Бидғатшыларды жамандау ғайбат болмайды
Сұрақ: Кейбір бидғатшы адамдардың адасқандығын айтқан кезде «Өлгендердің жамандығын айтуға болмайды. Сонымен қатар ғайбат та болады» делінеді. Бірақ бұл бидғатшылардың өздері хазреті Омардан бастап Асхаби кирамның көбін жамандайды.Асхаби кирам біздің құрметтілеріміз емес пе, оларды жамандау ғайбат емес пе? Жауап: Бидғатшыларды жамандау ғайбат болмайды. Ғайбат – бір адамның жасырын кемшілігін өзі жоқта артынан айту. Кәпірлердің, бидғатшылардың, ашық түрде күнә істейтіндердің сол күнәларын, зұлымдық ететіндердің, сауда-саттықта айла, қулық жасайтындардың бұл жамандықтарын мұсылмандарға естіртіп, бұлардың зиянынан сақтануына себеп болу және мұсылмандықты қате жеткізетіндердің осы жалаларын айту керек, бұл ғайбат болмайды. (Рәддул Мухтар, 5 том, 263 бет) Асхаби кирамға тіл тигізетіндерді, бұлар өлген болса да, тірі болса да мәлімдеу, білдіру ғайбат болмайды, керісінше діннің әміріне бағыну болады. Хадис шәрифте былай делінген: «Бидғаттар шығып, Асхабым туралы жаман сөздер айтылған кезде дұрысын білген адам бәріне айтсын! Аллаһу та’ала білген (және айтуға шамасы жеткен) болса да дұрысын айтпаған мұндай ғалымды лағнет етеді.» (Дәйләми) Асхаби кирамның барлығы мұсылмандар. Біздің құрметтілеріміз. Ешкімге оларды сынауға болмайды, жаиз емес. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Марқұмдарыңды қайырмен еске алыңдар, жақсылықтарын айтыңдар, жамандықтарын шығармаңдар.» (Тирмизи) «Марқұмдарыңды жамандамаңдар, олар амалдарымен жеке қалған.» (Бұхари) «Хазреті Айша "Лағнеттелген Ибн Қаис не істеп жүр?" деп сұрайды. Жанындағылар "Өлді" деген кезде, хазреті Айша бірден "Әстағфируллаһ" дейді. "Неліктен алдымен лағнеттедің, артынша истиғфар айттың" деп сұрағанда, "Расулуллаһ «Өлгендерді жамандамаңдар» дегені үшін" деп жауап береді.» (Ибн Хиббан)
Сахабаларға тіл тигізу Асхаби кирамның кемшіліктері болса да, біздің құрметтілеріміз болғаны үшін және Аллаһу та’ала олардың кемшіліктерін кешіргені үшін бұларды айту жаиз болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Сахабаларымның есімін естіген кезде үндемеңдер, оларға тән болмаған сөздер айтпаңдар!» (Табарани) «Асхабымның кемшіліктері, қате әрекеттері болады. Аллаһу та’ала оларды маған бағыштайды, кемшіліктерін кешіреді.» (Ибн Асакир) «Сахабаларымның кемшіліктерін айтпаңдар, оларға суып қалуларың мүмкін. Сахабаларымның жақсылықтарын айтып жүріңдер, көңілдерің оларға байлансын!» (Дәйләми) «Асхабымның арасында фитна шығады. Аллаһу та’ала менімен өткізген сұхбаттарының құрметіне сол фитналарға араласқандарды кешіреді және мағфирет етеді. Ал кейіннен келгендер осы фитналарға араласқан сахабаларыма тіл тигізіп жәһаннамға түседі.» (Мүслим) «Аллаһтан қорқыңдар, сахабаларыма тіл тигізбеңдер! Оларды жақсы көргендер мен үшін жақсы көреді. Оларды ұнатпағандар мені жақсы көрмегені үшін ұнатпайды. Оларға қолмен, тілмен жапа шектірген адам Аллаһқа жапа шектірген болады.» (Бұхари) «Асхабым жын мен адамдардың барлығынан үстем.» (Бәззар) Кім екені және қайда қызмет етіп жүргені белгісіз болған кейбір мазһабсыздар тіл тигізіп жүрген хазреті Осман – Аллаһ расулының (пайғамбарының) күйеу баласы болуымен қатар, жәннатпен сүйіншіленген он кісінің бірі. Хадис шәрифте былай делінген: «Осман менен, мен де Османнанмын.» (Табарани) «Жүз қызым болса да, бәрін Османға беретін едім.» (Ибн Асакир) «Періштелер ұялған адамнан (Османнан) мен ұялмаймын ба?» (Бәйһақи) «Османның шапағатымен тозақтық жетпіс мың адам есепке тартылмай жәннатқа кіреді.» (И.Асакир) Тәбук соғысында хазреті Осман өзінің саудадағы мүлкінен үш мың түйе, жетпіс ат, он мың алтын әкелді. Расулуллаһ бұларды әскерге таратқаннан кейін «Бүгіннен бастап Османға күнә жазылмайды» (Бұдан кейін Аллаһ Османды күнә істеуден қорғайды) деді. (Тирмизи) Және былай дұға етті: «Йа Раббым, Османның өткен-келетін, жасырын-ашық, қияметке дейін бүкіл күнәларын кешір!» (Әбу Нуайм) Бір күні хазреті Фатима хазреті Әлидің бір әрекетіне ренжіп қалады. Хазреті Әбу Бәкр мен хазреті Омар (хазреті Әлиді кешіруі үшін) сүйікті пайғамбарымызға өтініп келсе де, пайғамбарымыз үндемеді. Хазреті Осман өтініп келгенде күйеу баласы хазреті Әлиді кешірді. Екі қайынатасының өтінішін қабыл етпей, күйеу баласы хазреті Османның өтінішін неге қабыл еткенін сұраған кезде «Сондай адамның шапағатын (өтінішін, кешірім сұрауын) қабыл еттім, егер жер мен көктің орнын ауыстыр деп дұға етсе, Аллаһу та’ала ауыстырады» деді. (Мәсабиһ)
Бидғатшыларды ғайбаттау Сұрақ: Кейбір адасқандар ескі ғалымдарды мінеп, дінге жаңа нәрселер енгізуде. Мұндай бидғат істегендердің артынан сөйлеу ғайбат болады ма? Жауап: Ғайбат болмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Ашық түрде күнә істейтін фасық адамды, залым басқарушыны және бидғатшыларды ғайбаттау күнә емес.» (Ибн Әбиддүнийа) Бидғатшылардың зиянын айтып, мұсылмандарды осы пәлекеттен қорғауға тырысу – дінге қызмет ету болып табылады. |