Қандай да бір сұрақ пайда болған кезде алдымен сайтымыздағы тиесілі папкалардағы мәліметтерден жауабын
іздеулеріңізді, таппаған жағдайда ғана бізге жазуыңызды өтініп сұраймыз. Бір-біріміздің уақытымызды үнемдейік!
Құрметпен www.islamdini.kz
Ескерту! E-mail адресіңізді дұрыс жазыңыз! Әйтпесе жауап жібере алмаймыз!
Діни сұрақ қоярда мыналарға мән беру керек:
1) Сұраудан бұрын сайтымызда сол тақырыпқа қатысты мәліметтерді оқу керек.
2) Сұрақ қоярда жауапқа қатысы болмаған, қажетсіз мәліметтерді айтып кету дұрыс болмағанындай, өте қысқа жазып, түсініксіз күйде де жібермеу керек. Соднай-ақ, мысалы «Күпірге себеп болған бір әрекет жасалса» демеу керек, не істегенін айту керек, яғни мысалмен сұрау керек.
3) Жауап беру үшін білу қажет болған мәліметтерді міндетті түрде айту керек, мұны сұрауға немесе екінші рет тағы жазып отыруға себеп болмау керек. Әсіресе хайзға қатысты сұрақтарда алдыңғы айда қанша күн хайз болғанын және қанша күн таза жүргенін, алдыңғы айларда 10 күннен артық қан келген болса, ең соңғы 10 күннен аз қанша күн қан келгенін, Малики мазһабын тақлид ететінін немесе тақлид етпейтінін, егер тақлид етсе, ең ұзақ қанша күн хайз көргенін білдіру шарт.
4) Сафарилыққа қатысты сұрақтарда уатан-и аслидің қай жер екенін, бармақшы болған жердің қанша километрде екенін, Малики мазһабын тақлид ететінін немесе тақлид етпейтінін айту керек.
5) «Харам жасайтын адам берген сыйлықты алу, алып келген тамағын жеу жаиз ба?» сияқты сұрақтарды қоярда, харам іс деп нені айтып жатқанын, ол кісінің табыс көзінің тек осы іс пе екенін айту керек. Тағы осы сияқты «Келген харам ақшаны не істеу керек?» деген сұрақтар келеді. Бұл жерде де харам ақша дегенде қай көзқараспен айтқанын білдіру керек. Бәлкім харам деп санаған ақша, негізінде, харам болмауы мүмкін.
6) Намаз уақыттарына қатысты бүкіл тақырыптарда www.kuntizbe.kz және www.namaztimes.kz сайттарында жеткілікті мәлімет бар.
7) Жауап ретінде сілтемемен немесе қосымшада жіберген мәліметтерімізді соңына дейін оқу керек. Жауап сұраққа қарай, яғни сұрақта баяндалғанға қарай беріледі. Сұрақта қателік немесе кемшілік бар болса, жауап та қате болуы мүмкін. Осы көрсетілген шарттарға мән берілетін болса,әрі дұрыс, әрі тезірек жауап алу мүмкін болады.
Есімсіз хаттар
Сұрақ: Есімді, пошта адресін жазбай хат жіберу дұрыс па?
Жауап: Дұрыс емес. Пошта адресін жазбай жіберген оқырмандарға жауап жібере алмаймыз. Жауапты көрсетілген пошта адресіне (логинға) жібереміз.
Телефон арқылы сұрау
Сұрақ: Діни сұрақтарды хатпен жібергеннен гөрі телефон арқылы сұрап, тезірек жауап алуымыз дұрысырақ болмайды ма?
Жауап: Хат арқылы кеңірек, ауқымдырақ мәлімет жіберуге мүмкіндік бар. Қажеттілікке қарай ұзын жазбаларды да жіберуге болады, сілтемелер беруге болады. Алайда бұлардың бәрін телефон арқылы атқару мүмкін емес. Телефон соққанда қажеттіліксіз ұзақ сөйлеп, көбірек уақыт жоғалтуға себеп болуы да мүмкін. Пошта арқылы хат жіберіп сұрауға мүмкіндігі бар болғандар телефон арқылы сұрамағаны жақсы.
Жауап келмеген сұрақтар
Сұрақ: Пошта арқылы сұралған кейбір сұрақтарға жауап келмейді немесе жауап тек ертеңіне келеді. Мұның себебі не?
Жауап: Бізге жеткен хаттарға ретімен екі күннің ішінде жауап береміз. Пошталар бізге жетпеген болуы мүмкін немесе біздің жауабымыз оқырманға жетпей қалған болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, яғни екі күннен астам уақыт өткеннен кейін жауап келмеген болса, қайтадан хат жіберіп, жеткен-жетпегенін сұрауға болады. Бірақ бірнеше сағатқа кешікті деп қайта-қайта жіберу, қабаттастыру дұрыс болмайды. Күніне көптеген хаттарға жауап беретінімізді де ойлау керек. Кейбір оқырмандар жедел деп жазып сұрайды, бірақ ешқандай асығыстығы болмайды. Бұл да дұрыс емес. Шынымен де жедел болған сұрақтардың кешігуіне себеп болған адам мұның жауапкершілігін мойнына алған болады.