдызына кетіп қалса, парсы халқынан бір адам оны кері қайтарады» делінген. Мұнда Имам Ағзам хазретті меңзелгені анық. Ал Әбу Ханифа хазретке дұшпандық жасау бұл үмбетке дұшпандық саналады. |